Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аорта сағасының стенозы




Гемодинамикалық бұзылыстар:

1. Аорта сағасында қан ағу жолында кедергі пайда болады

2. Аорта сағасының тарылуынан сол қарыншаға күш түсуі

3. Сол қарыншаның дилятациясы

4. Сол жүрекшедегі қан іркілісі

5. Пассивті өкпе гипертензиясы, кіші қан шеңбердегі қан іркілісі

6. Алдымен оң қарыншаға, кейін оң жүрекшеге күш салынуы, осыдан олардың гипертрофиясы, дилятациясы және шамасыздығы

7.Үлкен шеңбердегі қан іркілісі

Клиникалық белгілері:

  • жүрек томпағы, систолалық діріл, жүрек ұшы төмен және солға ығысуы
  • жүрек шекараларының солға және төмен ығысуы
  • оң жақ ІІ қабырғааралықта систолалық шу, аортада ІІ тон әлсіреуі
  • ЭКГ, рентгенографияда сол қарыншаның гипертрофиясы
  • пульстің 60-80аспауы (аортаға қанның баяу, ұзақ айдалуы)

 

Емі: Симптоматикалық ем

Хирургиялық ем

 

Тақырып: Жүрек ишемиялық ауру кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

Жүрек ишемия ауруы – тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануына алып келетін процесс.

Этиологиясы:

95 % жағдайда коронарлық тамырлардың атеросклерозы (органикалық себебі)

4 % жағдайда коронарлы вазоконстрикция (тамырлардың спазмы) (функционалды себебі)

1 % микроэмболиялар

Қауіп қатер факорлары:

1.Әсер ете алмайтын:

· Наукастың жасы

· Науқастың жынысы

· Тұқым қуалаушылық бейімділігі

ЖИА ер адамдарда 50-55жаста жиі кездеседі, әйел адамдарда менопаузадан кейін

2.Әсер ете алатың:

· Семіздік

· Зиянды әдеттер

· Артериалды шипертензия 140/90мм.с.б.жоғары

· Қант диабеті

· Гиподинамия

· Гиперхолестеренемия

Патогенез. ЖИАнегізгі даму механизмі: миокардтың оттегіге сұранысы мен тәж қан ағымымен оттегіні тасымалдау мөлшерінің арасындағы сәйкессіздік.

Патогенетикалық факторлар:

Бірнеше механизмі бар:

Ø Атеросклеротикалық бляшканың қабынуы

Ø Атеросклеротикалық бляшканың эрозиялануы және жарылуы

Ø Коронарлы тамырлардың микроэмболиясы және тромбозы

Ø Коронарлы вазоконстрикция

Стенокардия – миокардтың өтпелі ишемиясынан дамитын клиникалық синдром.

Стенокардияның 2 түрі бар: тұрақты және тұрақсыз.

Тұрақты – күш түскенде болатын, тұрақсыз кез келген кезде пайда болатын.

Тұрақты (күш түскенде пайда болатың) стенокардияның функционалды кластары:

І ФК - шамадан тыс күш түскенде пайда болатың ауырсыну сезімі

ІІ ФК - тегіс жерде 500м артық жүргенде, 1 қабатқа көтерілгенде, желге, салқынға шыққанда, кейде эмоционалды стресстен пайда болатың ауырсыну сезімі

ІІІ ФК -тегіс жерде 500 метрден аз жүргенде, 1 қабатқа көтерілгенде пайда болатың ауырсыну сезімі

IV ФК -өрістеуші – тыныштықта 100 метрден аз жүргенде, шамалы күш түскенде пайда болатың стенокардия

Тұрақсыздың клиникалық варианттары:

1.Тыныштықта және алғашқы рет пайда болған стенокардия (1 айдай ауырсыну пайда болғаннан)

2.Өрістеуші (ауырсыну ұстамалары жиелейді, интенсивтігі күшееді, тыныштықта пайда болады, көмектесетің нитроглицериннің дозасы жоғарлайды)

3.Инфаркттан кейін ерте пайда болған стенокардия (10-14күн ішінде)

4.Принцметала (вазоспастикалық) – ауырсыну ұстамалары жиі түнде пайда болады. Ұстама кезінде ЭКГ ST жоғарылауы пайда болады.

5.Ангиопластикадан кейін 2-6 ай ішінде пайда болған cтенокардия

6.Аорто - коронарлы шунттаудан кейін пайда болған стенокардия

Стенокардияның симптомдары:

Белгілері Мінездемесі
Ауырсынудың / дискомфорттың орналасуы төс артында, жиі жоғарғы бөлігінде, «түйілген жұдырық» белгісі
Иррадиация мойынға,иыққа, қолға, төменгі жақтың сол жағына, эпигастрийге, арқаға. Кейде ауырсынуз тек иррадиация болуы мүмкін.
Түрі жағымсыз белгілер, қысып, ашып, басып
Ұзақтығы жиі 3-5 минут, сирек 10-20минут
Ұстамалылығы басы және аяғы бар, біртіндеп дамиды, тез аяқталады
Себептері физикалық күштемелер, эмоционалдық жағдайлар, салқын ауаға шығу, шылым шегу, көп мөлшерде тамақ қабылдау
Ауырсыну басылады физикалық күштеме тоқтатқанда, тыныштықта, нитроглицерин қабылдағанда
Қосымша белгілері ентігу, әлсіздік, бас айналу, терлеу, ұрей, терінің бозаруы. Пульс жиі немесе сирек болады, АҚ жоғарлайды.

Стенокардияда ауырсыну сезімінің ерекшелігі:

Тұрақты стенокардия кезінде басып, қысып физикалық күш түскенде, төс артында орналасады, сол қолға, иыққа, төменгі жақ астына, мойынның сол жақ бөлігіне иррадиация береді, ұзақтығы 30 минутқа дейін.

Ауырсыну сезімі стереотиптік: тек ауырлықтың бір күші тудырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных