Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тұрақсыз стенокардия кезінде көрсетілетін көмек көлемі миокард инфаркті кезіндегі көмекпен бірдей.




Мақсаты: миокард инфаркттың алдын алуы.

Диагностикасы: ЭКГ - ST сегментінің өзгеруі

Миокард инфаркті – жедел коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықетінің ишемиялық некрозы.

Жіктемесі:

1. Жүрек бұлшықетінің теренділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы

2. Ауру ағымының сипатына байланысты

3. Орналасуына байланысты

4. Ауру сатысына байланысты

5. Асқынуына байланысты

Жүрек бұлшықетінің теренділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы:

Трансмуралды және трансмуралды емес

Трансмуралды миокард инфаркті (Q тісшелі) некроз ошағы жүрек бұлшықетінің субэндо –эпикардиалды миокард қабатының барлық жағынан зақымдалуы

ЭКГ - да R тісшесі не QSкомплексінің пайда болуы. Осыдан трансмуралды миокард инфарктінің синонимі «Q тісшелі» миокард инфаркті

Трансмуралды емес миокард инфаркті (Q тісшесіз) некроз ошақтары тек сол қарыншаның субэндокардиалды немесе интрамуралды бөліктерін зақымдайды және QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді.

Ауру ағымының сипатына байланысты:

ü Біріншілік – анамнезінде және аспаптық тексерулерде миокард инфарктінің белгілері болмаған

ü Қайталамалы-бұрын миокард инфаркті болған туралы құжаттылық мәлімет болса және айқын жаңа некроз ошақтары пайда болса

ü Рецидивті- миокард инфаркті клинико –зертханалық және аспаптық зерттеу белгілерімен, миокард инфаркті дамығаннан кейін мерзімі 72 cағаттан 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтары пайда болуымен сипатталады

 

Ауру сатысына байланысты:

· Қосқағым кезең - миокард инфаркті дамығаннан 2 сағатқа дейін

· Жедел кезең – миокард инфаркті дамығаннан 10 күнге дейін

· Жеделдеу кезең – 10 күннен бастап 4-8 аптаға дейін

· Инфаркттан кейін кезең 4 – 8 аптадан кейін

Асқынулары:

Ø Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

Ø Кардиогенді шок

Ø Ритмнің бұзылуы

Ø Өткізгіштіктің бұзылуы (синусты – атриовентрикулярлы блокада, АВ блокада, Гис шоғырының блокадасы)

Ø Жедел сол қарыншаның аневризмасы

Ø Миокардтың ішкі және сыртқы жыртылуы

Ø Асептикалық перикардит

Ø Тромбоэмболиялар

Жедел миокард инфарктіне тән симптомдар:

o Ангинозды ауыру синдромы

o Инспираторлы ентікпе

o Тері жабындысының түсінің өзгеруі (бозару, цианоз)

o Мұздай жабысқақ тер

o Қозғалмалы мазасыздық

o Өлімнен қорқу

o Полиурия

o Жүрек үндері тынық

o АҚҚ білінбес төмеңдеуі, кейде жоғарылауы немесе гиперкинетикалық криз болуы мүмкін

o Тыныс бұзылуы

Миокард инфарктісінде ауырсыну сезімінің түрі өте интенсивті күйдіріп ауырсыну, локализациясы стенокардиядағыдай, ұзақтығы 30 минуттан жоғары, ол бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.

Ауырсыну әр уақытта өлім қорқынышымен, қозумен қатар жүреді.

Жүрек жетіспеушілік белгілері болады: еңтігу, гипотония.

Ауырсыну нитроглицеринге басылмайды, тек қана наркотикалық анальгетиктер басады (морфин гидрохлориді)

Миокард инфарктісі кезіндегі ерекшеліктер: ауырсыну толқын тәріздес, біресе күшееді, біресе әлсірейді.

Миокард инфаркті кезінде бұлшықет некрозы дамиды, стенокардияда ишемия, бұлшықет зақымданбайды.

Миокард инфарктінің атипиялық түрлері:

1.Астматикалық – жедел сол қарыншалық жетіспеушілік (жөтелу, демікпе), көбінесе егде адамдарда кездеседі

2.Абдоминалды (гастралгиялық) - ауырсыну сезімі эпигастрий аймағында, оң жақ қабырға астында, диспепсиялық белгілер (жүрек айну, жеңілдік әкелмейтін құсу, кекіру, ықылық ату)

Көбінесе жас ер адамдарда кездеседі (миокард инфаркті артқы қабырғада орналасса)

3.Аритмиялық түрі. Әр түрлі бұзылыстар болуы мүмкін, паркоксизмдік бұзылыстардан басталады. Пароксизмдер кенеттен пайда болып, кенеттен басылады.

4. Церебро-васкулярлық түрі –ми қан айналым бұзылыстарындағы белгілер кездеседі: бас ауру, айналу, жүрек айну, құсу.

Көбінесе жасы үлкен және артериалды гипертензияда кездеседі.

5.Перифериялық - ауырсыну сезімсіз, тек иррадиациясы бар.

6. Коллаптоидты- АҚ кенеттен төмеңдеуі, сана сезімі анық

7.Аз симптомды немесе симптомсыз. Объективті: терісі бозару, акроцианоз, гипергидроз.

ЭКГ белгілер:

3 зона белгісін көруге болады:

ü Т тісшесінің теріс болуы немесе Т тісшесінің қос фазалы болуы немесе оның тегістелуі

Т тісшесінің өзгеруі тек қана ишемия туралы айтады

ü ST зақымдалу зонасы. ST жоғары көтерілуі, доға тәрізді

ü Некроз орны –Q патологиялық тісшесінің пайда болуы. Ұзақтығы 0,03 с аспауға,ал тереңдігі 0,03 с жоғары болса патология. Қалыпты жағдайда ол қарыншааралық пердесінің қозуын көрсетеді.

Ұсақ ошақты болса Q тісшелік емес, QRS өзгермейді, ірі ошақтыда Q тісшелік.

 

Т - ишемия зонасы, ST - зақымдану зонасы, Q - некроз зонасы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных