Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Миокард инфарктіндегі алғашқы көмек




Мақсаттары:

1. Ауырсыну сезімін басу (наркотикалық анальгетиктер)

2. Коронарлы қан айналымын қалпына келтіру (тромболитикалық терапия)

3. Жүрек жұмысын азайту және оттегіге қажеттілігін төмендету (нитраттар)

4. Миокард инфарктінің жайылуын тоқтату (нитраттар, бетта адреноблокаторлар, АПФ ингибиторлары)

5. Асқынулардың алдын алуы және оларды емдеу

Шұғыл көмек:

· Науқасты отырғызып физикалық және эмоционалды тыныштық жасау

1.Қысқа әсерлі нитраттар: 0,4 мг изокет спрей 1-2 рет шашу тіл астына, әрбір 5 – 7 минут сайын қайталауға болады (АҚҚ бақылауымен)

2. Антиагрегант: аспирин 375мг шайнап жұту

3. Антикоагулянт: гепарин 5000-10000Б к/т

4. Наркотикалық анальгетик: морфин гидрохлориді 0,1% - 0,5 – 1мл физиологиялық ерітіндіге ерітіп к/т

5. Зембілмен пациентті интенсивті терапия бөлімшесіне жеткізу

 

 

Тақырып: Жедел жүрек жетіспеушілігінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру

Жүрек жетіспеушілігі — бұл жүрек өзінің "насосты" функциясын игере алмауынан туындайтын ауру. Бұл кезде дене мүшелері мен тіндерінің қалыпты жұмыс атқаруы үшін қажетті оттегі мен қоректі заттар қан арқылы толық жеткізілмейді. Осыдан науқастар бұлшық еттерінде әлсіздікді сезінеді. Сонымен қатар, зат алмасу заттарының толық «утилизациялану» мүмкіндігі жойылып, өкпеде, іште және аяқтарда сұйықтықтар жиналады.

Жүрек жетіспеушілігі көбіне жүрек бұлшық етін зақымдайтын немесе оған қосымша күш түсіретін аурулардың асқынуы ретінде дамиды.

Себептері: жүректің ишемиялық аурулары, артериалды гипертензия, жүректің қабыну аурулары (миокардиттер).

Жүрек жетіспеушілігі барлық жаста дамуы мүмкін, әсіресе қарт адамдарда көбірек кездеседі. 65 жасқа дейін адамдардың шамамен 1% жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанады, әрі қарай оның таралуы ұлғая түседі. Жүрек жетіспеушілігі — 65 жастан асқан науқастарды ауруханаға жатқызудың ең жиі себебі болып табылады.

Патогенезі: Жүрек жетіспеушілігі кезінде жүректің ағзаға қан айдауында қиындықтар туады. Бұл көптеген себептерден болуы мүмкін. Көбінесе жетіспеушілікке жүрек бұлшық еттерінің зақымдануы алып келеді (мысалы, ишемиялық аурулар немесе миокард инфарктінен) кейде артериялық қысымның жоғарылауынан жүрекке шектен тыс күш түскен кезде де дамиды. Зақымдану мен шектен тыс күштің түсуі жүректің жиырылуына, қанға толуына (босаңсуына) немесе осы екеуіне бірдей кері әсерін тигізеді.

Егер жүрек дұрыс жиырылмаса, ол қанды қажетті көлемінде айдап шығара алмайды. Егер жүрек қан көлемінен толық босай алмай, босаңсыса, келесі жолы оған аз мөлшерде ғана қан құйылады. Осыған сәйкес, әрине қан жеткіліксіз көлемде айдалып шығарылады.

Жүрек жетіспеушілігінің негізгі екі салдарына келетін болсақ: біріншіден, ағза қажетті көлемде қанмен қамтамасыз етілмейді де, жалпы әлсіздік пайда болады; екіншіден, қан жүрекке кіре берісінде жиналып қалады да, қантамырларындағы сұйықтық айналадағы тіндерге «аға» бастайды. Ал сұйықтық көбіне аяқтарда және құрсақ қуысында жиналады, сонымен қатар өкпеде іркіліп қалады.

Бастапқыда ағза бейімделеді және мүшелер мен тіндерге қажет қан көлемін ұстап тұру үшін, жүректің әлсіз қызметін компенсациялауға тырысады. Бірақ компенсаторлы механизмдер шектеулі уақыт аралығында ғана әсер ете алады

Жүректің компенсаторлы механизмдері:

· қанды көбірек айдау үшін, жүректің жиырылу жиілігінің артуы (тахикардия)

· ұстап қалатын және айдайтын қан көлемін арттыру үшін, жүрек камералары көлемінің үлкеюі (дилатация);

· жүрек қаттырақ жиырылу үшін, жүрек бұлшықеттерінің қалыңдауы мен тығыздалуы (гипертрофия).

Ағза өз кезегінде айналымдағы сұйықтық көлемін арттырып, қанды бұлшық еттерден миға және басқа өмірлік маңызды мүшелерге қарай айдауға тырысады.Ағзаның жүрек жетіспеушілігін ұзақ уақыт компенсациялау мүмкіндігі болғанымен, оның келтіретін пайдасынан гөрі, зияндығы көбірек. Өйткені бұл өзгерістер жүрекке қатты және одан да қаттырақ күш түсіріп, өзі сау емес мүшені одан әрі әлсерете түседі.

Жіктелуі:

екі түрі: — созылмалы және жіті.

Жүректің созылмалы жетіспеушілігі жиірек кездеседі, оның симптомдары баяу дамиды, ауырлығы бірте-бірте арта түседі.

 

 

Клиникалық белгілері:

Жүрек жетіспеушілігінің бастапқы кезеңдерінде симптомдар анықтала бермейді, ал уақыт өте жүрек жетіспеушілігі өршіген сайын, симптомдар анықталып, ауырлана түседі.

Жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдары сұйықтықтың жиналуы мен іркілуінен пайда болады. Бұл бөлім жүрек жетіспеушілігінің симптомдарын айқындап көрсетуге және оның көріністерін жеңілдетуге арналған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных