Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Митральді қақпақтың шамасыздығы.




Гемодинамикалық бұзылыстар:

1. Қанның кері оралуынан сол жүрекшенің сиымдылығы ұлғаяды, сондықтан сол қарыншаға айдалған қанның көлемі де ұлғаяды. Осыдан сол жүрекше мен қарыншаға көлемдің көш түседі.

2. Көлемдік күш түсуден сол жүрекше мен сол қарынша гипертрофияланады. Гипертрофияланған сол қарыншаның систолалық айдау көлемі ұлғаяды. Айдау көлемінің ұлғаюынан және сол қарыншаның қуаттылығынан, ақау ұзақ компенсация күйінде сақталады.

3. Жүре бара сол қарыншаның насостық функциясының әлсіреуінен сол жүрекшеде қан іркіледі, ондағы қысым биіктейді. Осыдан кіші шеңберде қан іркіледі.

4. Cол жүрекшедегі қан қысымының биіктеуінен пассивті өкпе гипертензиясы дамиды.

5. Өкпе гипертензиясынан оң қарыншаға күш түсуі оның гиперфункциясы мен гипертрофиясына әкеледі.

6.Оң қарынша шамасыздығы және үлкен шеңберде қан іркілісі дамиды.

Клиникалық белгілері:

  • горизонталды қалыпта күшейетің ентікпе мен құрғақ жөтел, қан қақыру, өкпенің төменгі аймақтарында ылғалды сырылдар
  • акроцианоз, мойын веналарының ісінуі
  • жүрек түрткісі мен томпағының пайда болуы, солға және төмен ығысуы,ІІ қабырғааралықта пульсация
  • гепатомегалия, ісінулер
  • жүрек ұшында систолалық діріл
  • сол жүрекшенің және қарыншаның гипертрофиясы
  • жүрек ұшында І тонның әлсіреуі, систолалық шу, үшінші нүктеде ІІ тонның акценті
  • ЭКГ, ЭхоКГ: жүректің сол бөліктерінің гипертрофиясы
  • рентгенография: жүректің митральді пішіні, белінің жойылуы

Митральді стеноз.

Гемодинамикалық бұзылыстар:

1. Сол атриовентрикулярлық тесіктің тарылуынан сол жүрекшеге кедергілік күш салынуы

2. Cол жүрекшенің гипертрофиялануы, кеңуі, ал оның компенсациялану мүмкіндігі жойылғанда жүрекшеіші қысымның биіктеуі

3. Пассивті өкпе гипертензиясы

4. Өкпе гипертензиясынан оң қарыншаға кедергілік күш түсіп, оның гипертрофиялануы, дилятациясы

5. Оң қарынша шамасыздығы, қанның үлкен шеңбердегі іркілісі

Клиникалық белгілері:

· ентігу, қан қақыру, өкпеден қан кету

· жүрек томпағы, жүрек ұшындағы диастолалық діріл

· жүрек ұшында сартылды І тон, өкпе артериясында ІІ тон акценті

· жүрек енінің ұлғаюы (оң қарынша мен оң жүрекшенің кеңуінен)

· гепатомегалия, ісіктер, асцит

· ЭКГ, ретгенографияда оң қарыншаның гипертрофиясы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных