Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік оқытудың сабақтан тыс формалары.




Өндірістік оқыту процесі негізінде оқу шеберханалары мен өнеркәсіптің оқу учаскелері, цехтарында жүргізіледі де, шебер барлық топтармен бір мезгілде жұмыс атқарады. Мұнда сабақтан тыс өндірістік оқытудың мына түрлері жүзеге асырылады:

v Оқушыларды оқу бригадалары құрамында жасақтап оқыту;

v Оқушыларды білікті жұмысшылар бригадасы құрамында жасақтап оқыту,

v Білікті жұмысшыларға оқушыларды жекелеп, даралап бекіту,

v Өндірістік экскурсия,

v Үй тапсырмасын орындау.

Өндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары.

Мұнда мәселенің басын ашып айтатын 2 нәрсе бар: өндірістік оқытудың оқу процесі екендігі және оқу-өндірістік қызметті атқаруда шебердің оқыту әдістері мен тәсілдері мен оқушылар ұжымына оқу-өндірістік қызметті ұйымдастыру тәсілдері екендігі.

Енді өндірістік оқытуды ұйымдастырудың мына негізгі формаларына тоқталайық:

Топтық –фронтальды - шебер бір мезгілде барлық оқушылармен жұмыс істейді, барлық топтарда сабақ мақсаты бірдей.

Бригадалық оқыту түрі - шебер не білікті жұмысшы бір мезгілде жекелеген оқушылар бригадасымен жұмыс істейді, әрбір бригада өз алдына ерекшелігі бар оқу-өндірістік мақсат қояды

Даралап оқыту -әрбір оқу оқушымен жеке жүргізіледі.

Өндірістік оқыту формалары мен оны ұйымдастыру формаларының өзара үйлесімділігін мына кестедегі талдаудан байқауға болады:

 

Өндірістік оқытудың формалары Өндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары
Фронтальды топтық Бригадалық Жеке
Сабақ түрінде + + +
Оқушылар бригадасы құрамында   + +
Білікті жұмысшылар бригадасы құрамында   + +
Жеке даралап бекіту       +
Топтық өндірістік экскурсия + +    
Үй тапсырмасы     + +

 

Қорыта келе, білікті жұмысшыларды дайындауда кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік оқытудың негізгі формасы – сабақ болып қала береді.

Бақылау мен бекіту сұрақтары:

  1. Оқу процесінің сабақ түріне қойылатын негізгі талаптар қайсы?
  2. Өндірістік оқыту сабақтарының типтік құрылымы қандай?

Мына құрылым элементтері әрқашан сақтала ма?

Кіріспе нұсқау – жаттығу, өз бетінше жұмыс - шебердің ағымдағы нұсқауы – қорытынды нұсқау.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных