Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқудың күндізгі түрі бойынша оқу жоспарларын жасауға арналған нұсқаулар




Оқу жоспарлары мына бөлімдерден тұрады: тысқы бөліп оқу үрдісі жоспары, өндірістік оқу жоспары, оқуды бітіріп жинақты ақпары, факультативтік пәндер, оқу кабинеттерінің лабораторияларының, шеберханаларының тізімі, оқу жоспарына түсініктеме.

Оқу жоспарының тысқы бөлімінде мыналар көрсетіледі:

- саланың рет саны мен атауы;

- аралас кәсіптің рет саны мен атауы;

- кәсіп бойынша разряд, класс, категория және оқу мерзімі;

- бекітілген уақыты және оқу жоспарының тіркелген рет саны.

Оқу үрдісінің жоспары:

- гуманитарлық;

- жаратылыстану-ғылыми;

- кәсіптік (арнайы);

- таңдауы бойынша және кәсіптік пәндер.

Кәсіптік цикл пәндері тізімін анықтауда және оларды оқуда жоспарлауда бұл көрсетілген пәндерді оқудың мұраты жұмысшының іргелі дайындығын қамтамасыз ету, осы негізде оқу мазмұнының болашақ кәсіптік қызметінің негізгі түрлері бойынша сарлану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Оларды оқу нәтижесінде оқушылардың жалпы техникалық арнаулы, экономикалық, құқықтық білімдері мен біліктері қалыптасуға тиіс және бұның өзі осы бөлімге тиісті пәндерін енгізуді қажетті етеді.

Кәсіптік цикл пәндерін оқуға уақыт көлемі сондай-ақ олардың әрқайсысы бойынша өндірістік және теориялық, кәсіптік және жалпы білімдік оқудың өзара қатынасы алдын-ала жасалынған және өзара келісімді тақырыптық жоспар үлгілері жобалары тұрғысынан белгіленеді.

Кәсіптік цикл пәндерін оқу жиілігін, сондай-ақ бөлінетін курстар бойынша бөлінетін сағаттар санын белгілеу пәнаралық байланысты ескере отырып жүргізіледі.

Оқу үрдісінің жоспарында оқушылардың білімі мен біліктерін бақылау түрлері көрсетіледі: бақылау жұмысының ең керекті аз мөлшері, кезеңдік аттестациялау, емтихандар.

Арнаулы цикл пәндері бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстар саны оқушылардың сол пәнді оқу нәтижесінде олардың ішкі құрылымын, сондай-ақ оқудың уақыт көлемі мен ұзақтығын ескере отырып, меңгеретін білімдері мен біліктеріне қойылатын талаптар тұрғысынан анықталады.

Бақылау жұмыстары пәнді оқуға бөлінген уақыт есебінен жүргізіледі, ол туралы оқу жоспарында түсініктеме жазылады.

Тексеру жұмыстары мен кезеңдік аттестация жыл сайын жүргізіледі және оларды хаттамамен дайындайды.

Өндірістік оқуға енетіндер:

- оқу шеберханаларындағы, оқу алаңындағы, оқу шаруашылығындағы өндірістік оқу;

- кәсіпорындарындағы өндірістік оқу;

- өндірістік практика.

Оқудың бітуімен өткізілетін емтихандар:

- жалпы білімдік пәндер бойынша;

- арнаулы пәндер бойынша;

- біліктілік пәндері бойынша.

Оқу үрдісінің типтік кестесінде курстар бойынша оқу сабақтарының басталуы мен аяқталуы, оқу түрлерінің аяққы түрлері, каникулдар, өндірістік оқулар көрсетіледі.

Типтік кесте құруда төмендегі жағдайларды басшылыққа алу қажет:

- барлық курстарда оқу жылының басталуы, әдеттегідей;

- қыркүйек, бітуі – 30 маусым. Соңғы курста оқудың аяқталуы әрбір кәсіп бойынша оқудың ұзақтығына байланысты. Маусымдық жұмыстармен байланысты сипаттағы кәсіптер бойынша оқу жылының басталуы мен аяқталуы басқа мерзімдерге жылжытылуы мүмкін;

Кәсіптік-техникалық мекемелер үшін оқу бағдарламаларын жасауға арналған нұсқауларды қарастыралық:

Пән бойынша оқу бағдарламаларды оқытудың барлық түрлері бойынша: күндізгі, кешкі – бірыңғай болып табылады.

Оқу бағдарламалары мынадай тараулардан тұрады: түсініктеме, тақырыптық жоспар үлгісі, пәннің мазмұны, ұсынылатын әдебиеттер, ЭЕТ және аудиовизуалды оқу құралдары.

Түсініктемеде пәннің қызметі, оның жұмысшыларды дайындаудағы орны, оқу жоспарларындағы басқа пәндермен байланысы, пәннің құрылымының негіздемесі қысқа түзіледі. Онда бағдарламаның, әрбір бөлігі үшін түсіндірмелер және пәндерді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар берілуі мүмкін.

Оқу мекемелерінде бағдарламаларға олардың мазмұнына, оқу материалының оқылу желісіне, пәнді оқуға берілетін уақыттың жалпы қоры мөлшерінде тараулар бойынша оқу сағаттарының бөлінуіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

«Пәннің мазмұны» бөлімі «Кіріспеден» басталады. Онда пәннің жалпы сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттер оқытылатын пәннің меңгерілетін білімдердің жүйесінде алатын орны мен ролі басқа оқу пәндерімен байланысы беріледі.

Оқу материалы мазмұны тиісті білім саласының қазіргі даму деңгейі талаптарына, нақты өндірістің техникалық, технологиялық, ұлттық мәдениетінің қазіргі жайы мен даму болашағына жауап беруге тиіс.

Бағдарламаның тарауларының мазмұны оқушылардың, білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптарды қамтиды.

Бұл білімді жасауда төмендегі жағдайлар басшылыққа алынады:

- тараулардың және тақырыптардың рет сандары, олардың атаулары, негізінен, тақырыптық жоспар үрдісіне сәйкес келуі керек;

- мәтіннің ішінде нақты ғылымда бір мағына қабылданылатын түсініктер мен терминдер өлшем бірліктері т.б. көрсеткіштер мемлекеттік стандарттар талабына жауап беруі керек. Шетел сөздері ҚР «Білім туралы» заңына сай белгіленген транкрипцияда беріледі;

- бақылау жұмыстары оқушылардың білімдері мен біліктері деңгейлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, пәннің тарауларын оқу қорытындылары бойынша жоспарланады.

«Ұсынылатын әдебиеттер» бөлімінде оқулықпен, оқу-анықтамалық құралдармен, оқытушылар үшін оқу-әдістемелік әдебиетпен бірге негізге және қосымша әдебиеттер толық көрсетіледі.

«Оқытудың ұсынылатын жеке құралдары» бөлімінде әрбір ұсынылатын оқу құралының атауынан соң, олардың шығарылған жерін, шығарушыларын және жылын көрсетіп отырады.

Өндірістік оқу мазмұны бірыңғай типтік бағдарламамен анықталады.

Оқудың бірыңғай типтік бағдарламасы мынадай тарауларды қамтиды: түсінік хат; оқу мазмұны (практика); практикалық күнделікті жұмыстың бағдарламасын құруға ұсыныстар; ұсынылатын басшылықты құжаттар.

Түсінік хатта практиканың мақсаттары мен міндеттері түзіледі, онда кезеңдер бойынша уақыт қорының бөлуі көрсетіледі, практиканы ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен жұмыс орнына талаптар айтылады.

«Өндірістік оқу мазмұны» бөлімінде тақырыптық жоспар үлгісін және оның әрбір кезеңдері мен түрлері беріледі.

«Өндірістік оқудың күнделікті жұмыстың бағдарламасын құруға ұсыныстар» бөлімінде оқу нысаналары мен жұмыс орындары ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістік оқудың мазмұнын нақтылаудағы қажеттіліктер мен мүмкінділіктер туралы ұсыныстар беріледі, сондай-ақ өндірістік практика өткізудің күнтізбелік мерзімі белгіленеді.

Әдебиеттер тізімінде техника мен технологияның қазіргі кездегі күйі мен болашақ дамуын, адам қызметінің қоғамдық экономикалық, әлеуметтік т.б. салаларының дамуын көрсететін заңдық және басшылықты құжаттар беріледі.

Осы тақырып бойынша лабораториялық, практикалық сабақ ретінде «өндірістік оқыту үрдісін анықтайтын құжаттар» тақырыпшасын өткенде осы айтылған нормативтік құжаттардың жасалу жолдарын оқушылар толық меңгеруі тиіс.

Ал мемлекеттік стандарт құрылымымен толық танысу үшін мына төмендегі мамандықтың стандартымен толық таныстыру қажет, себебі оқушылардың әрқайсысы мемлекеттің стандарт мазмұнына талқылаулар жасауы керек. Белгілі бір мамандықтың кәсіптік мінездемесін түзу үшін, оның құрылымын да білулері тиіс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных