ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Енді жұмысшының кәсіптік - мамандық біліктілігінің сипаттамасын дамыту әдістемесі мен танысалық.
Жұмысшының кәсіптік-біліктілік сипаттамасының құрылымы. Кәсіп бойынша кәсіптік-біліктіліктің сипаттамасын жасауды оқушыларға үйрету үшін оның жасалу жолын түсіндіреміз. (мамандықтың атаулары) Жұмысшылар іскерлікке дайындалады_______________________________________ (іскерліктің түрлері) ________________________________________________________________________ (кәсіп орындарымен ұжымдарының түрлері және өз ісін ашу) жұмыс орындарға_________________________________________________________ (жұмыс орындарының тізбегі) Қоғамдық өмірде нарықтық, экономикаға және демократияландыруға өту жағдайында, республиканың алдында тұрған міндетті іске асыруға, азаматтық қоғамда идеологиялық ұстанымен белсенді қатынасуда, жұмысшы қоғамдық құбылыстарды шығармашылық көзқараспен бағалай білуі керек. Интернационалдық және патриоттық рухта тәрбиелену, жоғары өнеге және мәдениетке ие болу. Ол, дүниежүзілік білімді қолдануға талпыну қажеттігін, еңбек ұжымында өзара әрекеттену қабілеттігін, еңбек нәтижесінде және оның сапасына кәсіпкершілік қасиетпен және әлеуметтік жауапкершілік сезіммен игеру керек. Жұмысшы істеу керек ____________________________________________ ________________________________________________________________ Жұмысшы білу керек ____________________________________________ ________________________________________________________________
Енді оқу (белгілі бір түрге арналған) жоспарлары мен бағдарларының жобалануын мысалы ретінде былай түсіндіруге болады.Алдыңғы тарауда біз кәсіптік оқу мекемелері үшін оқу жоспарының жаңа моделін жасаудағы негізгі теориялық жолдарды қарастырған едік. Кәсіптік білімнің мемлекеттік стандартының негізгі құжаттарының бірі ретінде оқу жоспарларының моделі, кәсіптік білім мазмұны саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға және кәсіби даярлықтың әр алуан түрлерінде қолданылатын оқу жоспарларының бір-бірімен салыстырмалы болуына алғышарттар жасайды. Кәсіптік білімнің мазмұнының негізгі құрамдастарын анықтай отырып, нақты кәсіптік ауқымдағы қатыстығына қарай инвариантты болып табылатын оқу жоспары моделі әрбір жеке жағдайда молдық етуі әбден ықтимал, бұның өзі кез келген әмбебап құрал үшін қалыпты жағдай болып есептеледі. Кәсіптік білімнің мазмұндық мәселелерін стандарттаумен бірге кәсіптік білім мазмұнын жобалау саласында республикалық және жергілікті құзырлылықтарды бекіте отырып, оқу жоспары моделі елеулі ұйымдастырушылық келекшектілікті қуаттылық сипатына да ие болып табылады. Басқаша айтқанда, модель нақты кәсіптер мен мамандықтарға, ең алдымен, типтік оқу жоспарына қолдануға лайық кәсіптік білім стандарты элементтерін жасау үшін қажетті негіз бола алды. Типтік оқу жоспарын жобалау екі кезеңде жүзеге асырылады. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы орта және кәсіптік білім институты – республикалық деңгейде және білім басқарудың аймақтық орындары – аймақтың деңгейде. Кәсіптік мектептер үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға арналған нұсқауларды арнайы практикалық сабақта қарастыру қажет. 1. Жалпы ережелер. 1.1. Кәсіптік-мектепке (лицейге) арналған оқу жоспары нақты кәсіп пен мамандандыру бойынша білім мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды көрсететін, пәндердің тізімін, көлемін, оқу желілігін және мерзімін анықтайтын, оқу үрдісін, оқушылардың білімін, оқудың әртүрлі кезеңдеріндегі кезеңдік аттестациялауды ұйымдастырудың негізгі түрлерін анықтайтын мемлекеттік құжат болып есептеледі. Оқу жоспары барлық кәсіптік-мектептер үшін міндетті. Оқу бағдарламасы – оқу мазмұнын және пән мен өндірістік оқу бойынша оқушылардың білімі мен біліктеріне қойылатын талаптарды анықтайтын негізгі құжат. 1.2. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жасауда мыналар басшылыққа алынуға тиіс: - өндіріс талаптары мен бәсекелік қабілетті жұмысшылар даярлау деңгейіне сәйкес белгіленген кәсіптік білім стандарттары; - барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың тапсырысы; - кәсіптік мектептердегі оқу үрдісін жоспарлауды және ұйымдастыруды анықтайтын ҚРБМ басшылықты құжаттары; - еңбек қызметтерін белгілейтін республикалық және салалық құжаттар, жұмысшылар кәсіптері бойынша біліктілік сипаттамалар; - техникалық өндіріс технологиясының, экономикалық және өндірістік құрылымдардың дамуын жобалайтын материалдар; - қолданыстағы кәсіптік-техникалық және білім беретін мектептердің, сондай-ақ ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша орта арнаулы, жоғары оқу орындарының оқу-бағдарламалық құжаттары. 1.3. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауда тірек болатын құжат – қосымшада көрсетілген ұсыныстарға сәйкес жасалынатын жұмысшы кәсіптерінің біліктілік сипаттамалары. Оқу-бағдарламалық құжат жасау негізіне неғұрлым мәнді еңбек қызметтерін айқындайтын және сол негізде олардың жүзеге асырылуына керекті білім, білік дағдыларды айқындайтын жұмысшылардың кәсіптік әрекеттерінің сипаттамасы алынады. 1.4. Оқу материалдарының әртүрлі пәндерде бірін-бірі қайталауларын болдырмас үшін, оларды оқу желілігін, уақыт көлемін айқындау мақсатында, өндірістік және теориялық оқудың өзара орында қатынасын белгілеу мақсатында оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау бір мезгілде және өзара байланыста жүргізілуі тиіс. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|