Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіптік білімнің стандартын құрушыларды былай сипаттауға болады.




1. Кәсіптік білімнің стандарты мынадай категориялар мен түрлерге бөлінеді:

2. Мемлекеттік стандарт (МСТ)- Министрлік ведомоствосының келісімі бойынша және Қазақстан Республикасының Министрлік тіркелуімен, кәсіптік білім стандарттары ҚР БМжДМ бекітетін.

Олардың қатарына мамандық бойынша білім стандарттары; оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар; кәсіптік білім стандартының білім жүйесі; кәсіптік білімнің оқу орындарын материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету нормативтері; кәсіби дайындықты бағалаудың критерийлері; кәсіптік-техникалық білім алғандығын дәлелдейтін; құжаттардың үлгілері мен мәртебесі; кәсіпкерлік білім стандартттары; кәсіпкертік білімді стандарттаудың терминдік сөздері т.б.

3. Салалық және өндіріс орындарының стандарттарын кәсіптік білім стандарттарын өндіріс орындары, ұйымдар, оқу орындары жасап, кәсіби оқытуды жүзеге асырады.

Олардың қатарына кәсіптік оқытудың жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, сондай-ақ айрықша мамандықтар бойынша оқу орындары мен патенттелген технологиялары; оқушылардың білімі мен білігін бағалау жүйесі т.б. жатады.

4 Кәсіптік білім стандарттарының құрылуы, баяндалуы, безендірілуі. ҚР-дағы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарты талаптарына сай болуы керек.

5 Кәсіптік білім стандарттары (МСТ, ССТ, ООСТ), және ондағы өзгерістер ҚР-ның мемлекеттік кәсіптік білім стандартына сәйкес арнайы мемлекеттік органдарда тіркеледі және ол құжаттар мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуы керек.

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген кәсіптік білім стандарттары оған енетін өзгерістер жарамсыз болып табылады.

Кәсіптер тізімі - бастапқы кәсіби білім шеңберінде дайындау арқылы жүзеге асырылатын мамандықтарды жүйеленбесі.

Кәсіптік білім – нақты кәсіптер мен мамандықтар бойынша алдынала белгіленген білімдерді, біліктерді және дағдыларды меңгеру арқылы жүретін және тұлғаның кәсіби қалыптасу және даму үрдісі, нәтижесі.

Кәсіби даярлау - кең мағынада: маман кадрларды оқытуды ұйымдастыру, кәсіби білім алудың әрқилы түрлері; тармағында: кәсіби дағдыларды игерудің жеделдетілген түрлері (жеделдетілген кәсіби даярлық).

Оқу жоспары – оқытудың көлемі мен мазмұны көрсететін ресми құжат.

Оқу жоспары модулі – кәсіби оқытудың негізгі инварианттық құрылымдық құрамдастарының мазмұны көрсетілген оқу жоспарының жасалу негізі.

Жалпы оқу жоспары – кәсіптер мен мамандықтарға біліктілік дәрежелеріне, оқытудың базалық мерзіміне лайық оқу циклдері мен пәндерінің тізімі мен көлемінің республикалық деңгейін белгілейтін және аймақтық білім басқару орындарының, білім мекемелерінің күнделікті жұмыстың оқу-бағдарламалық құжаттарды жасаудағы дербестік дәрежесін анықтайтын құжат.

Күнделікті жұмыстық жоспар – жалпы оқу жоспары негізінде аймақ сала, мамандықтар ерекшеліктері ескеріліп және оқу үрдісінің күнтізбелік құрылымы мен кезеңдері нақтыланып жасалған оқу жоспары.

Оқу бағдарламалары –нақты пән (курс) бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі ашатын құжат.

Жалпы оқу бағдарламасы –жалпы оқу жоспарындағы нақты пәндер бойынша оқытудың және оқу материалының меңгерілу сапасының параметрлерінің республикалық құрамдастықтағы нақты мазмұны анықталатын құжат.

Күнделікті жұмыстың оқу бағдарламасы – жалпы оқу бағдарламасы негізінде салалық және республикалық құрамдастықтың ерекшеліктері ескеріле отырып, оқыту мазмұны көрсетілген нақты сала мен кәсіпке (мамандықтарға) лайық жасалған оқу бағдарламасы.

Сертификат – бастапқы кәсіби білімді растайтын құжат.

Білікті жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіптері мен мамандықтарының тізімін толық түсіну үшін оның өзектілігіне жаңа тізімді жасаудың алғы шарттарына шет ел мемлекеттерінде енгізілген классификатор маңызына тоқталу керек. Бірінші анықтама кәсіптің жаңа тізімінің өзектілігі.

Нарықтық қатынастардың дамуы негізіндегі қоғамыздың экономикалық базисіндегі өзгерістер және ұлттық экономика әлемдік шаруашылық жүйеге енуі кәсіби білім беруде сапалы өзгерістер жасауды қажет етеді.

Жұмыскерлердің еңбек рыногындағы табандылығы тек кең кәсіптік жалпы және кәсіптік даярлыққа жалпы еңбектік және арнаулы білік пен іскерліктің тұрақтылығына негізделетін кәсіптік жеткіліктілік есебінен ғана қамтамасыз етілмек. Жұмыссыздық мүмкіндігі жағдайында кәсіптік жеткіліктілік әрі әлеуметтік қорғау факторы бола алады. Сондықтан да бағдарды кеңейту және жұмысшылар мен қызметкерлерді оқыту сапасын арттыру экономикалық мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлары кәсіпорындары тарапынан қойылатын талаптарының негізгілерінің бірі болып табылады.

Бұл көрсетілген жағдайлар кәсіптік білім беруде терең құрылымдық реформалар қажеттігін айқындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіптерді қалыптастырудың қазіргі методикалық статусы және негізгі параметрлері бұл үрдістер маңызды қызмет атқарады, солардың негізінде тиісті кәсіби даярлық ұйымдастырылады және бақыланады. Мәселенің өзектілігі кәсіби білімнің Мемлекеттік стандарты шеңберінде кәсіптердің жаңа Тізімінің жобасын жасауды талап етеді.

Жаңа Тізімді жасаудың алғы шарттарын біліп алуы керек:

а) қазіргі қолданыстағы кәсіптер Тізімінің Қазақстан Республикасындағы кәсіби білімінің сәйкес еместігі.

Қазіргі қолданыстағы кәсіптер Тізімі 1996 жылы жасалған. Өзіне дейінгі осындай құжаттармен салыстырғанда бірқатар жетістіктері болумен бірге (кәсіп бірліктерін қысқарту есебінен кәсіптер топтамаларының көбеюі, Классификатордан кәсіптердің көп түрін өндіруі, жаңа кәсіптерді ендіру т.б.) ол Тізім өзі кезегіндегі мәселерді іс жүзінде шеше алмады.

Даярлықтың негізгі бірлігі ретінде тар кәсіпті есептеу бұрынғысынша қалып қойды. Оларды жалаң топтамаларға біріктіру кең кәсіптік жұмысшылар дайындауды шешпеді.

Оқыту мазмұнында интеграция мәселесі шешілмеді, бұл оқыту бағдарламалық құжаттарды жасауда кешенді әдістемелік қамтамасыз етуде кері ықпал етті.

Тізімде ескерілген кәсіптер мен біліктілікті еңбекті қажет етпейтін кәсіптер көп еді. Ол бірыңғай реттеуші ғана сипатта болады, кәсіптер топтамасы құрамына және оқыту параметрлеріне қатаң талаптар қойды, оның өзі кәсіптік жауап беру икемділігі мүмкіндіктерін шектеді.

Бүкіл мемлекеттік Классификатор негізінде Тізім Қазақстан аймақтары үшін тән емес кәсіптердің санын едәуір көп ендірді.

ә) Қазіргі қолданыстағы Тізім шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына, өндірістің жаңа талаптарына сай келмейді.

Осы орайдан көптеген кәсіпорындарда мамандықтардың құрылымдығының және даярланатын жұмысшылар мен қызметкерлердің біліктілік деңгейлерінің мәселелерін өз бетінше шешу қажеттіліктері күшеюде. Өндірістің белгілі бір мамандықтағы жұмысшылар мен қызметкерлерге мұқтаждықтарын ескеруге мүмкіндік беретін икемді құжат қажет болып отыр.

Қазіргі қолданыстағы кәсіптік Тізіміне және ЕТКС-ке енбеген жаңа кәсіптер мен мамандықтардың пайда болуы, оларды дайындаудың аса қажеттілігі ашық құжат жасауды талап етеді. Оларға қажеттігіне қарай жаңа пайда болып жатқан кәсіптер мен мамандықтарды және оларды даярлау түрлері мен тиісті даярлау параметрлерін енгізу қажеттігі туындауда. Ал Тізімнен құрып бара жатқан, ескерген кәсіптер мен мамандықтарды алып тастау қажет.

Тізімде ұйымдастырылу жағынан кәсіптердің кіріктірулерінің бәрін ескеру мүмкін емес, сондықтан да кейбір кәсіптерді кіріктіруге мұқтаждық жағдайында орталық кәсіптік білім беру басқару орындарынан үміт күтеді. Алайда ұйымдастырылу жағынан кіріктірілген кәсіптерді реттеу мәселесі бұл орайда Тізім өміркешендік қабілетсіздігін барған сайын көрсетуде.

Ғылыми-техникалық процесстің, экономикадағы құрылымдық өзгерістердің, жаңа технологиялық ендірулердің тап осындай кәсіптердің құрылымдықтарын өзгерту мен жетілдіру мәселелерін көптеген елдерде күн тәртібін қойып отырғандығын халықаралық тәжірибе көрсетуде.

Мәселен, Алманияда бұл Тізім 63 қызмет саласын («кәсіптік ауқым») қамтитын 480-ге жуық, негізінен, кіріктірілген кәсіптерден құрылған. Кәсіптік білім тұжырымдамасына сай оқушылар жаңа технологиялар мен әдістерге тез бейімделе алатын, өндірістің әртүрлі салаларында және сан алуан кәсіпорындарында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мейлінше жеткілікті және икемдік даярлық алады.

Ұлыбританияда қазіргі уақытта алдын-ала есептеулер бойынша 160 кәсіпті қамтитын кәсіп құрылымдықтарын жасау жөнінде жұмыс атқарылуда.

Финляндияда 80-жылдары кәсіптік оқытудың құрылымы өзгерген, экономиканың барлық салалары дерлік 25 бағытта берілген, әрбір бағыт бірнеше кәсіпті қамтиды, барлығы 270 кәсіп бойынша оқытылады.

Басқа елдерде де кәсіп тізімін жасау тәжірбесі есепсіз құрылымдықтан технологияның ең жаңа өзгерістеріне бағдарланған және кәсіптер құрылымдыққа ауысудың қажеттігіне куә бола алады.

Кәсіптік білім мазмұны анықтағанда Республикалық деңгейде Базистік оқу жоспарының модулі қалай жасалатынын, кәсіптік сипаттамаларды жобалау жолдарын, сонымен қатар кәсіптік мектептер үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға арналған нұсқаулармен толық таныстыру керек.

Сонымен қатар кәсіби білім мазмұнының базистік құрамдастығын жобалауды үйрете отырып, Қазақстан Республикасы бастапқы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарты құрылымын түсіндіру мақсатында белгілі бір кәсіптің (мысал ретінде «ауыл шаруашылық өндірісінің шебері (фермер) кәсібінің») стандарты құрылымы мен мазмұнын толық көрсетіп беру керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных