ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік нұсқауларНдірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны» тақырыбын оқыту әдістемесі. Тақырыпқа сипаттама Бұл тақырып «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» пәнінің кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру. Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы: 1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаттары 2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау. 3 сабақ. Өндірістік оқыту жүйесі 4 сабақ. Өндірістік оқытудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 5 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісінің функциялары. Оқу және нұсқау жүргізу әдісі. 6 сабақ. Өндірістік оқыту құралдары Өндірістік оқытудың принциптері Аталған сабақтарды өткізу үшін мынадай көрнекіліктерді пайдалану қажет: 1. «Өндірістік оқыту» пәніне арналған әдістемелік плакаттар 2. Бастауыш және орта кәсіптік мамандықтардың мемлекеттік стандарттары мен типтік оқу жоспарлары. 3. Типтік оқу бағдарламалары 4. Жұмысшы мамандарының кәсіптік сипаттамалары 5. Пән бойынша жасалған электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, бейне-фильмдер, оқу құралдары. Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар Аталған тақырып бойынша теория сабағын өту барысында мынадай анықтамаларға түсінік берген дұрыс: -кәсіптік педагогика, немесе адам баласына кәсіптік білім беру жолдарының жолдары; -кәсіптік мектептерде ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үрдісі; -оқу үрдісіндегі теориялық және өндірістік оқытудың түрлерін, мұндағы жалпы білім беретін, жалпы техникалық және арнайы пәндердің оқытылуы туралы мәліметтерді беру т.с.с. Сабақ барысында оқушылармен пікірталас арқылы, оқу үрдісі, оқу үрдісінің негізгі компоненттері, мұғалімнің (шебердің) басқару ролі, оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі негізгі әдіс-тәсілдері, оқудың мақсаты, оның функциялары, өндірістік оқытудың мазмұнын т.с.с. Сабақты қорытындылай келе оқушыларға өндірістік оқыту үрдісіне сипаттама: -білім; -дағды; -біліктілік; -кәсіби құзырлылық т.с.с. Кәсіби құзырлығы жоғары жұмысшы маман даярлау үшін өндірістік оқытудың арнайы мақсаттары бар екенін айтып өткен жақсы. Осы мақсаттарды толық түсіну үшін мынадай түсініктерді біліп алған жөн: -кәсіп; -мамандық; -біліктілік деңгейі Кәсіп - еңбек қызметінің үнемі атқарылатын түрін, оны атқарудағы дене күш мүмкіндікті, интеллектуалдық қабілеттілікті және заңды құқықтылықты қамтамасыз ететін білім мен біліктің жиынтығын айтады. Мамандық - еңбек қызметінің белгілі бір кәсіп шеңберіндегі нақты бөлігі болып табылады. Біліктілік – жеке тұлғаның кәсіптік қызметке дайындық дәрежесі. Ол білімнің деңгейімен, кәсіби шеңберімен және біліктілік сатысымен сипатталады. Біліктілік деңгейі -тарификация және аттестация жүйесінің арнайы құжаттарымен реттеледі, осы дәреженің шеңберінде (тарифтік разрядтар, кластар, категориялар) кәсіби шеңберлікті сипаттайды. Сабақ барысында білім сапасын тексере отырып, кәсіби құзырлылықты қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімінің мемлекеттік стандарттары туралы сөз қозғағанда оның мынадай негізгі ережелеріне тоқталып кету керек: Республикалық деңгейде бекітетін білім құжаттар: -бастауыш кәсіптік білім стандарттарының негізгі ережелері; -кәсіптік білім мамандықтарының және оны мамандандырудың тізімі; -кәсіби мінездеме; -нақты кәсіп пен мамандықтар, сонымен қатар жалпы салалық және салааралық жеке пәндер бойынша кәсіптік білім мазмұнының міндетті компоненттері; -кәсіптік білім мекемелері оқу жоспарларының моделі; -жоба оқу-бағдарламалық құжаттарға қойылатын талаптар; -кәсіптік білім сапасының стандарттық параметрлерінің тізбегі мен сипаттамасы; -оқушылардың білім, білік сапасын тексеруге, бақылау жұмыстарын құрастыруға арналған жалпы талаптар. -оқушылардың білім және білігінің кәсіптік білім стандартының талабына сәйкестігін тексеретін бақылау процедурасының реттілігін сипаттау; Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі мақсаттары: -республикада бірыңғай білім кеңістігін қамтамасыз ету; -республиканың экономикасы талаптарына сәйкес кәсіптік білім шарттары мен мемлекеттік сапаны қамтамасыз ету; -кәсіптік білімді халықаралық стандартпен және еңбек рыногының талаптарымен үйлесуін қамтамасыз ету; -Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі міндеттері: -кәсіптік білімді міндет пен сапаға жеткізуді нормативті құжаттардың жүйесін жасау; -білімдік қызмет көрсетушілерді, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерді біліктілік сатысына сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық параметрлері жайында толық және дәл информациямен қамтамасыз ету; -жұмысшылар мен мамандардың кәсіби дайындығы мен соңғы нәтижелеріне тиімді талаптар қою; -орындаушының көрсететін білімдік қызметінің сапалық көркеткішін құптау
Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі ұстанымдарын да оқушылар толық меңгеріп алулары тиіс. ҚРеспубликасындағы кәсіптік білімді стандарттауды ұйымдастыру жұмысы мынадай ұстанымдар негізінде жүргізіледі, нарық еңбегінің талаптарын жұмысшылар мен мамандардың деңгейіне қарай ескеру: қолданылып жүрген және болашақтағы технологиялармен, техникамен өзара байланысты; Кәсіптік білімнің стандарттарын жасауда қамтамасыз етілуі қажет: -баяндаудағы дәлдік пен бір мағналық; -жоғарыда аталған ұстанымдардың кешенділігі, жүйелілігі және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|