ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ндірістік оқытудың әдістемелік жүйесі.Бұл тарауда «өндірістік оқыту әдістері» атты плакатқа сүйене отырып, оқушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастырудың негізгі долдарын, әдістерін анықтаймыз. Білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемелерінің бұрын қолданылып жүрген барлық түрлері де өндірістік практика жағдайында оқушылардың таным процесін кеңейтуде, кейбір кәсіптерді есіне түсіруде кеңінен қолдау табады. Әсіресе, өндірістік оқытуда оқушылардың танымдық белсенділік әрекетін дамытатын, қабылдау – жаңғырту, иллюстративті – түсіндіру, еске алу, іздестіру, ішінара іздестіру (эвристикалық әңгіме) зерттеу және проблемалы оқыту әдістері бұйымды, затты сипаттау, мәнін ашу, оның жасалу я өңдеу технологиясын түсіндіргенде көбірек пайдаланылады. Сондай – а, өндірістік оқыту барысында оқушыларды ынталандыру, оқу мотивациясы, оқу – танымдық әрекеттерін жандандыру бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері де қажет кезінде тиімді пайдаланса өз жемісін береді. өндірістік оқыту шебері практикалық оқытуда оқушылардың творчествалық және ой – қиялын дамытатын, курсты оқу мазмұнын игерткенде білім, білік және дағдылық қасиеттерін проблемалы – іздестіру әдісіне бағыттаса түпкі нәтижеге жету мүмкіндігі молая түсетіні байқалып жүр. Сөйлеу әдісі – бұл әдіс туралы психология пәнінде айтылады және оқулығымыздың бас жағында да тоқталған болатынбыз. өндірістік оқытудың әсіресе түрлі инструктаж (нұсқау беру) беру кезінде бұл тәсіл көбірек қолданылып, машықтану арқылы игертілуді қажет етеді. Эвристикалық әңгімелесу әдісі де өндірістік практикада сөйлеу әдісінің бір түрі ретінде кеңінен қолданылады.Бұл жерде оқытушы не шебердің білімі, оның педагогикалық экскурсиясы, тәжірибесі маңызды рөл атқарады. Мына бір эвристикалық әңгіменің мазмұнына, ұйымдастырылуына мән беріңіз: Оқытушы сұрағы (С). Біз түсіндірудің мәні мен әдістемелері туралы мәселені қарадық. Сіздің осы әдістің кемшіліктері неде деп ойлайсыз? Тыңдаушының жауабы(Ж) оқушылардың белсенділігінің төмендігі. Мұндағы басты реттеуші тұлға – шебер. Егер қызықты өтілмесе, оқушылар зейіні төмендеп, басқа жаққа ауып кетуі ықтимал. С – оқушыларға жаңа материалды игертуде белсенділігін арттыратын қандай жолдар деп түсінесің? Ж – белгілі бір оқиғаны, фактіні не құбылыстарды оқытқан кезде оқушыларды тек тыңдаушы ғана емес, оларды қабылдау үшін өздеріне талқылатып, ой жүгіткізіп мәселенің мәнін ашу арқылы игерткен жөн. С – дұрыс оқушылар белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі – сұрақ – жауап әдісі екендігі белгілі, бірақ эвристикалық әңгімелесу кезінде оқыту шебері сұрақты бақылау құралы ретінде емес, жаңа материалды жан – жақты игеру үшін оқушыларға жаппай қою арқылы өзекті мәселелерді өздерімен бірге шешеді. Эвристика деген сөз, гректің «эврика» - таптым, деген мағынаны білдірмей ме? Сіз қалай ойлайсыз, барлық оқу материалдарын осындай эвристикалық әңгімелесу тәсілі арқылы меңгертуге бола ма? Ж – жоқ, өйткені ойлау, пайымдау, ұғыну және қорытынды жасау білу үшін белгілі бір білім, білік және дағды элементтердің бұрыннан жинақталған базасы қажет, сондықтан материалды игеруге, әңгіме құруда осы негіздерге сүйене отырып жүргізген жөн. С - тағы не айтар едіңіз? Ж – оқылатын материалдар белгілібір анықталған себеп – салдарлық логикалық ой құрылымына жүйеленуі тиіс. С – жаңа оқу материалын игеруде түсіндіру және әңгімелеу әдісінің қайсысы уақыт жағынан үнемді деп ойлайсыз? Ж - әрине, түсіндіру әдісі.Әңгімелесу барысында түрлі жауаптар болады (дұрыс, дұрыс емес, екіұшты) соларды бір арнаға бағыттап, мәселенің анығына жетуге көп уақыт кетеді. С – сонда да, дұрыс қорытынды жасау үшін қайсысы дұрыс болар еді? Ж - егер жаңа материал маңызды болып, барлығы түсіну қажет болса, әңгімелесу арқылы уақыт үнемдемей толық меңгеріп алған дұрыс. С – ал, өндірістік оқыту процесінде эвристикалық әңгімелесу әдісін мақсатты пайдалануға бола ма? Ж – тек қана, оқушыларға жаңа мәліметті игеру кезінде бұл әсіресе, кіріспе нұсқау (вводный инструктаж) жүргізуде тиімді әдіс. С – дұрыс ойлайсыз. Кіріспе нұсқау кезінде біртұтас ойлау жүйесіне құрылған оқу материалы игерілуі тиіс. Сондықтан өндірістік оқытудың осы түріне, бұл әдіс тиімді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|