Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік оқыту шеберлерінің орнын техникалық құралдармен жабдықтау




Өндірістік оқыту шеберінің орнын техникалық құралдармен, керекті жабдықтармен қамтамасыз ету кезінде мынадай шаралардың орындалуы:

- жұмыс орнынан шебер барлық оқушыны жақсы көре отырып, олардың жұмыстағы іс-әрекетін бақылай алуы;

- оқушылар үшін шебердің жұмыс орны, техникалық құралдардың көмегімен берілетін информация, демонстрациялық және сигналды құрылғылардың жұмыстары мен белгілері жақсы көрінуі тиіс.

Айтылған шаралардың орындалуы үшін өндірістік оқыту шеберінің жұмыс орны оқушылар орнына қарағанда жоғары орналасуына керек. Оқушылар орындықтары нұсқау алып болғаннан соң жиылып немесе алынып тасталатын болғаны қолайлы, себебі нұсқаудан кейін немесе кинофильм, диафильм көріп болған соң оқушының жұмыс барысында олардың қажеті болмайды.

Әрбір өндірістік оқыту шеберінің жұмыс орнында техникалық құралдарды тиімді пайдалануға арналған шкаф болуы керек. 15-суретте слесарь мамандарын дайындау шеберінің жұмыс орны көрсетілген. Мұнда жұмыс столы, құралдар (диапроектор «ЛЭТИ-60» және «Протон») бар. шебердің жұмыс орнынан техникалық құралдарды пульт арқылы басқарып отыруына болады.

Мұндағы техникалық құралдар методикалық шкафтардың ішінде орналастырылған, жұмыс істеу принципі жарық өткізгіш экран жұмысына сәйкес.

Жарық өткізгіш экран ретінде, күңгірт шыны пайдаланылады. Мұндай экранды кәдімгі терезе шынысынан да жасауға болады, ол үшін қалыңдығы 1,5 мм екі шыныны алып, бір жағынан зімпара арқылы өңдейді де, күңгірт болған жақтарын қосып, рамаға орналастырса болғаны.

 

Оқу шаруашылығында немесе өндірісте өткізілетін сабақтардың әдістемесі

§1. Тақырыпқа сипаттама

 

Аталған тақырып бойынша ауылдық кәсіптік мектептердің оқу шаруашылығында өткізілетін өндірістік оқыту сабақтарының әдістемесі берілді. Қаладағы кәсіптік мектептердің оқу шаруашылығы кемде кем кездеседі, сондықтан ондағы өндірістік оқу шеберханасында немесеғ келісім - шарт арқылы заводтар мен фабрикаларда, кәсіпорындарда, цехтарда, цех учаскелерінде т.с.с. оқу өндірістік орындарда ұйымдастырылады.

Ауыл кәсіптік мектептерінің мұғалімдеріне арналған мынадай сабақтар жұмысын ұйымдастыруға болады;

1 сабақ. Оқу шаруашылығында төткізілетін сабақтардың құрылымы.

2 сабақ. Өндірісте өткізілетін сабақтардың мақсаттары. Шебердің жұмысы.

3 сабақ. Нұсқау – технлолгияның картасын жасап үйрену.

4 сабақ. Оқу шаруашылығында өткізілетін сабақтың мазмұны және әдістемесі.

5 сабақ. Өндірісте өткізілетін сабақтардың құрылымы және әдістемесі.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных