ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кәсіптік мектептің оқу шаруашылығында өткізілетін сабақтар әдістемесі.Механикалық жұмыстар өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуы» пәні бойынша өткізілетін сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру. Оқу шаруашылығында жүргізілетін лабораториялық – практикалық сабақтарды тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей құжаттарды толтыру қажет: - лабораториялық- практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары; - оқушыларды жұмыс орындарына алмастыру графигі; - техгологиялық – нұсқау карталары және басқа да дидактикалық құрал-жабдықтар; - сабақ жоспары. Оқу өндірістік құжаттарды дұрыс оқушылардың лабораторилық- практикалық сабақ бағдарламасының мазмұнын сапалы түрде түсінуіне көмек көрсетері даусыз. Оқу шаруашылығындағы оқыту процесін тиімді жоспарлау үшін ең қажет құжат- лабораториялық- практикалық сабақтың тақырыптық жоспары. Бұл жоспардың ерекшелігі- оқу шаруашылығында жүргізілерін агротехникалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қажет тапсырмалар мен жоспарлар жүйесін іске асырылады. Сабақтар жүйесін циклдарға бөліп жүргізу тиімді екені жоғарыда айтылды. Цикл тпасырмаларын орындауға төмендегідей талаптар қойылады: І. Цикл тапсырмасы бойынша ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жұмыстарының технологиялық мерзіміне сәйкес бірізді тапсырмалардың бірінен соң бірін жалғастыру. ІІ. Ауыл шаруашылығы техникаларын комплексті жүйеде пайдалану. Төмендегі кестеде «Механикалық жұмыстар өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуы» пәні бойынша лабораториялық- практикалық саьбақтың тақырыптық жоспары көрсетілген. Оқушыларды өндірістік оқыту кезінде белсенділігін арттырудың негізгі жолдары: 1. Оқушыларға нұсқау беруде Эвристикалық әңгіме әдісін қолдану; 2. Іскерлік ойындар ұйымдастыру 3. Өндірістік – техникалық міндеттерді шешу; 4. Оқушылардың технологиялық процестердіөздігінен 5. Творчествалық синатта тапсырмалар беру; 6. Оқушылардың проблемалы – іздену бағытын дамыту; 7. Зертханалық тәжірибе. Енді осылардың кейбіреуінің мәні мен мағынасына, құрылысы мен өндірістік оқытуда қолданылу әдістеріне тоқталайық. Өндірістік іскерлік ойындарда - өндірістік оқыту шеберінің ұсынысымен оқушыларға түрлі өндірістік жағдаяттарға байланысты іскерлік ойын ретінде тапсырмалар береді. - Өңдеу ақауларын (құрастыру, бөлшектеу, машина жұмысын реттеу, бақылау - өлшеу аспаптарын пайдалану т.б.) Машина, агрегат, құрылғылардың түріне қарай, оларға техникалық сипаттама беру; - Жұмыс барысында түрлі жағдайлардағы технологиялық ауытқуларды байқау, оларға сипаттама беру (апатты жағдайларда да) жауапты ауызша, жазбаша я тренажердегі аспаптар көрсеткішіне қарап беру; - Оқушылар өз бетінше құрастырған жұмыстарының ішінен технологиялық процесіне тиімді бірнешеуін таңдап алу, себебін дәлелдеу, я шеберге түсіндіру; - Жиі жіберілетін ақауларға я өндірістік оқыту кезіндігі іс - әрекеттерге талдау жасау, себебін анықтау, болдырмау жолдарын көрсету. - Істеп тұрған машина, агрегат, аспаптардың алдын ала ендіріп қойған жұмысындағы кемшіліктерді, ақауды білу, табу, байқау, шеберге түсіндіру.; - Құрал – жабдықтар, құрылғылар, түрлі аспаптарды пайдалана отырып өнім сапасын арттырып, еңбек өнімділігін көтеретін жолдарды анықтайтын бірнеше қызмет тиімдісін таңдау; Мына өндірістік – техникалық міндеттерді шешу: - өндірістік – техникалық есептер үлгісін шығару; - ақаулардың себебін анықтау; - өңдеу, реттеу, жөндеу жұмыстарына есеп бару; - басқару программаларын әзірлеу, түзету ендіру; - диограмма, анықтама, кестелерден өзіне қажетті мәліметтерді таба білу; - машина, агрегат, аппараттардың жұмысының экономикалық көрсеткіштерін анықтау; - техникалық құжаттарға сай құрастыру (монтаж) сұлбаларын (схема) әзірлеу; - машина мен механизмдердің кинематикалық схемаларына қарап отырып, жұмыс режимі мен параметрлерін анықтау. Творчестволық қабілетін арттыруға арналған тапсырмалар: - өндірістік оқыту процесінде атқарылатын творчестволық үлгідегі тапсырмалар; - еңбек өнімділігін арттыратын құрылғылар мен жабдықтар құрастыру; - оқу - өндірістік жұмыстар технологиясын жетілдіру; - өңдеу, жинау және реттеу сияқты технологиялық процестерді өз бетінше орындау; - оқу - өндірістік жұмыстарды атқаруда еңбекті тиімді ұйымдастыру; - уақытты, материалдар мен шикізатты, энергия ресурстарын үнемдейтін ұсыныстар әзірлеу; Оқушылардың іс - әрекет белсенділігін сипаттайтын мына төмендегі кестеге назар аударып, салыстырып көріңіз.
Тақырып бойынша қорытынды сұрақтар:
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|