ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны» тақырыбын оқыту әдістемесі.1. Тақырыпқа сипаттама.
Бұл тақырыптың мақсаты - өндірістік оқыту шеберінің оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесін ашып беру. Бастауыш кәсіптік мектептегі тәрбие жұмысындағы өндірістік оқыту шеберінің рөлін көрсету үшін, оның сынып жетекшісі ретінде тәрбиелік жұмыстарды жүргізу әдістемесіне тоқталайық. Осы тақырыпта мынадай сабақтар жүйесінде өткізу болады: 1 сабақ. Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі. 2 сабақ. Тәрбие сағаттарын өткізу әдістемесі. 3 сабақ. Тәрбие сағаттарын өткізуге арналған құжаттар мен танысу. 4 сабақ. Тәрбие сағатын жоспарлау. Тәрбие жұмысының ерекшеліктерін ашып көрсету. Тәрбие сағатының мазмұны. 5 сабақ. Кәсіптік мектептегі еңбек тәрбиесінің мазмұны және құрылымы мен танысу.
§ 2. Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар Бастауыш кәсіптік мектепте өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысындағы рөлі ерекше себебі: ол оқушыларға практикалық сабақ барысында да, арнайы сынып жетекшісі ретінде де тәрбие жұмысына қызу араласады. Осыған орай кәсіптік мектепте кең қалыптасқан сыныптан тыс тәрбие жұмысының өткізілу әдістемесіне көп көңіл бөлінуі қажет. Осы мақсатта болашақ өндірістік оқыту шеберлері мен ұстаздарына арналған біршама сабақты ұйымдастырудың әдістемесі арқылы, тәрбие сағатының сынып сағаттарына аса көңіл бөліп, оның өткізілуі жолдарына тоқталайық. Бұл мәселе бойынша адамгершілік, патриоттық, еңбек тәрбиелері негізінде кешенді жасалған бірнеше сабақ әдістемелерін, нұсқауларын толық көлемде беріп отырмыз. Мысалы бірінші «Егеменді–елдігіміз» тәрбие сағатында оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік нұсқауларын берсек, келесі тақырыптар бойынша тәрбиенің басқа жүйелерін де қамтыдық. Енді осы сабақтарды қарастыралық. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|