ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Айрат Рысқұлбековты еске алайық» тәрбие сағатын өткізудің әдістемелік нұсқауыТақырыбы: Қайрат Рысқұлбековты еске алайық Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Студенттерді (оқушыларды) Отан сүйгіштікке, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. 2. Ағартушылық: Студентердің (оқушылардың) желтоқсан оқиғасы жайлы білімін, тереңдету, мағлұмат беру. 3. Нұсқаушылық: Студенттердің (оқушылырдың) Патриоттық сезімін ояту, жетілдіру. 4. Даматушылық: Студенттердің (оқушылардың) ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, көзқарастарын дамыту, өз бетінше шешім қабылдай білкіне тәрбиелеу. Тәрбие сағатының түрі: портрет кеші Көрнекілігі: Қ.Рысқұловтың портреті, цитаталар
Ткізу жоспары 1.Кіріспе. Сәлеметсіздерме, студенттер (оқушылар)! Сынып сағатына келмегендердің тізімін беріңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәрбие басы-тал бесік». Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған елге, жерге, ұлтына, тіліне деген қызығушылығын ояту Сұхбатқа белсене қатысуларыңызды сұраймыз. 2. Негізгі бөлім. Қысқаша тақырыпты ашып әңгімелеп студенттерді (оқышуларды) әңгімеге тартып олардың ой-пікірін ортаға салуына ықпал етеміз. Сұрақ арқылы. 2. Қорытынды. Тәрбие сағатын қорытындылау барысында, белсене қатысқан студенттерді (оқушыларды) атап, жеке-жеке баға береміз Ткізу жолы 1. Кіріспе. Сәлеметсіздерме, студенттер (оқушылар) Сынып сағатына келмегендердің тізімін беріңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Қайрат Рысқұлбековтыы еске алайық». Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған елге, жерге, ұлтына, тіліне деген қызығушылығын ояту. Кешімізге белсене қатысуларыңызды сұраймыз. 2. Негізгі бөлім. Қысқаша тақырыпты ашып, әңгімелеп, студенттерді (оқушыларды) әңгімеге тартып, олардың ой-пікірін ортаға салуынп ықпал етеміз. 3. Қорытынды. Тәрбие сағатын қорытындылау барысында, белсене қатысқан студенттерді (оқушыларды) атап, жеке-жеке баға береміз.
Ткізу жолы. 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті көрермендер. Бүгінгі кешке қош келіпсіңдер Бауырымыз, батырымыз Қайрат Рысқұлбековқа арналған кешті ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Қайрат Рысқұлбеков Шу қаласына таяу жердегі Новотроицк (қазіргі Төле би) селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыды. Мектепте сол кездегі қалыптасқан дәстүр бойынша тәуір оқитындарды қоғамдық жұмыстарға жиі тартатын.Қайрат та бастауыш комсомол ұйымының хатшысы ретіндеқабырға газеттерін шығарып, өлең жазып, әртүрлі кештерді ұйымдастырудың бел ортасында жүретін. Бір сөзбен айтқанда, басынан бақайына дейін коммунистік тәрбиенің иісі сіңген, көпшілігіміз секілді идеал үшін жанын қоюға әзір, сөз бен істің алшақтығын тақ басып аңғара білмейтін аңғал ұрпақтың өкілі еді. Әкесі Ноғайбай орталау білімі бар мал маманы, бақташы, шешесі Дәметкен- сатушы болатын. Шиеттей бала-шағаны асырап, бағу үшін үнемі қырда жүретін. Қолдың қысқалығы әсер еттіме, Қайраттан басқа ұл-қыздар ауылдан ұзап шыға қоймады. Үйдің үлкені Есентай-электрик, одан кейінгі Гүлнар- сауда саласында, Талғат- кооператив қызметкері, Ришат- құрылыста қалды. Ал, ең кішкентайлары Меруерт пен Алтынай мектепте… -«Мен оқуға барамын»- деді Қайрат әскерден оралған соң. «Өзің біл, қарағым» -дедік біз. Оқимын деп ұмтылып тұрған Баланы қалай бетінен қағайын, оң батасын беріп, шығарып салдық. 1986 жылдың жазында жалғыз өзі Алматыға кетті. Бір күні «Сәулет- құрылыс институтына оқуға түстім» деген қуанышты хатын алдық. Қайсар еді ғой, не керек… (әкесінің әңгісмесінен)
2 –жүргізуші: «… Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұмда, қойып кет, белді шеш те, кешіп өт» деп жазды кейінірек абақтыдағы күнделігінде Қайрат. Жиырма бір жасар жігіттің бұлай деп өсиет қалдыруына, сірә, қамшының сабындай қып-қысқа ғұмырындағы көрген-білгендері, көңіліне түйгендері әсер еткен болар. «…Бұл дүниедегі зор юақыт-еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның бостандықтағы бір күні қапастағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат екенін енді білгендеймін». «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Құшақ жая таныстым сан тілімменен. Жаман үйді қонағы билейді деп, Қала жаздап айрылып өз тілімнен, Өзге тілге еліктеп ел болмайық, Қазағымның артық жоқ өз тілінен…» ХХ ғасырдың бір туар ұлдарының бірі, жасұлан Қайрат Рысқүұлбеков өз күресін өлеңмен жалғастырып, бостандықтың жарық сәулесі үшін жан аямай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген.
Тұтқынға түстім жаутаңдай Жоламай ешкім қасыма Бара қалсаң, сәлем айт Елдегі құрбы-досыма… Қайрат Астана халқы жаңа жылды қарсы алып жатқан алғашқы күні ұсталды. «… Мен өткен жылдың желтоқсан айының 18 күні Фурмонов пен Абай көшелерінің қилысқан жерінде ертеңгі сағат 9. 30- да түсіріліп алынған фото сурет арқылы үстіміздегі жылдың 1 қаңтары күні қамауға алындым» деп жазыпты ол прокурорға Берген түсініктемесінде. Маған «жығылғанға жұдырық» деп зұлымдықпен мойнына ілкген адам өлімі менің ісім емес. Мен сорлылығымнан жазықсыздан-жазықсыз ату жазасын алдым. Өйткені, өһзімнің кінәлі емес екенімді, адалдығымды, қолымның қан емес екеінін қанша зар еңіреп айтқанымен еш ақтай алмадым. Рысқұлбековтің жұмбақ өліміне байланысты обылыстық прокоратурасының прокуроры Илииченко қозғаған істің бір жақты жүргізілгенін айта келіп, Багданов тағыда мынадай күдіктерін ойға салды. Алдымен, оқиға болған жарді тексеру зерттеу талабы бұзылған, оған қатысуы міндетті түрде қажет болса да, тергеуші шақырылмаған. Куә айғақшы ретінде түрме абақтыдағы жазасын өтеушілерді қатыстырған. Сондай-ақ болған жерді тексеру протоколында дәрігерлік сот сарапшы Б.Шалағановтің аты-жөні бар да, қолы қойыолмаған. Куә ретінде жауап алынған Л. Ласенконың күдіктері санатынан негізсіз шығарылуы, Қайраттың өз жол қапшығында жаңа ішкөйлегі бола тұра, моншадан соң қасындағы қылмыскердің ішкөйлегін сұрап киюі (соғанг асылған ғой!). Ешқандай логикалық қисынға келмейді. 3 –жүргізуші: Бұл хикая әлі де аяқталмаған сияқты. Өйткені, бұл Қайраттың ғана емес, сенің де, менің де, бәрісміздің тарихымыз. Ал, біз ақиқатты әлі толық білмейміз. Иә, ол тірі қалғанда ақын болар ма еді. Отарлықтың қара түлегінде найзағай болып жарқылдап, жалғыз-ақ өлеңмен Күн шұғыласындай жалпақ әлемге танылып, бүкіл адамзатқа жүрек шұғыласындай танылып, бүкіл адамзатқа жүрек нұрын шашқан Қайраттың тырнақ алды туындыларында көркемдік тұрғыдан алғанда, әрине, кем соғып жатқан тұстары бар шығар. Бірақ, ол небәрі жиырмадан енді ғана асқан албырт жас еді ғой! Осыны естен шығармайық Естіп жүрмін кейбір асқақ мінезді ақындарымыз «Ұлыларды қолдан жасамайық» деген жүрек жарды пікірлерін кейде ірке алмай қалған сәттері де болды. Поэзия атты құдіретке көлеңке түспесін деген оймен тереңінен, ақ көңілден айтылған адал сөз шығар. Бұған қосыламын. Бірақ… қылышынан қан тамған сонау қаһарлы Колбинизм заманында –ақ: Сөйлесең даусың жетпейтін Кез болдың мынау заманға Шайбинизм еді ғой Басты себеп жалғанға,- деп іргесі іріп-шіріген, шаңырағы әлде қашан шаңырағы шайқалған «советтік бақыттық заманымызды» бір болмысын танып, жалғандықтан жұмсалғасын, бір ауыз сөзбен сыпырып алған жас сұңқарымызды Ұлы десек, кім одан төлен боп қалады? Ешкімде… оның балаң үнінен Махамбеттің арынан, Шәкәрімнің қайғысын, Мағжанның махаббатын, Мұқағалидің өкінішін, халқымыздың арман-тілегін сезіне аламыз ба? Иә.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|