ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Егемендігіміз-елдігіміз» тәрбие сағатын өткізудің әдістемелік нұсқауыТақырып: «Егемендігіміз-елдігіміз» Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Оқушыларлды Отан сүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған елге, жерге, ұлтына, тіліне деген қызығушылығын ояту. 2. Ағартушылық: Оқушылардың білімін толықтыру, жетілдіру мақсатында Қазақстанның 10 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру. 3. Нұсқаушылық: Оқушыларды өз шамасына қарай елге пайда келтіруге, білім алуға, еңбек етуге, егемендікті сақтауға нұсқау. 4. Бағыттаушылық: Оқушыларды ғасырлар бойы ел тәуелсіздігі үшін күрескен елдерді ұмытпай, солар өз өмірлерін құрбан етіп, алып Берген дербестігімізді сақтауға бағыттау. Тәрбие сағатының түрі: Сұхбат Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, Ел басы -Н.Ә.Назарбаевтің суреті. Алтын адам бейнесі, Қазақстан картасы. Ткізу жоспары
Ткізу жолы Қазақстан өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі ұзақта, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы Желтоқсан жастар көтерілісінің алатын орны ерекше. Ол қазақ халқының қаншалықты қажыр-қайраты, төзімділігі бар екенін көрсеткен ұлы сынаққа айналды. Желтоқсан оқиғалары Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігінің алғашқы хабаршысы, ұлттық Отан сүйгіштік пен жүрек жұтқан ерліктің жарқын көрінісі болды. Елінің, жерінің, Отанның болашағы үшін көтеріліске шыққан жастар арқасында қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алып, егеменді ел атанды. Бұл күн біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзі айқындаған күн болды. Қазақ халқының алғаш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Осы елбасымыздың арқасында Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге жетті. Еліміздің өзіндік салтын, арманын, ерекшелігін білдіретін мемлекеттік ел таңбасын, жалауын, ән ұранын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары ретінде қабылданды. Егеменді елеміз өркендеп, дамыған, мәдениетті елдер қатарына енді. Мемлекетіміздің негізгі заңы-Конститутция қабылданды. Мелекеттік тіл болып-Қазақ тілі енгізілді. Еліміздің ел ордасы-астана қаласы болды. Дініміз, өнеріміз, салт-дәстүріміз қайта жанданды. Ірі діни орталықтар ашылып, анна тіліміз қолға алынды. Баспаханаларда басылымдар қазақ тілінде басылып, оқу орындарында қазақ тілінде білім беріліп, жұмыс орындары қазақ тілінде сөйледі. Шет елдер мен сауда-саттық, экономикалық және саяси қарым –қатынастар дамып, нығая түсті. Заман ағымына сай білім нәрімен қаруланған көптеген жоғарғы оқу орындары ашылып, орта білім беретін колледждер, гимназиялар, лицейлер ашылды. Қазақ жастарына шет елдерде білімдерін ғылыми түрде жетілдіруге мүмкіндік берілді. Еліміздегі мектептерді компьютерлендіру, шет тілдерін оқыту қолға алынып, оқулықтар жетістігі ұлғая түсті. Елімізде банк жұмыстары жаңа жолға қойылып, жаңа технологиялық әдістермен жұмыс жасайтын кәсіпорындар көбейді. Өнер мен ғылымда, спорта басқада салада әлемді таң қалдырған биік деңгейге көтерілді. «Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді»- дегендей, еліміздің қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы ақын жазушыларымыздың есімдері ақталды. Осындай көрнекті, ірі тұлғаларымыздың есімдері оқу орындарға, қала, көшелерге берілді. Президентіміз 2030-жылға дейінгі Қазақстанның даму бағдарламасын жасады. Бұл бағдарлама Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, өсіп-өркендеуімізге негіз болды. Парасаты мен пайымы, білігі мен білімі мол, ел қамын жеген Елбасының жолдауы – болашаққа апарар үлкен арнаның мөлдір бастауы. Еліміздің ең әуелгі жемісі- тәуелсіздікке қол жеткізу екенін айта отырып, «Тәуелсіздікті қолдан шығарып алсақ бізді ешкім кешірмейді»- дейді. Жұмыр жердің тыныс тірщілігін жіті бағып, оның бар асылымен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген уақыт көші, өмір көші. Осы ұлы көш куә болған біздің халқымызға ХХ ғасыр силаған таңғажайып оқиға-еліміздің ғасырлар бойы аңсаған егемендікке қол жеткізді. Осынау теңдесі жоқ ғаламат оқиға бар әлемді дүр сілкіндірген жоқ па? Әлемнің небір аузымен құс тістеген тәкәппар елдермен тең тұрып тілдесетін болджық. Кең байтақ ата жұртымыздың асты-үстіндегі бар байлық пен асыл қазыналар билігі өз қолымызға тигенін байқаған алпауыт елдердің назары бізге ауды. «Тәуелсіздігімізді таныдық», «Іскерлік байланыс жасайық», «Қажет болса көмегіміз әзір»- деп есік қағушылар көбейді». «Бұл қазақтар туралы бұрын қалай аз білгенбіз. Иісі түркі халықтарының тарихи кіндік жұртының иесі болып қалған киелі ел екен ғой»- деп таңдай қағысты. Иә, бүгінде еліміз айдай әлемге танылған іргелі ел болды. Ұлттық теңгемізді айналымға шығардық, жер жерде тарыдай шашылған қандастарымызды бауырымызға бастық. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Ұлы ақынымыз-Абай, жыр алыбы-Жамбыл, ақын- жазушы- Мұхтар, академик, ғалым- Қаныш және басқа да зиялыларымыздың тойларын ЮНЕСКО көлемінде дүрілдетіп өткіздік. Уақыт деген жылдамдығы жылжып аққан судай нәрсе ғой. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз, халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіхздікке 10 жыл ішінде Қазақстан жан-жақты дамып, күтпеген жетістіктерге қол жеткізді десекте артық болмас. Жүргізуші: Студенттерді (оқушыларды) ой-пікірін, көзқарасын ортаға салуға шақырады, сұрақ арқылы. Сұрақтар: 1. Біз егемендігімізді алғанымызға қандай оқиға себеп болды? 2. Қай жылы, қай уақытта алдық? 3. 10 жыл ішінде қандай жетістіктерге жеттік? 4. Ел ордамызды неліктен Астанаға ауыстырды? 5. Қазақстанның мемлекеттік нышандарын атаңыздар. 6. Мемлекетіміздің негізгі заңы- Конституция қашан қабылданды? 7. Әнұранды кім айтып береді? 8. «2030 жылға стратегия» жүзеге аса ма? Аспай ма? Қалай ойлайсыңдар? 9. Егемендігіміздің 10 жылдығына арнап шығарған студенттердің (оқушылардың) өлеңдері. Орытындылау. Тәрбие сағатын қорытындылау барысында, белсене қатысқан студенттерді (оқушыларды) атап, жеке-жеке баға береміз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|