Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік практика кезінде білікті жұмысшылар бригадасы құрамында оқушыларға басшылық жасау.




Жұмыс нәтижесі өндірістік оқыту шеберіне емес, білікті жұмысшыға жүктеледі. Егер олардың жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастырып, дұрыс жоспарласа, ынтымақтаса атқарса сөз жоқ екі жақты табыс әкеледі. Бұған кәсіпорын мен оқу мекемесі арасындағы келісім шарт негіз болып табылады. Оқу материалдарын практикалық тұрғыда өндірісте игеруде шебер басшылығымен атқарылатын жұмыстар:

v Оқушыларды нұсқаудан өткізу.

v Оқу бағдарламасы талаптарына сай оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етуді бақылау.

v Оқушы орындаған жұмыс қорытындысын көру, оған баға қою;

v Жаңа техника мен технологияларды оқып үйренуде тапсырма беру және қадағалау;

v Алдыңғы қатарлы іс – тәжірибені, жұмыста атқару технологиясын игеруді ұйымдастыру;

v Тәлімгер – жұмысшылар басшылығын қадағалау;

v Әрбір оқушының жұмыс кестесіне сай цехта, өндірісте ауысып отыруын бақылау;

v Өндірістік оқыту күнделігінің жүргізілуін бақылау;

v Техника қауіпсіздігі шараларын, еңбек қорғауды дұрыс ұйымдастыру, санитарлық – гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалау;

v Еңбек ұжымының қоғамдық өміріне араласу;

v Бригадасында, цехта, жұмыс орнында еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру, творчествалық белсенділігін көтеру;

v Жұмыс орнын, цехты өзгерткен кезде оқушыны ағымдық нұсқаудан өткізу;

v Қателіктерді, ақауларды байқау және жою, болдырмау шаралары;

v Атқарған жұмысына есеп бере білу.

Өндірістік оқыту кезінде кейбір мамандықтар бойынша жас ерекшелігі, іс – тәжірибе жинақтауын, қажетті біліктілікті талап ететін жағдайлар кездеседі. Мысалы, мұнай – газ өндірісі, химия, жылу және металлургия өнеркәсібі мамандардың белгілі бір жасына шектеу қойып, жаңа техника мен технологиялық жабдықтармен жұмы істеуге белгілі бір іс – тәжірибе жинақталған соң жұмысқа жіберіледі. Мұнда оқушы – практикант негізінен бақылаушы ретінде қатысады. Мұны өткен тарауларада әңгіме еткенбіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Білікті жұмысшылар бригадасында жұмыс істеген оқушылардың негізгі жетістіктері мен кемшіліктерін ата?
  2. Мұндағы шебердің міндеттеріне тоқтал?
  3. Өндірістік ауысуларда нұсқау қажет пе?
  4. Тәлімгерлермен жұмыста шебер қандай нұсқаудан өткізуі керек?
  5. Жұмысшы – тәлімгермен жұмыс барысында шебер қандай дәрежеде қарым – қатынаста болуы керек.
  6. Өндірістік күнделік – ол қандай құжат?
  7. Жұмысты ғылыми ұйымдастыру деп нені түсінесің?
  8. Техника, еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария нормаларын сақтау не үшін қажет?

Оқушыларды өндірістік практикасының мақсаттары мен міндеттері.

Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінде бастауыш және орта кәсіптік білім беру орындарындағы оқушылардың өндірістік практикасына басқа білім сатыларына қарағанда ерекше мән беріліп, бағдарламада мамандандыруға жеткілікті оқу мерзімі берілген. Оның ерекшелігі мынада:

v Бітіруші болашақ кәсібімен өндірістік жағдайда толық танысып, өмірдегі аз орнын анықтап, біле алады;

v Ол мейлінше өндірістік жағдайға икемделген;

v Өндірістік практика өнеркәсіптің штаттық кестесіне сай жүргізіледі;

v Оқушы мүмкіндігінше жұмыс орнын ауыстырмайды. Бұл тек аралас әрі ұқсас мамандықтарға ғана тән.

Өндірістік оқытудың жұмыстық бағдарламасы алдын–ала оқу орнында директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасарымен келісіле отырып, базалық кәсіпорын қызметкерлері қатысуымен жасалынады және басшылармен бекітеді. Ол әдістемелік бірлестік комиссиясы отырысында талқыланып, мақұлдануы тиіс. Бағдарлама егжей–тегжейімен оқушыларға таныстырылып – үлгі – схема дәптерлеріне конспектіленеді.

1. Жалпы жағдайлар: практика өткізу мерзімі, бағдарламадағы бөлінген сағат саны, оқушыларға жұмыс тәсілдерін игеруге бөлінген уақыт, еңбек режимі, практиканы ұйымдастыру, қорыту.

2. Практиканың оқу – тәрбиелік міндеті.

3. Негізгі атқаратын жұмыстар мазмұны мен олардың сипаттамасы.

4. Практика өткізілетін кәсіпорын мен еңбек түрі, жұмыс орны сипаттамасы, оқушылар жұмыс істейтін цех номер не аты, жұмыс істейтін техника мен құрал–жабдықтар, құрылғылар, еңбек өнімділігін арттыратын агрегаттар, механизмдер және бақылау - өлшеу аспаптары т.б.

5. Оқушылар атқаратын жұмыс, шығарылатын өнім түрі – бағдарламаның негізгі тарауы болуы тиіс;

6. Жаңа техника мен технологиялық жабдықтар туралы мәлімет, еңбек өнімділігін арттыруда жұмысшы–новатор істерімен танысу, игеру.

7. Шеберге әдістемелік кеңес: практика жұмыстарын рәсімдеу, сабақ жоспарларындағы үйлесімділік, оқушыларға берілген тапсыпманы қадағалау, қауіпсіздік ережесін сақтау т.б.

Міне, осыларды басшылыққа алған өндірістік оқыту шебері өз ісінде шәкірттері мен кәсіби біліктілікті арттыруды табысқа жететініне сеніміміз мол.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных