Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістік практикада оқушылар бригадасына басшылық жасау.




Оқушылардың өндірістік бригадасына басшылық жасауда шебердің бірнеше жұмысты қатар атқаруына тура келеді, оқу – тәрбие жұмысын басқару, техника мен технологиялық процесті бригадалық жүйемен басқару, өндірістік жұмысты, өнім сапасына, оның дер кезінде шығарылуы жауапкершілік. Бұл көптеген кәсіби білімберудің осы бір жауапты учаскесінде қиындық туғызып келеді. Соңғы жылдары шыққан Үкіметіміздің «Базалық кәсіпорын туралы Ереже» және «Оқушылардың өндірістік практикасы туралы Ережелері» шығуы бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындары қызметін белсенді түрде іске асыруына мүмкіндік жасап, ілгері жылжытты. Оыған орай базалық кәсіпорын оқыту шеберіне көмекші өндірістік практикаға жауапты инженер – техник қызметкерлер, білікті жұмысшыларды оқушылар бригадасы құрамына ендіріп, өндірістік ортада дұрыс жұмыс ахуалын қалыптастырады. Дегенмен, кәсіби біліктілікті қалыптастырудың алғашқы бастамасы болғандықтан оқушылардың өндірістік бригадасына басшылық жасуда мына факторларға мән беруді жөн көрдік.

v Оқушылардың өндірістік бригадасын жасақтағанда, олардың оқу шеберханасында құрылған бргадасы құрамын мүмкіндігінше сақтау керек. Бұл бригада дұрыс еңбек ахуалының қалыптасуына әсер етеді.

v Бригадирлерге тәжірибелі, ұжыммен, олардың негізгі міндеттерін анықтап беру керек:

- шебермен бірге смена бойынша бригада тапсырмаларын белгілеп, анықтау жоспарлау,

- бригаданың жұмысты өнімді, сапалы атқарып, жабдықтарды, шикізат пен жасау материалды энергияны үнемдеуге әрекет.

- Бригаданың әрбір мүшесіне тапсырманы жеткізу,

- дайын өнімді я атқарылған жұмысты шеберге я техникалық бақылау бөліміне өткізу,

- бригада тапсырмаларын оның әрбір мүшесінің орындауын, қатысуын қадағалау,

- бригада мүшелері арасында дұрыс жұмыс істеу ахуалын қалыптастыру

- бригадирлер кеңесіне қатысу.

v Өндірістік оқыту шебері, оқушылар және бригадир, бригадаға бекітіліп берілген білікті жұмысшы мына арақатынаста болуы тиіс: Шебер – жұмысшы – оқушылар – бригадир – жұмысшы – оқушылар - жұмысшы

v Кешенді оқушылар бригадасын басқару: жұмыс мақсаты, түрі, орындалу күрделілігін анықтау, жұмыстағы жағдаяттар, есеп беру.

v Өндірістік оқыту шеберінің оқушылар бригадасына біліті жұмысшы басқарғандағы жұмыс барысын оқушылармен арақатынасын бақылайды.

v Шебердің кіріспе нұсқауы:

- өндірістік учаскеде бүкіл ұжыммен

- жұмысқа кірісер кезде бригада бойынша ережені түсіндіру.

- Білікті жұмысшы басшылығын методикалық көмек

- Кіріспе және ағымдағы нұсқауларды үйлестіру

v Тәсілдерді көрсету:

- тек өндірістік оқыту практикасына ғана тән тәсілдерді көрсету ерекшелігін сипаттау,

- өндіріс жағдайын, жұмыс орнында көрсету,

- егер шебер бұл тәсілді толық меңгерсе ғана көрсетуіне болады,

- білікті жұмысшының тәсілді көрсетуі тек қажет болған жағдайда ғана,

v Жаңа тәсілдерге, технологиялық процестерге арнайы жаттығу жасау, жаңа техника ерекшелігін бөлек үйрету.

v Оқушыларды ағымдағы нұсқаудан өткізу.

- негізгі міндеті - жұмысқа техникалық талаптар мен өндірістік технологиялық процестерді сақтау, оқушылардың өндірістік өзіндік әрекетін дамыту.

- Олардың жұмысты атқаруын ұдайы бақылау.

- Шебер мен білікті жұмысшы бұл бойынша міндеттерді өзара бөлісіп алуы қажет.

- Оқушы – бригадир рөлін тұрақты көтеріп отыру әдістемелік көмек беру

- Операция араларында жұмысты қадағалау оқушылар бригадирі – білікті жұмысшы – шебер, техникалық бақылау бөлімі (ОТК)

- Кездескен ақаулар, оларды байқау және жою, болдырмау шаралары туралы ағымдық нұсқау.

- Жұмысты ұйымдастыру мен ұжымның еңбек етуі жөнінде қоыту, өндірістік жиналыста хабарлау, есеп беру.

Өндірістік практика кезінде оқушы білікті жұмысшыдан тек іс - әрекет, қимылды үйрену емес, оның жақсы жақтарын өзінше дамытып, кәсіби шеберлігін творчествалықпен ұштай білуі тиіс.

Бақылау сұрақтары:

1. өндірістік жағдайда оқушылар бригадасын қалай жасақтаған жөн?

2. Оқушылар бригадасының негізгі міндеттерін ата?

3. Шебер – бригадир – білікті жұмысшы – оқушы арақатынасын қалай дұрыс бағыттауға болады?

4. Кіріспе нұсқау, оның оқу шеберханасындағы нұсқаудан айырмашылығы қандай деп ойлайсың?

5. Ағымдағы нұсқау мәнін түсіндір?

6. Өндірістік жиналыстың оқу – тәрбие жұмысына әсері қаншалықты? Талдау, қорыту, есеп беру не үшін қажет?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных