ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тәрбие сағатын өткізудің әдістемелік нұсқауыТақырып: «Тәрбие басы- тал бесік» Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» -дегендей атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеу. 2. Ағартушылық: Балаларды тек ізеттілік пен қайырымдылыққа баули отыра, жақсы қасиеттерін үстемелеу. 3. Нұсқаушылық: Қазіргі таңдағы өмір ағымына жаманнан жирендіріп, жақсыға үйрету. 4. Бағыттаушылық: Оқушылардың бойындағы бар жақсылық қасиеттерін өмірде орынды қолдана білуге бағыттау. Өткізу әдісі: Сұхбат Көрнекілігі: Шақыру қағазы, хабарландыру, нақыл сөздер.
Ткізу жоспары 1.Кіріспе. Сәлеметсіздерме, студенттер (оқушылар)! Сынып сағатына келмегендердің тізімін беріңіздер. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәрбие басы-тал бесік». Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған елге, жерге, ұлтына, тіліне деген қызығушылығын ояту Сұхбатқа белсене қатысуларыңызды сұраймыз. 2. Негізгі бөлім. Қысқаша тақырыпты ашып әңгімелеп студенттерді (оқышуларды) әңгімеге тартып олардың ой-пікірін ортаға салуына ықпал етеміз. Сұрақ арқылы. 1. Қорытынды. Тәрбие сағатын қорытындылау барысында, белсене қатысқан студенттерді (оқушыларды) атап, жеке-жеке баға береміз. Ткізу жолы Сәлеметсіздер ме студенттер, ұстаздар «Тәрбие басы- тал бесік» атты сұхбатымызға келген барша қауым. Бүгін сіздер біздің сұхбатымызға бала тәрбиесі жайлы өз ойларыңызды ортаға салдып, білместіктеріңізді толықтырып, ат салыса отырыңыздар! Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың сыр-сипаты айқындала түседі. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» - дегендей, атадан мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «Шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүріміз» дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын атлап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей, жалықпай баласының санасына сіңіре білген. Жастық шақ кісінің өмір жолын, өзінің қандай жағдайға жеткеніне, неге шамасы келетініне, дүниеде не үшін өмір сүріп, жер басып жүргеніне, нені біліп, не қойғысы келетініне, жұртқа қандай пайда тигізетіндігіне, яғни өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең. Бір сөзбен айтқанда, осы кезеңде олар өзін-өзі қатты қадағалайды. Бұл үшін ол жоспар құрып, оған қажетті түрлі іс-әрекеттер мен шаралар белгілецйді, тиісті жаттығу жасауды ойластырады. Әрине, мұнысы үнемі жүйелі жүргізілсе нәтижесіз де болмайды. Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі үш пен бес жас аралығы. Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып, бұларға «Жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең» деп айдар тағып тұр. Осы ерекшелікті әлім-сақтан аңғарған ата-бабаларымыз- төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық айыр көшей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасында сәби шақта қалатынын ерекше ескеріп, осынау бал дәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Сондықтанда бүлдіршін мен балдырғанға жоғарыда айтқанымыздай елі, жері, суы туралы, ата-тегі, төрт түлік малы, Жан-жануарлар мен өсіидіктер дүниесі, аспан денелері, табиғат құбылыстары, ауа-райы т.б. жөніндегі оның түсінігіне лайық, қысқа да нұсқа жүйелі мағлұматтарды әр түрлі әдіспен жеткізіп отырған. «Бір бала бар- жасық туады, бір бала бар -әкесінен асып туады» деп, халық «жасық туған» баланы да жұрт қатарлы азамат болуға, «асып туған» баланың іс- әрекетін қуаттап, оны үлгі ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде ата-анаға қызмет ету- борыш, ата салтын орындау-парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау парыз. Жеке адамның адамгершілікке, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады. Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайттарды топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйеолілік принципіне ерекше мән Берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбңе, көркемділік, сымбаттылық секіліді сан-салаға жұптастырған. М.Әуезовтың: «Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен. Баланың жаарық дүниеге келген осы жайтын ескере келіп, мұндағы ұлттық рәсімдер мен тәлімдік тәсілдерін рет-ретімен жүйелі қолдана білу абзал. Сұрақтар: 1. Отбасында ақыл-ой тәрбиесі қалай жүреді? 2. Имандылық тәрбиесі дегеніміз не? 3. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не? 4. Бала тәрбиесінің бұзылуы от басынан ба, әлде өз ортасына байланысты ма? 5. «Ұлттық тәрбие артта қалушылық» деген келеңсіз ойға қосыла аласыздар ма? Орытындылау Ал, бүгінгі сұхбатымызға алтын уақыттарыңызды бөліп ой бөлісіп отырғандырыңызға көп алғыс айтамыз. Келелі ойларын айтып, өз көзқарастарын білдіріп ат салысып отырған студенттер «жақсы» деген бағамен бағаланады. Келесі кездескенше күн жақсы. Қош сау болыңыздар. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|