Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Механикалық жүйе. Масса, массалар центрі және инерция моменттері




Механикалық жүйе (МЖ) деп өзара әрекеттесетін МН-лердің немесе денелердің жиынтығы аталады. Материалық дене оны құрайтын бөлшектердің МЖ-сі болып келеді. Нүктелерінің қозғалысы байланыстармен шектелмейтін МЖ еркін материялық нүктелердің жүйесі деп аталады. Жүйенің нүктелеріне қарастырылып отырған жүйеге кірмейтін денелерден түсетін , k= 1,2 …,n күштері сыртқы күштер деп аталады. Ішкі күштер деп жүйе нүктелері бір- біріне түсіретін , k= 1,2 …,m күштері аталады. Ішкі күштер жүйесінің бас векторы мен бас моменті нөлге тең болатынын көрсетуге болады. Бұдан ішкі күштер жалпы жағдайда теңгерілетіні шықпайды, өйткені олардың әсерінен жүйе нүктелерінің орын ауыстырулары болуы мүмкін (АҚД үшін теңгеріледі).

Жүйе массасы деп жүйе нүктелері массаларының қосындысын атайды

M=Σmk. (6.1)

Жүйенің массалар центрінің орны (С нүктесі) келесі формулалармен анықталады

, (6.2)

(6.3)

Дене үшін келесі болады

, (6.4)

. (6.5)

Ауырлық күштердің біртекті өрісінде массалар мен ауырлық центрлері түйіседі.

МЖ-нің өске және нүктеге қатысты инерция моменттері деп келесі шамалар аталады

Jl=Σmk∙hk2. (6.6)

JO=Σmk∙rk2 (6.7)

мұндағы hk мен rk – дененің массасы mk нүктесінің l өсіне дейінгі және O нүктесіне дейінгі қашықтытары.

Қатты дене үшін өске және нүктеге қатысты инерция моменттері

, (6.8)

. (6.9)

Декарт өстеріне және координаттар басына қатысты инерция моменттері

Jx=Σmk∙(yk2+zk2), Jy=Σmk∙(xk2+zk2), Jz=Σmk∙(xk2+yk2), (6.10)

JO=Σmk∙rk2= Σmk∙(xk2+yk2+zk2). (6.11)

Координаттық жазықтықтарға қатысты инерция моменттері келесіге тең

Jxy=Σmk∙ zk2, Jyz=Σmk∙xk2, Jxz=Σmk∙yk2. (6.12)

Келесі тәуелдіктер орын алатынын дәлелдеуге болады

2JO= Jx+ Jy+ Jz, (6.13)

JO= Jxy+ Jyz+ Jxz. (6.14)

Дене үшін инерция моменттері массалар бойынша интегралдармен анықталады

, , . (6.15)

Гюйгенс-Штейнер теоремасы: жүйенің кейбір z өсіне қатысты Jz инерция моменті сол өске параллель, массалар центрінен өтетін zC өсіне қатысты жүйенің JzC инерция моментінің және жүйенің M массасының өстердің d арақашықтығына көбейтіндісінің қосындысына тең

. (6.16)

Параллель өстер жиынтығы арасында массалар центрінен өтетін өске қатысты инерция моменті ең кіші болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных