Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мінез туралы жалпы түсінік.




Мінездің фенотиптігі, темпераменттің генотиптігі.

Әрбір адам басқа адамдардан езінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бүл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Психологияда бұл— дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.

Мінез — әрбір адамның жеке басына тэн өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудіні нәзіктігі, көздің кергіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.

Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады.

Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалык процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV—III FF). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (XVIII ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бүл — әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент — адамда туа пайда болатын генетипті организм қасиеті. Осы кезқарасқа орай, мінез — шың туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі. ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.

И.Кант (XVIII F.) мінезді темпераментней салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттерін-туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т. б. мінездің туа пайда болумен катар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барльіқ сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.

Мінез – адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі болып сипатталады. Мінез негізінде жеке адамның моральдық –еріктік қасиеттері жатады.Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің, адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез көріністерінде байқалады.

Мінез адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет.

Мінез қоғамдық-тарихи құбылыс. Олай болса, уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан жалпыға ортақ мінез де болмайды. Белгілі тарихи дәуір туғызған белгілі типтік, жеке адамдар (индивидуальды) мінезі ғана болады.

Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алсын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын саналы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі, адамды әр қырынан көрсететін қасиет.

Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Теофраст Афина жұртының 30 астам тап өкілдерінің мінез бітістерінің 30 дан астам нашар жақтарына талдау жасады (суайт, мылжын, жағымпаз т.б.).

Ал, француз жазушысы 17ғ. Лобрюгы нашар мінез бітістерінің 4500-ден астатына сипатама берген. Мінез туралы теориялар 19 ғ.аяқ кезінен бастап көріне бастады.

Зерттеушілер адамның мінезін дене құрлысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Яғни дене құрлысы қандай болса оның мінезі соған сәйкес келеді және сыртқы бет,дене қимылдарынан зерттеуге болады деді. Осы кезде френология,графалогия деген ағымдар пайда болды.

Френология – (Ф.Галлет) адамның бас сүйегіне, формасына жүйке саласына қарап адамның мінез-құлқын ажыратуға болады. Сонымен бірге, ақыл ой дәрежесін де.

Графология ілімі (Аристотель, Гефаст т.б.) жазуына қарап ажыратуға болады деді.

Бірақта жан қуаттары қалпында тұрған кісінің мінез бітістерін объективтік әдістерімен зерттелуі тиіс. Адамның ойының барлық ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымыныа кірмейді. өйткені бір дәрежеде барлық сезімдері бір қалыпты адамдардың мінезі әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен жауыз,мейірімді т.б. Сондықтан мінез ақыл сезімге байлаулы емес қайрат дәрежесіне қарай бөлінеді. Мәселен: сөізнен ісі айырмайтын екеуі екі бөлек жойылмайтын болса, ондай адамды мінезі қайраты берік мінезді адам деп атаймыз. Мінез адамның ерік жігерімен байланыста, адамдарды мінезіне қарай жіктегендегі өмірге ең жақын жанасатын жіктес- Лазурскийдікі ол, мінезді жіктеуге ортаның ыңғайына түсуді негіз қылады. Мұны «белсенді ыңғайласу» дейді. Ыңғайласу-толық, кең болуға да, тар, кең болуы да мүмкін. Ыңғайласуға кең адамдардың төменгі одан артырақ болса орта, толық ыңғайласатындарды жоғары сатыға еңгізді. Олар бірінен бірі әуелі сыртқы қызметінің күрделі, молдығымен, кеңдігімен айырылады. Екіншіден, күштілігімен, табандылығымен. Үшіншіден, мұратымен және саналылығымен болса,Төртіншіден, жан қуаттарының бірі- бірімен бағынуы, осы сипаттардың бәрі қосыла бір адам жасайды. Содан кейін адамдардың төңіректегі өмірге қатнасы жағымды, жағымсыз болуы мүмкін.

И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары нерв қызметінің тума типтермен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланысының өзіңдік «құйындысы» деп түсіндірді. Яғни ол былай деп түсіндірді. «адамның мінез құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты емес, организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты сонымекн бірге тәрбие, үйрету жұмыстарына байланысты. Срндай-ақ екінші сигнал системасы да ықпал етеді».

Үйреншікті іс-әркеттің бір тәсілі – елкітеу, сондай болсам екен деп ниет білдіру.

Бала өіне ұнаған адамның қимыл қозғалысына, іс-әркетіне еліктейтін болса, онад сол кісінің бала мінезіне, ішкі жан дүниесіне әсерін тигізіп, мінез ерекшеліктерінің жақсы жақтарын қалыптастыруғы ықпал еткені. Адам мінезіне еліктеу оның іс-әркетіндегі үлгілі жағы болса ғана пайдалы болмақ.

Педагог К.Д.Ушинский бала мінезінің дамуы мен қаылптасуын жаңа отырғызылып, көктей бастаған ағаш көшетімен салыстырып, көктеп келе жатқан ағашқа тырнақ дағымен із салса, ол өсе келе шорланып, буынданып кетеді дейді. Сондықтан, бала мінезін тәрбиелу -әрі нәзік,әрі игі мақсатты іс.адамның мінезі –оынң бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, өзін-өзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып отыратын психологиялық даралық қасиет.

Халқымызда «Баланы жастан»деген мақал бар. Оның түпкі мәні адам бойындағы жағымды мінез-құлық пен игі қасиеттер бала кезден бастап қалыптасады дегенге саяды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных