ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Эсктраверттелген -аңқылдақ, белсенді, ақжарқын адам, кейде сенгіш, мақтаншақ.Жүгенсіз типке- күйгелек, ұрысқақ, жанжалқой, шыдамсыз, арам ойлы келеді. Сондай-ақ жеке адамның дербестік дәрежесіне орай типтерге бөлуде бар: конформды- басқа біреулердің ой пікірімен санасқыш, иланғыш,көне қоятын адамды жатқызуға болады. дербестік- өзіңдік нанымы бар, нақтылы шешімге келе алатын адам. Яғни бұл жіктеулердің барлығыда біржақты, бұларда жеке адамның моральдық қасиеттері ескерілген. Мінез және адамның жас сатылары. Адамның алғашқы өмірін қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмытлады. Соған байланысты өз қылық -әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солай да болса, балалық шақта игерілген тәжірбие мен білім бозбалалық кезеңнің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді. Бозбалалық шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да біртеткей келелді, қажеттіктер ауқымы кеейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу, тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз да ауыр болуы мүмкін.Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруың одан да күрделірек. Бозбалалық шақьтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, «бақыт» мән-мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көсіз ұмтылысенді «бақыт-сыздықтың» қорқынышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Адамның ендігі өмір желісі көп шарпаусыз, байсалды да аңдап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағындыру қажеттігін аңдай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала нақты, күтілмеген бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастайды. Енді бозбала өзінің бар қуат-жігерін пайдалы да қажетті, қолынан келер іске бағыштайды. Тұлғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бірақ әлі де жас жігіт басқалард бағалауда өз сезім өлшеміне көбірек сенеді., махаббат, достық, әлеуметтік қатынастардың басқа да формаларын өзінің тұлғалық бейнесін нығайта түседі. 30-40 жаста адам өмірінң жаңа сатылық деңгейіне көтеріледі. Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процесс алғашында рухани құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейді. Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке оқиғалар жиынығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы ширегі ғана ең ұзақ, қымбат әрі бақытты көрініп, қайталана жадқа келе береді. Қалғаң шақтардың бәрі қысқа да сарсаң өмір күйбеңіндей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Мінездің қалыптасу заңдылықтары. Мінездің жекеленген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасынан байқалады. Ал оның азаматтық қарым-қатынасы қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасады. Адамның өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік — мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді. Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез-қүлықтарының қалыпта-суына кері әсері тиеді. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиеленген бүлдіршіндердің өзара қарым-қатынастары да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерінің қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|