ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тұлға және мінезТұлға құрылымында орталық орынды мінез алады. Адам мінезі көптеген адам бойындағы ерекшеліктерге, соның ішінде танымдык. процестерге де әсер етеді. Мінез әрбір адамның жеке-даралығын және жеке адамдық ерекшеліктерін көрсетеді. Адам мінезі жеке адам қызығушылықгарымен, қажеттіліктерімен, бағдарларымен, бағытымен, мотивімен, т.б. байланысты. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қалыптастырылады. Мұндай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін керсетеді. 1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайлылық. 2. Ұжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талапқойғыштық, асқақтық, менсінбеушілік. 3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік. 4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы, ұқыпсыздығы. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттары болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының ерекшеліктеріне мыналар жатады: 1. Мінездің терендігі. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді. 2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет мінездің күші. Осыған орай, адам мықты, жақсы, тұрақты және нашар мінезді болып келеді. 3. Мінездің тұрақтылығьшың, бейімделгіішігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштілік көрсетіп, мінездің күшін аңғартады.
Негізгі әдебиеттер: 1.Сәбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы., 2003ж 2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері Алматы., 2002ж. 3.Жалпы психология. //В.В. Богословский т.б. редакциясымен/ Арнаулы редакторы Қ. Жарықбаев / Алматы: Мектеп. 1980. 4.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім. 1993. 5.Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы: Қазақ университеті. 1993. 6.Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Алматы: Мектеп. 1966. 7.Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология. Алматы: Рауан. 1995. 8.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: Білім. 1996. Қосымша әдебиеттер: 9..Немов Р.С. Психология. Москва: Просвещение, Владос. Книга 1. Общие основы психологии. 1999. 10..Итбаев Н.И. Жалпы психология. Ақмола., 1992. 11.Айбалов Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу А., 1972 12. Педагогика және психология / қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. А., 2002
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|