Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мінез түрлері мен типтері




Мінез түрі өзінің құрамындағы жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөліненді. Негізгілері адамның бағыт- бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтуристік бітістерінің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық, яғни, альтуристік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қсаиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістері қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.

Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірілік объектердің маңызымен анықталады:

1. Басқа дамдармен қатнасына қарай (шыншыл, -өтірікші, әдепті – дөрекі т.б.).

2. Орындалатын іс –қызметіне орай (еңбекқор-еріншек т.б.).

3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл- өзімшіл т.б.).

4. Заттарға қатынасынан (сақи- ашкөз, ұқыпты – салақ т.б.).

Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз,дегенмен тұрақты, нақты мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне байланысты. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т,б, формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екеншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама –қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастыарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыратылуына себепші болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных