Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мінез құрылымы




Мінездің қалыптасуы: психикалық процестер, психикалық көңіл –күй, жеке бастың қасиеттері, мінез қасиеттері, мінез бітістері.

Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.

Мінез құрылымы: адам қасиеттерінің тұтас жүйесі, сенім, қажеттілік, мүдде, интеллект, ерік, сезім, темперамент.

1) Мінез-адам қасиеттерінің тұтас жүйесі. Мінез бір-біріне белгілі бір қатынас байланысы бір жеке адам қасиеттерінің жүйесі,тұтас құрылым болып табылады.Сондықтан,адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп,оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады.Мәселен:ақжарқын т.б.

2) Сенім. Сенімділік адам мінез-құлықтарының принциптілігін,бас имейтінділігін,өз күш-жігерін жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін анықтайды.

3) Қажеттілік пен мүдде. Яғни рухани немесе материялдық қажеттілік пен мүдденің өктем адамның сезімдерін ғана емес,

іс бағытын да анықтайды.

4) Интеллект. Мінез туралы сөз болғанда ойлау дұрыс емес,есте қалыптасқан ақыл сапасы жайлы болады.Ақыл-ой әдеттері(жұмыстағы жоспарлылық,) қалыптаса келе мінез сипатына айналады.

5) Ерік. Ерік-жігері күшті адам талап-тілектерінің және қылықтарының, өз бетінше әрекет ете алуымен көзге түседі.

Жігерлі мінез нақтылылығымен,тұрақтылылығымен мақсатқа жетудегі беріктігімен ерекшеленеді.

6. Сезім дегеніміз -әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынс. Адамның нені сүйіп, нені жек көретіндігін білдіреді. Мәселен. Селқос, дөрекі ұстамсыз т.б

7.Темперамент. байсалдық немесе сылбырлық, тұйықтық, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделуін т.б. сипаттарын анықтайды.

Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді.

1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т. б.

2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.

3. Өзіне-өзінің қатынасы: қарапайымдылық, кішіпейілділік, өркекіректік, даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік,

4. Заттарға қатынасы; ұқыптылық, тиянақтылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы т. б.

Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:

1- Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.

2. Мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.

3. Мінездің тұрақтылығы-ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар.Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп мінезінің күшін аңғартады.

Нәсілдік және мінез. Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардың нәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, оның темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ дейді; (Э. Кречмер, У. Шелдон). Шындығында да, организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез касиеттері нәсілдік биологиялық зандылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады. Мінездің нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егіздерді зерттеу нәтижелері арқылы теріске шығарылады. Өйткені, бір тұқымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері бірдей. Ал темпераменті жөнінен олар бірінен-бірі бөлек. Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қарап өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі оның физиологиялық нёгізі — жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.

Мінездің типтік бітістері: отан сүйгіштік, мақсаткерлік, борыш, мейірімділік т.б.

Отансүйгіштік – кісінің бойындағы күш қуатын, білімі мен тәжірбиесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір –жуып-кіндік кескен жеріне білдіретін перзеттік борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.

Мақсаткерлік - бұл адамының өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт –бағдар позицисына, танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыры алуы.

Борыш пен жауапкершілік - бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана –сезімді қажет етеін қасиет. Адамның үйі-іші,әке-шеше,тума-туысқандарына қатысты перзеттік парызынан туындайтын қасиет.

Мейірімділік пен ізгілік - егіз қозыдай осы екі қасиет – басқалалрға көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді.

Адалдық пен шыншылдық – бұл екеуі бірі бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам –адал. Адалдық –сөздің таным мен сенімге штасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2025 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных