Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі қорларды пайдалануды талдау




 

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды. Негізгі қорлар - бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.

Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).

Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Негізгі қорлардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдардың әртүрі бойынша бастапқы құнға мына шығындар кіреді:

- жер учаскесінің бастапқы құнына:жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөніндегі келісім-шартты рәсімдеу үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі;

- құрал-жабдықтардың бастапқы құнына: құрал-жабдықтарды сатып алу құны, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп, түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтарды пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар жатады.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі - бұл реконструкция, техникалық қайта жарақтануы, модернизация және капиталды жөндеу жолымен олардың үздіксіз жаңарылу процесі.

Негізгі құралдарды тиімді пайдалану көрсеткішін талдаудан кәсіпорын негізгі құралдарын тиімді пайдаланғанын көруге болады (кесте 4).

 

Кесте 4

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2012-2014жж. негізгі қорларын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер жыл жыл 2014 жыл Ауытқу
(+;-) %
Өнім (қызмет, тауар) өткізуден түскен түсім, мың тг         106,6
Негізгі қорлардың орташа құны, мың тг     732085,8   113,1
Қор қайтарымы, тг 1,06 0,83 0,78 -0,05 94,3
Қор сыйымдылығы, тг 0,95 1,21 1,28 0,07 106,1

 

4-кесте мәліметтері бойынша, кәсіпорынның негізгі қорлары 2012 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 0,2 пайызға өскен. Бұл көрсеткіштің өсуіне ықпал еткен соңғы жылы кәсіпорынның жаңа машина мен құрал-жабдықтар сатып алуы. Ал, 2013 жылмен 2014 жылды салыстыратын болсақ, негізгі қоралдың құнының 35,4 млн. теңгеге немесе 6,6 пайызға өскенін көреміз. Яғни, 2014 жылы кәсіпорынмен негізгі қорлар құрамы толықтырылмағанын көруге болады.

Жоғарыдағы кесте мәліметтері бойынша, қор қайтарымы 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 0,23 теңгеге немесе 21,5 пайызға кеміген, ал 2014 жылды 2013 жылмен салыстырғанда 0,05 теңгеге немесе 6,7 пайызға кеміген. Соңғы жылы қор қайтарымының төмендеуіне тауарлы өнім құнының 35,4 млн. теңгеге немесе 6,6 пайызға және негізгі қорладың жалпы құнының 84,5 млн. теңгеге немесе 13,1 пайызға өскені әсер етті.

Айналым капиталы - өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.

Қолданыстағы айналым капиталының мөлшері өндіріс көлемі мен айналым уақыты арқылы анықталады. Ауыспалы айналым процесінде капитал құнының бір бөлігі өндірістік айналым капиталының материалдық қоры түрінде болады. Егер капитал айналымы бәсеңдесе өндіріс процесінің тоқтап қалмауын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер айналым капиталына қосымша қаржы жұмсауға мәжбүр болады. Ал айналым тездеген жағдайда, керісінше, айналым капиталы құнының бір бөлігін босатуға мүмкіндік туады.

 

Кесте 5

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2012-2014жж. активтері

 

Көрсетікштері 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
Жыл басында Жыл аяғында Жыл басында Жыл аяғында Жыл басында Жыл аяғында
Айналым капиталы, мың тг            
Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың тг            
Таза айналым капиталы, мың тг            

 

5-кесте мәліметтері негізінде, таза айналым капиталының өскенін көруге болады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынға түсетін табыстың шығындардан жоғары екенін сипаттайды. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жыл 19,53 млн. теңгеге немесе 58,5 пайызға, ал 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 126 мың теңгеге немесе 0,24 пайызға өскен. Кәсіпорынның өіндік капиталы жеткілікті болғандықтан, қарыз капиталында қажеттілік жоқ екенін білдіреді.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных