Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азагроқаржы» акционерлік қоғамының индустриаландыру стратегиясы және оның жетістіктері




 

«Қазагроқаржы» акционерлік қоғамы АӨК технологиялық дамытуға әсерін тигізетін негізгі факторлар өндіріс тиімділігі мен техникамен қайта қаруландыру, жаңа өнім түрлерін өндіруді игеру жылдамдығы және ең жаңа агротехнологияларды тарту болып табылады. Аталмыш факторлардың АӨК технологиялық дамытуға әсерін тигізетін ерекше әсері қазақстандық экономиканың құрылымымен, ағымдағы жағдаймен және оның өсу беталысымен, елдің ғылыми-техникалық саласындағы қалыптасқан жағдаймен себептеледі.

Агроөнееркәсіптік кешенге жаңа технологияларды енгізуге байланысты қазіргі жағдай қажетті деңгейге сәйкес келмейді және АӨК өнімдерінің тұрақты өсуін, жаңа тауарлардың әзірленіп, енгізілуін, олардың барынша жоғары бәсекеге жарамдылық деңгейіне шығарылмауын қамтамасыз етпейді.

Сөйтіп, өнімділігі төмен және еңбекті көп қажетсінетін жабдықтарды анағұрлым жаңа да тиімді жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік беретін АӨК өкәсіпорындарында толық масштабты технологиялық жаңарту жүргізу қажет.

Қазіргі кезде агроөнеркәсіптік кешендегі саланың қарқынды технологиялық дамуын қамтамасыз етуге жергілікті дамыған ғылыми-зерттеу базасының болмауы және дүниежүзілік стандарттарға жауап беретін қазіргі заманауи жабдықтар өндіру бойынша отандық қуаттардың болмауы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен техникалық және технологиялық жаңарту процесін импорттық технологияларды тартуға тәуелді етіп отыр.

Осыған байланысты, отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық деңгейінің артуы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жоғары технологиялы және өнімділігі жоғары жабдықтар мен техникалар сатып алуды қаржыландыру бойынша Қоғамның көрсететін қызметіне деген сұраныстарының өсуіне әкелмек.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен 2000-2012 жылдары Қоғам шамамен 284,3 млрд.теңгені игерді, соның ішінде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен -145,9 млрд.теңге, бюджеттен тыс ресурстар есебінен – 118,0 млрд.теңге, Ұлттық қордың қаражаты есебінен -43,1 млрд.теңге.

Агроөнеркəсіптік кешенді техникалық-технологиялық жаңарту саласындағы жағдайды талдау

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 159143 бірлік (бұдан əрі - бірл.) шынжыртабанды жəне доңғалақты тракторлар, 91725 бірл. тұқым сепкіш, 45503 бірл. астық жинайтын комбайндар, 2408 бірлік егістік кешендері, 336542 бірл. Топырақ өңдеуші техника, 85761 бірл. трактор тіркемелері, 51026 бірл. жүк автомобилі есепке алынды, нормативтік пайдалану мерзімі 7-10 жыл болғандағы ауыл шаруашылығы техникалары паркінің орташа жасы 13—14 жылды құрайды, қазіргі қолда бар ауыл шаруашылығы техникалары паркінің 70 %-ы - 1991 жылға дейін шығарылғандар.

2009 жылы 4233 бірл. ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішіндегі негізгі түрлері: тракторлар - 950 бірл., астық жинайтын комбайндар - 1150 бірл., жемшөп жинайтын комбайндар 11 бірл., тұқым сепкіштер - 430 бірл., егістік кешендері - 334 бірл., дестелегіштер - 172 бірл., басқа техникалар - 533 бірл.

Лизинг жəне кредит беру бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (бұдан əрі - «ҚазАгроҚаржы» АҚ) арқылы АӨК субъектілеріне 34,3 млрд.теңге сомасына кредит берілді, 1363 бірл. ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, соның ішінде тракторлар - 375 бірл., тұқым сепкіштер - 111 бірл., комбайндар - 690 бірл., арнаулы техникалар - 59 бірл. жəне қайта өңдеуші жабдықтар - 8 бірл.

Кредит беру нарығын талдау

2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕДБ банкілердің несие қоржынындағы 7644 млрд. теңге есебінен ауыл шаруашылығына 281,8 млрд. теңге сомасында кредит берді.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына кредит беру үлесінің банкілердің жиынтық несие қоржынына қатысты өзгеру динамикасының кері үдерісі байқалады. ҚР Ұлттық Банкінің мəліметтері бойынша 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін бұл көрсеткіш 12 %- дан 4,4 %-ға дейін қысқарды; 2009 жылы экономикаға берілген кредиттің жалпы сомасынан 3,69 %-ға дейін қысқарды.

95 %-дан аса кредит ірі жəне орташа ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін (бұдан əрі - АШТӨ) заңды тұлғаларға беріледі, кредиттің тек 4 %-ы ғана шаруа (фермер) қожалықтарына беріледі.

ЕДБ кредит беруінің орташа көлемі 15-22 %-ды құрайды, кепілдікті талап етудің қатаң түрлері көптеген АӨК субъектілері үшін орындалуы қиын жағдай болып табылады.

Лизинг қызметінің нарығын талдау

2009 жылдың аяғындағы жағдай бойынша республикада шамамен 46 лизингілік компания жұмыс істеді, 2008 жылы оның саны 48 болатын, олардың 12 ЕДБ еншілес құрылымдары болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша 2009 жылдың бірінші жартысында лизингілік компаниялар үшін өзінің қызметін ұсынатын негізгі салалар көлік жəне байланыс - шарттың жалпы құнынан 40%, ауыл шаруашылығы - 36%, құрылыс - 12%, өнеркəсіп - 9% болды. 2008 жылы ауыл

шаруашылығына - шарттың жалпы құнының 64%, өнеркəсіпке - 9%, құрылысқа - 8%, көлік жəне байланысқа - 6 %-ы тиесілі болды.

Банктермен (БТА Лизинг, Центр Лизинг, АТФ Лизинг, Темір Лизинг сияқты) аффилиирленген лизингілік компаниялардың сыйақы ставкасы орташа жылдық 14-24 %-ды құрады, лизинг мерзімі 5 жылға дейін, лизинг алушылар үшін алдын ала төлем көлемі лизинг заты құнының 15-40 %-ын құрайды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ бюджеттік қаржыландыру көздерінен жылына 4 %-дан бастап сыйақы ставкасы бойынша жəне бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен 12,5 %-ға дейінгі сыйақы ставкасы бойынша лизинг қызметін көрсетеді, лизингтің мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін, алдын ала төлем жарнасының көлемі лизинг заты құнының 15-20 %-ын құрайды.

Шағын кредит беру нарығын талдау

2009 жылы елімізде 1317 бірл. ШКҰ тіркелді, олардың жұмыс істейтіндері жалпы тіркелгендер санының 1088 бірл. немесе 83 %-ды, оның белсенділері 549 ШКҰ құрайды, оның ішінде ауылда жұмыс істейтіні 135 ШКҰ. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық жерлерде 465 ШКҰ орналасқан (тіркелгендердің жалпы санының 35 %-ы), оның жұмыс істейтіні - 404 (87%) ШКҰ, белсенділері - 147 (32%).

2009 жылдың қорытындысы бойынша ШКҰ берілген жалпы 40,8 млрд. теңге сомасындағы шағын кредиттердің жалпы саны 197 мыңнан астам кредитті құрады, оның жалпы сомасы 4,2 млрд.теңгеге 7 мыңы ауылдық жерлерге берілген кредиттер.

Берілген шағын кредиттер бойынша ШКҰ орташа сараланған сыйақы ставкасы 2009 жылы қысқа мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 31,5 %-ды жəне ұзақ мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 22,3 %-ды құрады; ауылдық жерлерде сыйақы ставкалары: қысқа мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 17,9 %-ды жəне ұзақ мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 13,9 %-ды құрады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных