Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Агроөнеркәсіптік кешеннің қамтамасыз етуші салаларының даму деңгейін талдау




 

2001 жылдан бастап экономикада берілген кредиттер көлемі 18 есеге жуық өсті. Екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) ауыл шаруашылығына беретін кредиттері де өсті, алайда, барынша аз ауқымда 2003 – 2011 жылдар кезеңінде бар болғаны 3,88 есеге өсті.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЕДБ және «Қаз Агро» ұлттық басқарушы холдингі АҚ (бұдан әрі – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ) еншілес ұйымдарының АӨК саласындағы кредиттік портфелі (595 млрд.теңге). Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілген күдікті және үмітсіз кредиттер сомасы мынадай негізгі факторлар әсерінің нәтижесінде шамамен 300 млрд.теңгені құрады:

1) негізінен 2006 – 2008 жылдары машина-трактор паркін жаңғырту мен жаңартуға қымбат және қысқа мерзімді кредиттік ресурстарды пайдалану;

2) 2008 жылғы қаржы дағдарысы;

3) қолайлы баға кезеңінде астық экспортына тыйым салу (2008 жылдың
15 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында), валюталық түсімнің төмендеуі және астық экспортының дәстүрлі нарықтарын ішінара жоғалту;

4) Ресей мен Украинада жақсы өнім болғандықтан, 2009 жылы астық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндігінің болмауы, бұл ішкі нарықта тауарлардың іркілуіне және бағалардың күрт төмендеуіне әкелді;

5) валюталық кредиттік берешекті 25 %-ға ұлғайтқан 2009 жылғы теңгенің құнсыздануы;

6) ауыл шаруашылығы дақылдарының төмен өнімділігіне әкелген 2010, 2012 жылдардағы қолайсыз құрғақ ауа райы жағдайы.

Нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бұрын қабылдаған кредиттік міндеттемелер бойынша жоғары сыйақы ставкасын және кредиттер бойынша негізгі борыштың бөлігін төлеу проблемасына тап болды.

Осыған байланысты кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, қаржыландыру, сондай-ақ АШТӨ бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен АӨК субъектілерін бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.

Жалпы АӨК-ні дамытуға республикалық бюджет қаражатынан
2007 – 2011 жылдар ішінде 1 571,9 млн. теңге бағытталды, оның ішінде, субсидиялар үлесіне (суды пайдалануды субсидиялауды есептемегенде) 25,9% немесе 407 млн. теңге келді. Сондай-ақ соңғы 5 жылда (2007 – 2011 жылдар) «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрамына кіретін қаржы ұйымдары арқылы АӨК-ні қолдауға республикалық бюджет қаражатынан 332,2 млрд.теңге, Ұлттық қор қаражатынан 120 млрд.теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығын кредит ресурстарымен қамтамасыз етуде айтарлықтай үлесті «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ алады, ол АӨК-де іске асырылатын инвестициялық жобалардың жартысын қаржыландырады.

АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және банкрот тәуекелдерін барынша азайту мақсатында қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.

 

Кесте 10

АӨК-ні қаржылық сауықтыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

 

Р/с № Көрсеткіштің атауы Іске асыру жылдары
               
  АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша төлем мерзімдері ұзартылған міндеттемелердің сомасы, млрд. теңге                
2. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде қарыздар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау көлемі, млрд. теңге 7,9 14,7 13,0 11,3 9,6 7,9 6,3 4,6

 

Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерінің меншік иелері, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының көлемдері бойынша бірлескен және тең өлшемді тепе-теңдік бастамада жүргізілуі тиіс.

Кредит берушілер: АӨК субъектілерінің қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауды (сыйақы ставкасын төмендету, кредиттерді қайтару мерзімдерін ұзарту, негізгі қарызын қайтару бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, мерзімі өткен сыйақыны есептен шығару, басқа шаралар арқылы), АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қайтаа қаржыландыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

АӨК субъектілерінің меншік иелері: кредит берушілер алдындағы міндеттемелерді толық өтегенге дейін пайданың бір бөлігін қатысушылар арасында бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторларды тарту, кредит берушілерге қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша толық жәрдем көрсету жолымен және басқа да шаралармен қолдау көрсетеді.

Мемлекет, кредит берушілер мен меншік иелерінің қатысуына қарай, негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы құралдарды толықтыруға қаржылық сауықтыруға жататын кредиттер және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауды жылына 7 %-ға дейін жеткізу мақсатында, ал ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша түпкілікті төлеуші – АӨК субъектісі үшін жылына 4 %-ға дейін жеткізу мақсатында оларды қаржылық агент арқылы ұсына отырып, қолдау көрсетеді. Қаржылық сауықтыруға жататын әрбір АӨК субъектісі бойынша шешім ҚР Үкіметі бекіткен АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржылық институттардың кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидаларына сәйкес жеке тәртіппен қабылданады.

Сондай-ақ осы қағидаларда АӨК саласындағы шаруашылық субъектілері арасында пайда болған берешектер бойынша қаржылық сауықтыру мәселелері реттелетін болады.

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға арналған қаражатты қаржылық агент және/немесе екінші деңгейдегі банктер ұйымдастырылған капитал нарықтарынан тартады. Бұл ретте, қаржылық агент тартқан қаражат Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша басқа да кезек күттірмейтін міндеттерге пайдаланылуы мүмкін.

Қаражаттың (соның ішінде субсидиялардың) тиімді пайдаланылуын және қаржылық сауықтыру көрсеткіштері мен нәтижелеріне қол жеткізуді бақылау қаржылық агент және уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.

 

Орытынды

 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жалпы сипаттамасымен қатар, көрсететін қызметтеріне шолу жасау арқылы біз оның қаржы-шаруашылық жағдайына талдау жасадық.

Жалпы тәжірибе барысында және оның қортындысы бойынша есеп жазу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның миссиясы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолайлы қаржы қаражаттарымен, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларымен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіптік кешенді техникалық және технологиялық жағынан жаңарту болып табыла тындығын атап өтуге болады.

Қоғам «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг құрамына енеді. Қоғам толық өндіріс кезеңі бар жетекші әлемдік өндірушілердің технологиялық жабдықтарымен жабдықтау үшін жоғары технологиялық жаңа өндірістердің іске асырылуын қаржыландырады.

Қызмет түрлері. Жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін Қоғам келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1. Агроөнеркәсіптік кешендегі лизингілік қызмет;

4 Агороөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру және оларға қаржы қызметін және басқа да қызмет көрсету;

3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған республикалық бюджеттік және басқа бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

Қазақстанның барлық аймақтарында компанияның 9 филиалы және 4 өкілдігі бар.

Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар – ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар — ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр тұрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар – ақша қатынастары болып табылады.

Кәсіпорын жұмысының негізгі көрсеткіштерін талдай отырып, мынаны айтуға болады: негізгі экономикалық көрсеткіштердің мәні төмендеді. Бұған өндіріс ұстанымдарының өсуі едәуір әсер етті. Пайда сомасының өсу резервтерінің негізгі көздері: өнімнің өзіндік құнын төмендету, тауарлық өнімнің көлемін көбейту, өнімді ең тиімді өткізу нарықтарында сату.

Сонымен, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Тәжірибе барысында Қоғамның қызметі Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары мен басымдықтарын анықтайтын мемлекеттік құжаттардың талаптарына сәйкес келедігінде атап өтуге қажет.

Өз қызметін жүзеге асыруда Қоғам Қазақстан Республикасының АӨК дамыту бойынша мемлекеттің қойған міндеттерін басшылыққа алады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Индустриаландыру картасындағы агроөнеркәсіптік жобалардың негізгі қаржы операторы болып табылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных