Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АзАгроҚаржы» АҚ қаржылық жағдайын талдау




 

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жұйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.

Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар – ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар — ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр тұрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар – ақша қатынастары болып табылады.

Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту ұшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономикалық дамуы мұмкін емес. Кәсіпорындардың қаржысы халық шаруашылығын басқару жұйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. өндірістік қатынастардың
бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастармен бірге халық шаруашылығын басқаруға төменгі буындардың шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын үй – коммуналдық қызметін жұзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың (оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың мемлкеттік бюджетпен қарым – қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде: көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен шаруашылық мұқтаждықтарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін – өзі қаржыландырумен ауыстырылды; кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының формалары өзгереді; бұл қатынастар нормативтік сипат алып шаруашылық коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық мәдени, әлеуметтік өмірлегі роліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап, өндірістің тиімділігін ынталандыруға ролі артуда. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми – техникалық прогресті жеделдету өндірістің өнімділігін артыруда ынталандырушы рөлін баса көрсетуде.

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. Табыс ұғымы жалпы кәсіпорындарда жалпы табыс, таза табыс болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті үстемесін және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады. Жиі қолданылатын «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды. Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі алынған пайда сомасымен және рентабельділік деңгейімен сипатталады. Кәсіпорын пайданы ең басты өнім өткізуден алады. Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Рентабельділік пайда сомасының өзіндік құнға немесе негізгі немесе айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасының пайыздық қатынасын көрсетеді. Ендігі кезекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін талдайық.

Бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша, кәсіпорынның соңғы екі жылындағы актив және пассив динамикасы төмендегі 8-кестеде келтірілген.

 

Кесте 8

Кәсіпорын балансының өтімділік және төлем қабілеттік есебі

 

Көрсеткіштер 2013 жыл 2014 жыл
Ағымдағы өтімділік және төлем қабілеттік коэффициенті 1,12 1,01
Аралық төлем қабілеттік және өтімділік коэффициент 0,978 0,552
Абсолютті өтімділік коэффициенті 0,18 0,03

 

Кестеде қарастырылған көрсеткіштер бойынша мынадай қорытындыға келміз, ағымдағы өтімділік және төлем қабілеттік коэффициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарын өтеу үшін жеткілікті. 2014 жылы ағымдағы өтімділік және төлем қабілеттік коэффициентінің төмендеуіне қарамастан, өтімділік активтері қысқа мерзімді қарыздарын жоғары.

Абсолютті өтімділік коэффициентінің ең төменгі көрсеткіші дайын төлем қаражаттарының жетіспеушілігін сипаттайды. Кәсіпорынның барлық дерлік өтімділік активтері дебеторлық қарыздар мен запастарда. Осыған орай, жақын уақыт аралығында дебеторлық қарыздарды қайтару жолдарын қарастыру қажет. Сондықтан кәсіпорын басшылығы бұл жағдайда шығу үшін белгілі шараларды қолдану керек. Кәсіпорын төлем қабілеттілігі баланс өтімділігіне байланысты. Бұл кәсіпорынды төлем қабілетті деуге болады.

Сонымен, Кәсіпорындардың қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту, іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы» қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді (кесте 9).

 

Кесте 9

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің есебі

 

Көрсеткіштер 2013 жыл 2014 жыл
1. Автономия коэффициенті 0,19 0,11
2. Заемдық капитал коэффициенті 0,81 0,89
3. Меншікті капиталдың мультипликаторы 5,147 9,035
4. Қаржылық тәуелділік коэффициенті 4,147 8,035
5. Ұзақ мерзімді қаржылық тәуелсіздік коэффициенті 0,24 0,124
6. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,106 0,012

 

Баланс мәліметтері бойынша, автономия коэффициенті 2013 жылы - 0,19, 2014 жылы - 0,11 құрады, сәйкесінше кәсіпорынның активтерінің 11 пайызы ғана меншікті капиталдан құралғанын көреміз. Бұл өз кезегінде қаржылық тәуелсіздіктің төмен екенін сипаттайды. Қаржылық тәуелділік коэффициенті 2013 жылы – 0,81, 2014 жылы – 0,89 құрады, бұл дегеніміз 1 теңге меншікті капиталға 81 және 89 тиын қарыз капиталының келетінін көрсетеді. Яғни, кәсіпорынның сыртқы қаржы көздеріне тәуелді екенін дәлелдейді. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті барлық жылдарда төмен толып келеді.

Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының тиімділігін, шығындардың өтелімділігі, қызметтің түрлі бағыттардағы (өндіріс, коммерциялық, инвестициялық) табыстылығын сипаттайды. Олар пайдаға қарағанда шаруашылықтың қорытынды нәтижесін анығырақ көрсетеді. Оларды кәсіпорын қызметін бағалауға және баға қалыптастырудың, инвестициялық саясаттың құралдары ретінде пайдаланады.

Өнім өндіруден кейінгі негізгі процестердің бірі - өнімді сату болып табылады. Сатудан рентабельділікті анықтау үшін өнімді сатудан түскен пайданы алынған ақшалай түсімнің сомасына бөлеміз. Бұл рентабельділік кәсіпорынның өндіріс және коммерциялық қызметінің тиімділігін сипаттайды.

 

Кесте 10

Рентабельділік көрсеткіштері есебі

 

Көрсеткіштер 2013 жыл 2014 жыл
Активтер рентабельділігі немесе экономикалық рентабельділік коэффициенті 1,07 2,0
Меншікті капитал рентабельділігі немесе қаржылық рентабельділік коэффициенті 54,9 17,9

 

Барлық көрсеткіштер бойынша теріс динамикаға ие болсақ та, меншікті капитал мен активтерді тиімді қолдану төмендесе де, кәсіпорын рентабельді болып саналады.

Кәсіпорын жұмысының негізгі көрсеткіштерін талдай отырып, мынаны айтуға болады: негізгі экономикалық көрсеткіштердің мәні төмендеді. Бұған өндіріс ұстанымдарының өсуі едәуір әсер етті. Пайда сомасының өсу резервтерінің негізгі көздері: өнімнің өзіндік құнын төмендету, тауарлық өнімнің көлемін көбейту, өнімді ең тиімді өткізу нарықтарында сату.

Сонымен, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных