Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АӨК қаржылық инфрақұрылымын дамыту




 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық жолына көшу туралы міндеттерін жүзеге асыру үшін, ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесіне түзету енгізу қажет деді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі өңірлік экспортшыларының біріне айналуы тиіс, аграрлық ғылымды дамыту, тәжірибелік аграрлық-инновациялық кластер құру қажет деді, ал ол үшін АӨК дамыту жоспарына түзетулер енгізу қажет. Біздің пікірімізше, Мем лекет басшысының аталған тапсырмасын орындау үшін әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесіне түзету енгізу қажет».

Мысал ретінде ол Аргентинаның, Бразилияның және Польшаның тәжірибелерін келтірді. Бүгінде бұл елдер ірі азық-түлік экспортшылары болып табылады. Ал, өткен ғасырдың ортасында олар импортшылар болатын. Экономикалық серпілістің себебі: олар субсидиялау жүйесін ауыстырды, яғни бұл елдерде инновациялар мен жаңа технологияларды енгізуге жұмсалатын шығындар ғана субсидияланады.

АӨК-де республиканың тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап елдің бүкіл экономикасында едәуір құрылымдық өзгерістер болды. Орталық жоспарлы экономикадан бас тартқаннан кейін саланың түпкілікті қайта қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.

Жалпы қайта қалыптастырудағы саяси қорытындыда мемлекеттік меншік жеке меншікке өзгертілді, сондай-ақ нарықтық экономиканың құқықтық негізі құрылды. Экономикалық салдары өндірістік және жер қатынастарының өзгеруі, баға белгілеуді кредит жүйесін ырықтандыру, бәсекелі нарықтық инфрақұрылым құру болып табылды.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің одан әрі дамуы аграрлық сектордың даму стратегиясын тұжырымдамалық белгілеуді талап етті.

Осы бағытта 2000 - 2002 жылдары бәсекеге қабілетті салалық ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірістерін тұрақтандыруды көздеген Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бағдарламасы іске асырылды.

Сонымен қатар АӨК-дегі жағдайдың қайсыбір тұрақтануына қарамастан, салада ауыспалы кезеңнің бірқатар проблемалары сақталып қалды. Аграрлық салада одан арғы экономикалық өзгерістер логикасы сапалы жаңа өсу деңгейіне өтуді талап етті.

Осы міндетті шешу үшін Қазақстан Республикасының 2003 - 2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы іске асырылды. Осы жылдары АӨК-нің нарыққа бағдарланған заңнамалық базасын қалыптастыру, оны халықаралық тәжірибенің нормаларына сәйкес келтіру бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Бағдарламаның іске асырылуы тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тиімді бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік тұғызды.

Алайда, еліміздің АӨК-де әлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар - саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының темен болуы, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы және т.б.

Бұдан басқа, саланың инвестициялық қызметіне әсер еткен қаржы, ал одан кейін азық-түлік дағдарысы қосымша проблемаларды тудырды. Сонымен қатар, Қазақстандағы ауыл шаруашылығы экономиканың перспективалы секторларының бірі болып саналады.

Осыған орай үлкен және жауапты міндеттер алда тұр - экономиканың аграрлық секторын сапалы жаңа даму деңгейіне көтеру, сол арқылы оның жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл әсіресе Ресей мен Беларусь елдерімен бірігу жағдайында, ал кейіннен Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру кезінде өзекті болып табылады.

Атап айтқанда, осы міндеттерді шешуге осы Қазақстан Республикасында АӨК-ді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама бағытталған.

АӨК субъектілерін және ауыл тұрғындарына кредит беру бәсекеге қабілеттілікті, экспортқа бағытталған агроөндірісті қалыптастыру үшін олардың қажеттіліктеріне сәйкес жеңілдетілген қаржы ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында еншілес «ҰБХ «ҚазАгро» АҚ-нің «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) арнайы ұйымы жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне кредит беру елдің 158 ауданында құрылған 161 кредиттік серіктестік арқылы жүзеге асырылады және әкімшілік ауылдық аудандардың қамтылуы 89 % құрайды. Көрсетілген кредит беру сызбасы ауыл шаруашылығы өндірісінің орналасқан жеріне және жеңілдетілген кредит шарттарына аумақтық бойынша аса жақын ұсақ АШТӨ - шаруа (фермерлік) қожалықтарының кең бөлігіне кредит ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кредит серіктестіктеріне кредит беру жөніндегі бағдарламаны одан әрі іске асыру және оны ұлғайту жоғарғы технологиялық өндірісті енгізуді және ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруды кредит беру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Бірлескен өндірісті жүргізетін, ауыл шаруашылығы өнімін дайындайтын, өткізетін, қайта өңдейтін, сақтайтын, тасымалдайтын, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтайтын АШТӨ бірлестіктерін және ауыл тұрғындарын кредит беру аграрлық ендіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға, ұсақ үй шаруашылықтарды біріктіруге және делдалдарсыз «егіс алаңынан сауда қатарына дейін» азық-түлік тізбегін құруға ықпал етеді.
Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметінің ауыл шаруашылығы емес түрлеріне кредит беру ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған: туризмді, қонақ үй бизнесті және жол бойындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндірісі, балық өнімдерін көбейту, өсіру және қайта өңдеу. Кредиттер объектілерді қайта құруға, қайта жаңартуға, айналым қаражатын толтыруға беріледі.
Ауыл шаруашылығы шикі затын қайта өңдейтін және тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды кредиттендіру ескірген құрал-жабдықтарды жаңартуға және қайта жаңартуға, айналым қаражатын толтыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азық-түлік импортын төмендетуге көмек көрсету мақсатында екінші деңгейлі банктер кредиттерін қайта қаржыландыруға бағытталған. Осы шара жоғарғы технологиялық және бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік өндірісті дамытуға, ауыл шаруашылығы шикі затын қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға, жалпы қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Корпорацияның инвестициялық жобаларды қаржыландыруы мал шаруашылығын өндірістік негізге ауыстыруға және астық экспортының инфрақұрылымын құруға бағытталған. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоғарғы сапалы ет және ет өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға, астық өнімдері бойынша елдің экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Етті мал шаруашылығы саласын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды, жоғары өнімді, етті тұқымды мал өсіруді ынталандыру мақсатында ірі қара малдың асыл тұқымды табынын қалыптастыруға және өсімін молайтуға кредит беру.

Етті мал шаруашылығын дамытуға инновациялық технологияларды енгізу арқылы елдің экспорттық әлеуетін ұлғайту мақсатында бордақылау алаңдары негізінде сиыр етінің өнеркәсіптік өндірісіне кредит беру.

Сиыр еті өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін етті тұқымды ірі қара малдың аналық бастарын ұлғайту мақсатында мал шаруашылығын дамытуға шаруа-фермер қожалықтарына кредит беру.

Күтілетін нәтижелер:

1) серіктестік жүйесі ұлғаятын болады, алынатын кредит қаражаты қазіргі агротехнологияларды және ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін жоғары сапалы ауыл шаруашылығы техникасын енгізуді қамтамасыз етеді;

2) ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту АШӨТ және ауыл тұрғындарының өнім өндірісіне жұмсалған шығындарын азайтуға мүмкіндік береді және ауыл жерлерінің табыстылығын арттырады;

3) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндірісі, балық өнімдерін өсіру және қайта өңдеу, туризмді, қонақ үй бизнесін және жол бойындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ауылдық сауда-саттық нүктелерін және қоғамдық тамақтану орындарын ұлғайту сияқты ауыл инфрақұрылымын дамыту ауыл шаруашылығы өндірісімен айналыспайтын ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді және ауыл жерлерінің табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді;

4) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін ірі және орта кәсіпорындарды және тамақ өнімінің өндірісін дамыту ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілетті, сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге және азық-түлік импортын төмендетуге мүмкіндік береді;

5) инвестициялық жобаларды іске асыру Қазақстанның ірі астық экспорттаушылар қатарына кіруін қамтамасыз етуге, жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді;

6) асыл тұқымды шаруашылық-репродукторларға кредит беру ортақ табынның тұқымдық құрамын жақсартуға, малдың өнімділігін және жалпы ет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді;

7) инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы бордақылау алаңдарын дамытуға кредит беру әлеуетті қарыз алушылардың етті ірі қара мал бастарын қарқынды бордақылауын және сапасы бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін етті жыл сайын ірі көлемде ет комбинаттары мен экспортқа жеткізуді қамтамасыз етеді;

8) шаруа-фермер қожалықтарының ірі қара малдың аналық бастарын сатып алуы мен күтіп-бағуына кредит беру құрылатын инфрақұрылымы дамыған бордақылау алаңдарын ірі қара малдың төлдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шаруа-фермер қожалықтары кәсіпкерлік қызметке тартылатын болады, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, ауылдық жерлерде табыстылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Лизинг және АӨК субъектілеріне кредит беру
АӨК басым салаларын қолдау, АӨК субъектілерінің қаржы ресурстарына қанағаттанарлық дәрежесін арттыру үшін еншілес «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметі жоғарғы технологиялық инвестициялық жобаларды және ауыл шаруашылығы шикізатының өндірісі мен қайта өңдеудің тиімді технологияларын қаржыландыру арқылы АӨК салаларында еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыруға бағытталатын болады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен келесі бағыттар бойынша жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастырады: ірі-тауарлы сүт фермаларын, жылы жай шаруашылығын, көкөніс сақтау қоймаларын құру, құс шаруашылығын дамыту және тамшылатып суару технологиясын енгізу.
Республикалық бюджет, өз ресурстары, шетелдік банктердің қарыздары есебінен «ҚазАгроҚаржы» АҚ АӨК салаларын техникалық және технологиялық жаңарту, оның субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру бойынша жобаларды қаржыландыратын болады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметі сонымен бірге елдің азық-тұлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Астана және Алматы қалалары айналасындағы азық-түлік белдеулерін дамыту бойынша жобаларды қаржыландыру арқылы аграрлық азық-түлік нарығын қалыптастыруға бағытталатын болады.

Күтілетін нәтижелер:

1) ауыл шаруашылығы техникасын жыл сайын жаңарту орташа 0,9 %, арнайы техниканы 0,3 %, қайта өңдеу жабдықтарын 4,7 % құрайтын болады;

2) АӨК субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға кредит беру АШТӨ-нің тұрақты экономикалық және қаржылық жағдайын, ауыл шаруашылығы шикізат өндірісінің және қайта өңдеудің қалыптылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
3) азық-түлік белдеулерін құру жөніндегі жобаларды қаржыландыру «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған кәсіпорындарда өндірілген өнімнің үлесін Астана қаласында оның жалпы тұтыну келемінен 2 % дейін, Алматы қаласында оның жалпы тұтыну көлемінен 1,5 % дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындарына шағын кредит беру Қазақстан Республикасында барлығын қамтитын және қол жетімді қаржылық жүйесін қалыптастыруға көмек көрсету, ауылда жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, шағын бизнесті және ауыл тұрғындардың табысы аз топтарын қаржы қызметтерін қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдары мен өкілдіктері арқылы ауыл тұрғындарына шағын кредит беру, сондай-ақ олардың ресурстық және институционалдық қолдау арқылы ауылдық шағын кредит беру ұйымдардың (ШКҰ) жүйесін дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру жалғастырылатын болады.

Астық қабылдайтын кәсіпорындары міндеттемелерін орындамаудан олардың берілген астық қолхаты бойынша, астық қолхатын ұстаушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанда көп жылдан бері құрылған астық қолхаты кепілділік жүйесі ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Соңғы жылдардың тәжірибесі астық кепілдендіру жүйесі астық нарығында өзінің өміршеңдік мүмкіндігін дәлелдеді және аграрлық секторда инвестициялық ахуалға өзінің ықпалын көрсетті.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных