Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет-53. Оқыту принциптері




Оқытудың ғылымилығы. Оқыту процесінде оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыру–мектептің аса маңызды міндеті. Себебі, мектептегі оқыту, білім беру негізгі ғылыми жүйеде жасалған. Онда әрбір ғылымның пайда болу тарихы, даму заңдылықтары түсіндіріледі.

Сонымен бірге, ғылыми мысалдар, фактілер тәжірибемен байланыстырылып қарастырылады. Әрбір ғылым жаңалықтарын адам баласы үшін, оның болашағы үшін қызмет ететінін дәлелдеп түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге көзқарас қалыптастырады.

Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі. Бұл принциптегі өзекті мәселе оқылатын оқу материалдарын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастырады. Әрбір сабақ барысында қойылған оқу міндеттерін оқушылардың түсініп, оқу материалдарын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауын мақсат етіп көздейді.

Оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы принципі. Бұл принциптің міндеті оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол үшін сабақтар жүйесінде берілетін теориялық білімді практикалық жұмыспен байланыстыру – сабаққа қойылатын ең басты талаптардың бірі. Мұның мәнісі оқушыларға бейіндік білім беру міндетіне байланысты маңызы арта түседі.

Оқытудағы саналылық пен белсенділік принципі. Бұл принцип оқушылардың таным әрекеті мен оған басшылық жасауға бағыт беретін негізгі принциптердің бірі. Себебі, оқушылар оқыту процесінде берілетін ғылыми білімдерді меңгеруде жаттандылық пен енжарлық немесе немқұрайлық көрсетпей, керісінше саналы әрі белсенді түрде оларды терең және ойларына берік тоқулары керек. Ол үшін мұғалім оқыту процесінде оқушыларды ойлауға үйретіп, дағдыландырып отыруы тиіс.

Оқытудағы білімнің беріктігі принципі. Оқытудың тиімділігін арттырып, сапасын жақсартуда оқытудың негізгі принциптерінің бірі оқушылардың оқу процесінде алған білімдерінің берік әрі тиянақты болуымен де байланысты. Ол үшін мұғалім жоғарыда айтылған оқыту принциптерін сабақтар жүйесінде басшылыққа алып, бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз еткен жағдайда ғана іске асады. Бұл принцип оларға тікелей тәуелді болып келеді.

Ынталандыру (мотивизация) принципі. Бұл принциптің маңызы зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.

Ынталандыру принципінің шарттары:

- жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану;

- ділгірлік оқыту;

- компьютерлік технологияны қолдану;

- интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану;

- өзара оқыту (жұптық, топтық);

- білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру;

- сыныпта жағымды микроклимат жасау;

- мұғалімнің өз пәніне, оқушыларға оң көзқарасы;

- оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету;

- білімнің оны ашқан адамдардың тағдырымен байланысы;

- оқыту нысандарын және әдістерін түрлендіру.

Гуманизациялау (ізгілендіру) приципі. Бұл принцип оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.

Ізгілендіру принципінің шарттары:

- оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау;

- оқушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау;

- үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен оқушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру;

- баланың өзі туралы жақсы бағасын, өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру;

- қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою;

- жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу;

- баланы түсіну, жақсы көру, бірақ талап та қою;

- оқушының табысына шынайы түрде қуану;

- баланың көңіл-күйін ескеру;

- баланың дене кемістігін сөз етпеу;

- балаларды басқа балалармен салыстырмау;

- баланың ар-намысына тиетін сөз айтпау.

Интеграциялау (кіріктіру) принципі. Бұл жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция – әртүрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.

Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімнің, іскерлігінің, ойлау тәсілдернің көлеміне қарай түсінеді. Оны жүзеге асыру үшін әуелі оңай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін, қиын, белгісіз, күрделі оқу материалдарын оқытады.

Проблемалық (мәселелік) принципі – оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады.

Оқыту процесінде әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын мұғалімнің басшылығымен оқушыларға жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен олардың санасына берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті. Сондықтан әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты дидактикалық принциптерді білуі шарт. Олар оқытуды ұйымдастырғанда оның білім беру,тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы міндетті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных