Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет-58. Сыныптық-сабақ жүйесінің ерекшеліктері




Сыныптық-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері:

- Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру.

- Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.

- Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді.

- Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.

- Жұмыстың негізгі түрі – сабақ.

- Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.

- Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.

- Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрлілігі;

- Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.

Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды. Сабақ құрылымы - сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы.

Сабақты ұйымдастыру кезеңдері:

ü Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).

ü Сабақта үй тапсырмасын тексеру.

ü Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.

ü Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).

ü Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.

ü Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақтарды жіктеу. Сабақты жіктеудің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеу (И.Т.Огородников, И.Н.Казанцев), сабақты ұйымдастырудың негізгі кезеңдеріне қарай (С.В.Иванов), дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты.

Сабақ классификациясы (жіктелуі) – сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, М.А.Данилов пен Б.П.Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әртүрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.

И.Н.Казанцев бойынша сабақтың жіктелуі:

ü Алғашқы сабақ – әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар. Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.

ü Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ. Пысықтау сабағы – өткен оқу материалын пысықтау сабағы.

ü Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.

ü Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.

ü Қайталау-қорыту сабағы – өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.

ü Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.

ü Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін бағалау сабағы.

ü Қорытынды сабақ – оқу жылының соңында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.

С.В.Иванов бойынша сабақтың жіктелуі:

ü Кіріспе сабақтар.

ü Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.

ü Жаңа білімді меңгеру сабағы.

ü Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.

ü Дағдылану сабағы.

ü Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.

ü Бақылау сабағы.

Б.П.Есипов бойынша сабақтың жіктелуі:

ü Аралас сабақтар.

ü Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.

ü Пысықтау сабағы.

ü Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.

ü Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.

ü Білімді сынау сабағы.

Шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз:

ü Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.

ü Жаттығу сабағы.

ü Қорыту сабағы.

ü Қайталау, білім сынау сабағы.

ü Аралас сабақ.

М.И.Махмутов сабақты мақсатына қарай, жалпы-дидактикалық мақсатына қатысты, меңгеруге тиісті материал мазмұныңа байланысты және оқушының қабылдауына орай жіктейді. Ол сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталады:

1) Жаңа білімді меңгеру сабағы;

2) Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы;

3) Жинақтау және жүйелеу сабағы;

4) Аралас сабақ;

5) Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы (59-сурет).

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных