ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сурет-57. Оқыту формаларын жіктеудің өлшемдеріЖекелеп оқытудың ұтымды жақтары: - Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды. - Оқушының қатесін уақытында түзетеді. - Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Кемшіліктері: - Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады. Балаларды жекелеп-топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, түрлі жастағы балаларға тапсырма береді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар береді. Оқушылар оқуға жылдың кез келген уақытында келеді. Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады. Сыныптық-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды. XVIII-ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белль және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті. Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар оқытудың техникалық құралдары арқылы 100-150 адамға дәріс оқып болған соң, 10-15 адамнан тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді. Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске – 40%, аз топтардағы сабақтарға – 20%, жеке жұмыстарға – 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады. Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау. Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Е.Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырады. Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмайды. Сондықтан Дальтон жоспарымен оқыту мүмкін болмады. Оқушының әртүрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән бойынша 5-сыныпта оқиды. Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар. X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украина мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сыныптық-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сыныптық-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|