ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің рөлі. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарСабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру - бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі. Бағыттары: фронтальды – мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өздік жұмысын басқаруы, жеке – өзіндік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу кызметін фронтальды ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын-ала болжауы, оқуға тиімді жағдай туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны психологиялық тұрғыда қолдауы, сонымен бірге қажетті сәттерде тузетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу. Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын-ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады; жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі – оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-катынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі – оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс карқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді: оқушыны жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға, таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі; оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады. Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға төмендегілер жатады: - оқу міндетін анықтау үшін сынып екі топқа бөлінеді; - әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топ басымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді; - топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі; - топтың құрамы сабақтың мазмұныңа қарай өзгереді; - ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады; - топтың және құрамның әртүрлі деңгейлікке орай оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзі оқушыларға байланысты. Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны көбейеді және жеке жұмыс барысында оқушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр). Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде, ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өзіндік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі. Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік процесі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бір сабақты жоспарлау – мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу. Сонымен, мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз – тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары – оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте соғұрлым аз болады. Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық параллель сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|