Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет-61. Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері




 

Семинар сабағы. Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.

Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар сабағы оқытуды ұйымдастыруда тиімді формасы екенін тәжірибе көрсетуде.

Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім проблемалық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отырып, оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.

Конференция сабағы. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше параллель сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.

Сынақ сабағы. Сынақ сабақтарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту, оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру. Сынақ сабақтары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.

Сынақ сабағы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.

Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық-зертханалық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.

Баспасөз конференциясы – конференциялық сабақтың өзгертілген түрі. Баспасөз конференцияның ерекшелігі – сабаққа әр түрлі баспасөз - ақпарат құралдарының өкілдері мен атақты ғалымдар мен мамандардың шақырылуымен өткізіледі, бірақ мұнда көбінесе оқушылар аталмыш ақпарат – баспасөз өкілдері мен атақты ғалымдар, оқымыстылар, мамандар болып сөз алып, қарастырылып отырған мәселені жан-жақты «маман көзімен» қарауға үйретеді.

Қоғамдық білім байқауы – ой қорыту сабақтарының маңыздысы. Қоғамдық білім байқауына оқушылардың білімін тексеру үшін қоғамдық ұйым өкілдері келіп қатысып, оң бағасын береді. Мәселен, бұндай сабақтарға мектеп әкімшілігін, ата-аналар комитетін, пәнге, тақырыпқа байланысты құқық қорғау, денсаулық сақтау ұйымдары мекемелерінің, жоғары оқу орны ғалымдарын шақырып, оқушылар білімін жан-жақты сараптаудан өткізуге болады. Осындай қоғамдық білім байқауын үлкен тарауларды, тақырыптарды өткенде өткізген орынды.

Телекөпір – дәстүрлі емес сабақтың ең көп тараған түрлерінің бірі. Телекөпір – 2 немесе одан да көп мектеп оқушыларының телебайланыс арқылы сабақ өткізуі. Соңғы кезеңде телекөпір сабағы теледидардан берілетін хабарларды сабақ барысында талдау, нәтижесін шығару бағытында жүргізіліп келеді.

Мысалы, сабақта теледидардың макеті жасалынып, онда хабарлар беріледі. Хабарлар сабақтың тақырыбына байланысты «Таң қалмаңыз!», «Солай болған», «Егер де мен...», «Алдар көсе бізде қонақта» және т.б. болып беріледі де, оқушылар теледидар көрермендері болып сұрақ қойып, сұхбат жүргізіледі, нәтижесі талданылады.

Интеграциялық сабақ – бір сабақта өтілетін тақырыптың басқа пәндермен өзара байланысы қарастырылып екі немесе одан да көп пәндердің бір тақырыпта өзара байланыста ашып беруін айтады.

Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту.

Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.

Бинарлық сабақ – интегралды сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты өзара байланысына қарай 2 мұғалім жүргізеді.

Модульдік сабақ. Сабақтың тиімділігін арттырудың көптеген әдіс тәсілдері бар (жекеше немесе топтармен жұмыстар, мөлшерленген үй тапсырмалары, стандартты емес сабақтар, т.с.с.) Стандартты емес сабақтың бір түрі модульдік сабақ.

Модульдік сабак бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді:

Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Бұлай болатын себебі, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындалған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқауын таратып береді. Онда сабақтың түпкі және оның әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетілген.

Екішіден, топ (ұжым) болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Топпен жұмыс істеу кезінде окушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, қателігін мойындауға және жолдасының пікірінің дұрыстығын немесе қателігін көрсетуге, онымен пікірлесе отырьш ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Оқушыда өз білімін өзі бағалау және бақылау дағдысы қалыптасады.

Үшіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады.

Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі деңгейде алуға болады.

Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді. Сабақты бастамас бұрын өте жақсы оқитын оқушыдан эксперт-кеңесші тағайындалады. Ол оқушылардың қойған сұрауларына жауап беріп, қажет жерінде көмек көрсетеді. Сонымен қоса ол оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеріп бағалау кезінде мұғалімге көмек көрсетеді.

Жұмыс істеу топтарын құрған кезде оқушылардың өз қалауларын ескере отырып, тапсырманы орындауға шамасы келетіндей жағдайды қарастыру керек. Сабақты бастамас бұрын оқушыларға сабақ жоспарындағы ескертулерді, нұсқауларды және сабақтың мақсатын толық түсіне білуді, жеке өзінің және тобының еңбегін әділ бағалай білуді үйрету керек.

Ойын сабақтары. Ойын сабақтары – дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтарының ерекшелігі – оқу-тәрбие процесінде балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану.

Ойын – оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағыш келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше ең үлкен етіп көрсетуге бейім.

Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұғалім бағдарламада көрсетілген көріністі-рөлдік, қимыл қозғалысты, дидактикалық-шығармашылық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында оқушылардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсендігі артып, игерген білім-машықтарының негізінде бір көрініске орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі.

Бақытты сәт ойыны – «Жұлдызды сағат» ойынына ұқсас, бірақ көбінесе төменгі сынып оқушыларымен ойналады. Бақытты сәт ойынының ерекшелігі - оқушыларды өз ойын еркін айта білуге үйрететіндігі.

Жарыс сабақтары. Жарыс сабақтары – дәстүрлі емес сабақтарының ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады.

Жарыс сабақтарына жататындар:

· Сайыс сабағы;

· Не? Қайда? Қашан?

· КТС (көңілді тапқырлар сайысы) және т.б. сабақтар жатады.

Барлық жарыс сабақтарының құрылымы бірдей. Жарыс сабақтарында сыныпқа 2 топ бөлінеді, әр топтың өзінің жанкүйерлері және топ басшылары болады. Жарысқа қатысатын әр топтың сабақтың тақырыбына байланысты, аты, ұраны болады. Жарыс сабақтары сәлемдесу, топ басшыларының сайысы, жанкүйерлер сайысы сияқты бөлімдерді міндетті түрде қамтиды, ал қалған бөлімдері сабақтың тақырыбы мен сыныптың біліміне қарай таңдалынып алынады. Жарыс сабақтары оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, жолдастық көмекке үйретеді. Жарыс сабақтарына әсіресе білімі орта оқушылар мен бұйығы оқушылар ерекше ынтызарлық білдіреді. Жарыс сабақтарында бұндай оқушылар өздерін еркін ұстап, жарысқа қатысып, пәнге қызығушылық таныта бастайды. Жарыс сабақтарының оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын арттыруда атқаратын рөлі орасан зор.

Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі топ білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай топтың жеңгені анықталады. Екі топтың топ басшыларының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.

Аукцион сабақ – дәстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізіне-бәсеке жүргізу жатады. Аукцион сабағында әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, не артындағы тапсырмаларды, есептерді шығаруы керек.

«Ойлан, тап!» сабағы – ойын сабағының ең маңыздысы. «Ойлан, тап!» сабағы – білімді жүйелеу, қайталау және тексеру сабақтарында пайдаланған ұтымды. Сабақтың ерекшелігі – сабақта қызықты шытырманды мәселелер қарастырылып, шешуін табуда оқушылардан терең білімді талап етеді.

Осындай «Ойлан, тап!» сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып, танымдық қызығушылықтарының артуына жол табады.

«Ойлан, тап!» сабағы әсіресе сыныптағы дарынды балалармен жұмыстар жүйесінің бастамасы болуға тиіс, себебі осындай сабақтар оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа итермелеп, олардың бойындағы жеке дара қабілеттерінің қалыптасуына жол ашады.

«Ғажайыптар алаңы» - ойын сабағының ерекше түрі. «Ғажайыптар алаңы» сабағы көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарын өткізгенде пайдалануға тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, өйткені жеңімпаз оқушыны шағын «сыйлықтар» күтіп тұрады (қолдан, оқушылардың өздері жасаған бұйымдары, суреттері, макеттері).

«Жұлдызды сағат» сабағы – қайталау-пысықтау сабақтарында әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін ойын сабағының көптеп тараған түрі. «Жұлдызды сағат» сабағы белгілі бір тақырыпқа арналады, мысалы «Ғарыш әлемі», «Қазақтың ұлы ғұламалары» және т.б. тақырыптарда жүргізіледі.

Ойыншылардың саны алғашқыда 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпайы (жұлдызы) аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы «Жұлдызды сағат» төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді.

«Жұлдызды сағат» сабағы оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды, өйткені «Жұлдызды сағат» өтетін сабақтың тақырыбы оқушыларға алдын-ала тараудың басында 10-15 күн бұрын белгілі болады да, оқушылар берілген тақырыптар бойынша жан-жақты өз бетінше ізденіп, білімдерін толықтырады. «Жұлдызды сағат» сабағы оқушыларды өз бетінше ізденуге жетелейді.

Театр сабағы – сабақтағы өтілетін метариалдарды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.

Концерт сабағы – ән-күй, тіл сабақтарына жақсы келеді. Концерт сабағы сабақта оқушылардың ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, ол әндердің шығу тарихын білуге бағытталады.

Тренинг сабақ – белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі – тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек. Тренинг сабақтар оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады.

Саяхат сабағы – белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ. Саяхат сабағы «Ертегілер еліне», «Математика патшалығына», «Ғарыш әлеміне» және т.б. болып кете береді.

Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.

Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша сөзжұмбақ құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, ертегі құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.

Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б. машиналар арқылы өткізіледі. Сабақ құрылымы: үйге берілген тапсырманы тексеру; жаңа сабақ; бекіту; үйге тапсырма.

Олимпиадалар және байқаулар. Олимпиадалар аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар алдында өткізіледі. Қазір алуан түрлі олимпиадалар мен байқаулар ғаламтор желісінің көмегімен өткізіледі. Балалардың техникалық шығармашылығына арналған көрмелерде оқушылардың ең жақсы жұмыстары көрсетіледі.

Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді. Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады. Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес береді.

Конференцияның ұзақтығы 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оқылады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар еңгізеді. Конференцияның соңында мұғалім қорытындылап, баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады.
Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін айтады. Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных