ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кесте-5. Сабақты ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Барлық сабақтар талданады және сабақты талдаудың мақсаты: - Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау. - Мұғалімге нұсқаулар беру. - Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу. - Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу. - Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу. Сабақтарды өткізу деңгейлеріне қарай төмендегідей бағалар беріледі: а) жақсы: мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып, қиыншылықтарды жеңуі; ә ) өте жақсы: мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол арқылы тақырыпты меңгертуі; б ) орташа: оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты сабақ мақсатына сәйкес ашуы; в) нашар: оқушылардан өткен тақырыпты сұрау, жаңа материалды жоспармен түсіндіру жүзеге асады. Бұл деңгейде оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен белсенділіктері төмен болады. Мұғалімдердің кәсіби біліктерін шыңдау үшін педагогикалық жиындарда оларға панорамалық сабақтар бергізеді. Панорамалық сабақтыөткізудегі негізгі мақсат – жаңашыл мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап – оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезінуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|