ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Дәстүрлі емес сабақтың түрлеріИ.П.Подласый «Педагогика» атты оқулығында «Дәстүрлі емес сабақ – дәстүрлі құрылымы жоқ, ойдан шығарылған оқу жұмысы» - деп бағалайды. Педагогтардың дәстүрлі емес сабақтар бойынша пікірлерінде қарама-қайшылықтар бар: біреулері педагогикалық ойлауда прогресс, мектептерді демократияландыру бағытында дұрыс қадам деп қараса, басқалары, керісінше, мұндай сабақтар педагогикалық қағидаларды қауіпті жағдайда бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтін және оны қаламайтын жалқау оқушылардың қысымымен педагогтардың амалсыз кейін шегінуі – деп осы мәселе жайында өз көзқарасындағы пікір қайшылықтарын алға тартады. Оның бұл еңбегінде көптеп тараған дәстүрлі емес сабақтың 36 түрін ұсынады. Қазір педагогика ғылымында дәстүрлі емес сабақтардың 70-тен астам түрлері белгілі болды. Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу формасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары (61-сурет). Ой қорыту сабақтары – оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері. Ой қорыту сабақтарына: лекция, семинар, конференция, баспасөз конференциясы, сынақ сабақтар, ХХ ғасыр көшбасшысы сабағы, телекөпір, интегралды сабақ, бинарлық сабақ, модульдік сабақтарды жатқызуға болады. Лекция – ой қорыту сабағының өзегі. Ұйымдастыру, өткізу әдісі мұғалімдер үшін қиын болғанымен мектеп лекциясы ірі дидактикалық блоктың негізгі өзегі болып табылады. Лекция негізінен ауызша баяндаудан ғана (сипаттау, әңгімелеу, түсіндіру) емес, сонымен қатар басқа да оқыту әдістерінен (иллюстрация, эксперимент, проблемалық оқыту элементтері) тұрады. Лекциядан кейінгі сабақтар лекцияда қойылған проблемаларды шешу жолына арналады, сұрақтар банкі жинақталады, келесі блоктың схемасы құрастырылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|