Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Науқастың жалпы жағдайы.




Мір тарихы.

1970 жылы 25-шілдеде туылған. Туа біткен ақаулары жоқ. өсіп-дамуы жасы мен жынысына сәйкес. Қатарластарынан физикалық және ақыл-ой дамуынан қалыс қалмаған. 10 сыныптық мектеп бітірген.

Еңбек анамнезі: күзетші болып жұмыс жасайды.

Тұрмыстық анамнезі: тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық.

Отбасылық анамнезі: тұрмыс құрған, 5 баласы бар.

Тұқым қуалаушылық анамнезі: жоқ

Зиянды әрекеттер: жоқ

Балалық шақтағы ауырған аурулары: туберкулез, вирусты гепатит, венерологиялық аурулармен ауырмаған. Жарақаттар мен операциялар болмаған.

Аллергологиялық анамнез: дәрі-дәрмектер мен тағамдарға аллергиялық реакциялар жоқ.

Гемотрансфузиялық анамнез: болған жоқ.

Гинекологиялық анамнез: менустрация 13 жастан бастап, ауырсынусыз, мезгілімен келеді. 5 рет жүкті болған, 5 баласы бар.

 

Науқастың жалпы жағдайы.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, санасы ашық, төсектегі қалпы активті. Дене бітімі: нормостеникалық, тамақтануы төмендеген.

Бойы: 160см., салмағы 51 кг.

ДСИ – 17,5 кг.м²

Қан қысымы 120/70 мм.с.б.

Пульс – 70 рет /мин.

Тыныс алу жиілігі- 18 рет/мин

Дене қызуы: 36,6° С

Тері жамылғысы: бозғылттанған, ылғалды, мақпал тәрізді жұмсақ.

Тері асты шел май қабаты: қалыпты, ісігі жоқ.

Кілегей қабаты: бөртпелер жоқ, қалыпты.

Лимфатикалық жүйе: шүйде, құлақ маңы, жақасты, мойын, бұғана үсті, бұғана асты, бұлшықет асты, шынтақ шап және тізеасты лимфа түйіндері пальпацияланбайды.

Бұлшық ет жүйесі: бұлшықеттері әлсіз.

Сүйектері: визуальды және пальпаторлы омыртқалардың деформациясы анықталмайды.

Буындары: буындар конфигурациясы сақталған, симметриялы. Сипағанда ауырсынусыз, буындық қозғалыс сақталған, белсенді, контрактура және анкилоз байқалмайды.

 

 

Тыныс алу жүйесі:

Қарау: Тынысы еркін мұрын арқылы. Кеуде сарайы цилиндр пішінді, симметриялы. Тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Тыныс жиілігі 18 рет минутына.

Пальпация кезінде ауырсыну белгілері жоқ. Кеуде сарайының серпінділігі сақталған. Дауыс дірілі екі жақта бірдей, қалыпты. Патологиялық шулар сетілмейді. Перкуссияда барлық аймақта өкпе дыбысы.

 

Белгі сызықтар Оң жақ Сол жақ
төс жанындағы сызық VІ қабырға ІІІ қабырға
Бұғана орта сызығы VІ қабырғааралық VІ қабырғааралық
Қолтық алды сызығы VІІ қабырға VІІ қабырға
Қолтықтың ортаңғы сызығы VІІІ қабырға VІІІ қабырға
Қолтық арты сызығы ІХ қабырға ІХ қабырға
Жауырын сызығы Х қабырға Х қабырға
Омыртқа жанындағы сызық ХІ кеуде омыртқасы ХІ кеуде омыртқасы

 

Перкуторлы анық өкпелік дыбыс.

Аускультацияда барлық аймақта везикула тынысы.

 

Жүрек – тамыр жүйесі:

Жүрек аймағын қарау: «каротид биі», оң мәнді вена пульсі анықталмайды. Пальпация: жүрек ұшы соққысы V қабырғааралықта бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке, диаметрі 2 см.

Перкуссия: Шала тұйық дыбысының шектері

-оң жақ жүрек шегі ІV-V қабырға аралығында төстің оң жағынан 1-2 см сыртқары орналасқан.

-Сол жақ жүрек шегі V қабырға аралығында төстің сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасқан.

-Жүректің жоғарғы шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында ІІІ қабырға аралығында орналасқан.

Нағыз тұйық дыбыс шектері

-оң жақ шегі төстің сол жақ шетінде ІV-V қабырға аралығында орналасқан

-сол жақ шегі жүректің сол жақ шегінен 0,5 см ішке орналасқан.

-жоғарғы шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында ІV қабырға аралығында орналасқан.

Аускультация: жүрек тондары айқын, кеуде клеткасының сол жақ жартысында қатты естіледі. Пульс: пульсекі қолында бірдей, ырғақты. Пульсің жиілігі 120 рет/мин. Екі жақта да a.dorsalis pedis-те пульсация әлсіреген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных