Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жайылмалы уытты жемсаудың сипаттамасы




Жайылмалы уытты жемсау – қалқанша бездің біркелкі ұлғайып, оның гормон бөлу қызметінің күшеюімен байланысты ауру. Мөлшерден көп бөлінген гормондар үшйодтиронин мен тироксин денедегі мүшлер мен жүйелерді зақымдайды.

Этиология және патогенезі. Т-супрессордың жеткіліксіздігі, инфекция, ауыр эмоционалдық күйзеліс. Ауыр психикалық зақымнан кейін мидың гипоталамус бөлігі тиролиберин нейросекретін көп бөліп шығарады. Соның салдарынан гипофиздің алдыңғы бөлігі тиротропинді мөлшерден жоғары бөледі. Ал ол гормон қалқанша бездің сөл бөлу қабілетін қоздырады. Ұзақ уақыт қызметінің күшеюі осы бездің клеткаларының қалыптан тыс ұлғаюына әкеледі. Ауруға бейім адамдардың иммундық жүйесінде тура пайда болған дәрменсіздік байқалып, осы жүйенің негігі өкілдері Т және В лимфоциттердің пайда болуы және одан әрі жетілу процестері бұзылады да, өз-өзінен өзгерген Т-лимфоциттердің саны көбейеді. Олар В-лимфоциттерге әсер етіп, денедегі белгілі бір мүшелерді зақымдайтын антиденелердің түзілуін шапшаңдатады. Осы антиденелер қанайналу және лимфа жүйелерінен сүзіліп өтіп, белгілі бір мөлшерде зиянды әсер етеді. Жайылмалы уытты жемсаумен ауырған адамдардың қанында қалқанша безді зақымдайтын антиденелерге қарсы зат мөлшері көбейеді. Олар қаннан қалқанша безге сүзіліп өтіп ондағы ерекше рецепторлармен байланысады да, оның сөл бөлу қызметін қоздырады. Соның салдарынан бездің көлемі де ұлғаяды.

Қалыпты жағдайда қалқанша бездің салмағы - 20 грамм. Ол 600-800 грамға дейін ұлғаюы мүмкін.

Қан-тамыр жүйелері. Науқас адам жүрегінің лүпілдейтініне, шаншып ауыратынына шағымданады. Ауа жетпегендей сезініп, алқыну пайда болады. Тексеріп қарағанда күре тамырдың соғуы күшейгені аңғарылады. Жүректің қағуы жиілеп, тамыр минутына 90-120-140 рет соғуы мүмкін (тахикардия). Науқастың ауыр түрінде миокард қалыңдайды. Ауру асқынған кезде жүректің көлемі ұлғайып, жұмысы нашарлайды. Жүректі тыңдағанда соғу дыбысы күшейген, қосымша шу пайда болған, систолалық қысым жоғарылағаны анықталады. ЭКГ-да:тахикардия, жүректің сол жақ қарышасының ұлғаю белгілері пайда болады. Р-тістерінің амплитудасы жоғары, сигментті қалпынан төмендеген.

Өкпе-тыныс жолдары. Науқас ауа жетпейтініне шағымданады. Демалуы шапшаңдағаны байқалады.

Асқорыту мүшелері. Сырқат адамның асқатәбеті жоғарылағанына қарамай жүдеп кеткені байқалады. Ал ауру асқынған кезде асқа тәбеті шаппайды, іші өтуі ықтимал. Ауыр түрінде бауыр үлкейіп, ісінеді. Көздің ақ қабығы мен терісі сарғаяды.

Бүйрек және несеп жолдарында айтарлықтай өзгерістер анықталмайды.

Орталық шеткері жүйке жүйелері және бұлшықеттердің күйі. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығының артуына байланысты науқас адам беймаза, өкпешіл келеді. Дау-жанжалға үйір, болмашыға жылап, аз уақытта көңіл-күйлері өзгеріп шыға келеді.Денесі, саусақтары, кірпігі қалтырайды. Жылдам шаршайтын болады. Шеткері жатқан жүйке талшықтарының сезімталдығы мен қозғыштығы артады. Науқас бұлшықеттерінің күші кетіп, әлсірегенін сезінеді. Сырқаттың ауыр түрінде орнынан тұруы қиындайды. Кейде бұлшықеттердің ерекше әлсіреуінен орнынан қозғала алмай не қолын көтере алмай қалуы мүмкін.

Ішкі бөліп шығару бездері. Жайылмалы уытты жемсау жыныс бездерінің қызметіне әсер етеді. Әсіресе, науқастың ауыр түрінде әйелдердің етеккірі азайып, ішкі жыныс мүшелері семіп, түсік болуы мүмкін. Ер адамда белсіздікке шалдығады. Сонымен қатар бүйрекүсті бездің сөл бөлу қызметі нашарлайды. Тиреоидтық гормондар инсулиннің әсерін баяулатып, соған орай қанда глюкозаның мөлшері көбейеді.

Лабораториялық және аспаптық әдістермен анықталатын мәліме ттер. Сырқаттың ауыр түрі асқанған кезде қанда ақ түйіршіктердің саны кеңиді. Кейде қызыл түйіршіктер де азаюы мүмкін. Қандағы жалпы белоктың, холестериннің мөлшері біршама төмендейді. Кальций мен фосфордың мөлшері жоғарылайды. Осы науқастың дәлелді белгілерінің бірі – қанның құрамындағы үшйодтиронин мен тироксиннің, белокпен байланысқан йодтың мөлшерінің көбеюі. Қалқанша бездің таңбаланған атомды йод-131 сіңіру қабілеті күшейеді.

Ультрадыбысты және рентгенді пайдалану. Тексергенде қалқанша бездің бірқалыпты ұлғайғаны, кейде өңешті, көкіректі шаншып басқаны анықталады.

Аурудың барысы және асқынуы. Сырқаттың белгілерінің шамасына қарай жемсаудың уытының организмге тигізетін әсерін үш түрге бөлуге болады. Жеңіл түрінде белгілері көмескі, ОЖЖ-інің қозғыштығы байқалады. Жүректің соғуы шапшаңдағанмен минутына 80-100ден аспайды. Адам аздап жүдеп, бұрынғы салмағы 10-15%-ке кемуі мүмкін. Негізгі зат алмасуының көбеюі 30%-дан жоғарыламайды. Науқастың орта түрінде аурудың белгілері айқын. Көптеген мүшелердің зақымданғаны байқалады. Адам беймаза, мазасыз, ұйқысы да бұзылады. Қан-тамыр жүйелері де өзгерген. Жүректің соғуы минутына 100-120 рет. Салмағы 30-40%-га дейін кеміген. Негізгі зат алмасу мөлшері 30-60% шамасында. Тиреотоксикоздың ауыр түрінде адамның қызметке қабілеті мүлдем азаяды. Ерекше жүдегенінен салмағы 50%-ға дейін кемиді. Денедегі мүшелер мен жүйелерде дистрофия пайда болады. Жүрек минутына 120-150 рет соғады. Кейде оның ырғақты жұмысы өзгереді.миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуінен қанайналымы өзгеріп, бауыр үлкейіп, аяқта ісік пайда болуы мүмкін. Негізгі зат алмасуы 60%-ға дейін жоғарылайды. Сырқаттың орта және ауыр түрлерінде дене қызуы көтерілуі мүмкін. Аурудың ауыр түрінде денедегі көп мүшелердің өзгеруінен кейде уытты жемсауды жүрек ақауынан және басқа созылмалы аурулардан айыру қиынға түседі.адам уақытында емделмесе уытты жемсау асқынып, әсіресе ауыр түрі өлім қаупін туғызады. Сырқаттың осындай ауыр кезеңін тиретоксикалық криз деп атайды.ол қанда үшйодтиронин мен тироксиннің мөлшерінің ерекше көбеюіне байланыстты. Соған орай жалпы зат алмасуы белокты заттардың ыдырауы шапшаңдайды. Дененің қызуы тез арада 40-41 градусқа дейін көтеріледі, адам әлсіреп, жүріп-тұруы, кейде тіпті төсектен тұруы қиындайды. Адамның демалуы жиілейді. Жүректің соғуы шапшадап, минутына 130-160 рет. Көбіне аритмия пайда болады. Қанның қысымы жоғарылайжды. ОЖЖ-нің қозуынан науқас есіріп, маңайындағыларды танымай, уақыттан және басқа жағдайлардан да хабарсыз болуы мүмкін. Егер уақытында көмек көрсетілмесе науқас есінен танады. Жүректің қызметі нашарлайды, қан қысымы төмендеп, жүрек тоқтап қалуы мүмкін.

Емдеу жолдары. Уытты жемсауға шалдыққан адамды емдеу жолдарын бірнеше топқа бөлуге болады. Ең алдымен ануқасты әртүрлі дәрі-дәрмек қоданып, емдеу жолвна тоқталғанды жөн көрдік. өйткені, бұл ең кең тараған әдіс. Қоданылатын дәрі-дәрмектің ішіне қалқанша безінің қызметіне негізгі әсер ететіндер имидазол және тиоурацал туындылары. Аталған препараттар қалқанша без бөліп шығаратын гормондар: Т3 пен Т4-тің түзілуін бәсеңдетіп, олардың қанға түсу жылдамдығыназайтады. Соңғы кезде литий карбонаты пайдаланады. Ол безден тиреоидтық гормондардың бөлініп шығуын бәсеңдетеді, және осы безді зақымдайтын қарсы заттардың мөлшерін азайтады. Сонымен қатар, β-адреноблокаторлар қолданады. Олар денедегі ерекшще торлардың тиреоидты гормондарға сезімталдығын төмендетеді және жүрекке қолайлы әсер етеді.

Уытты жемсаудың орташа және ауыр түрінде, әсіресе офтальмопатия болған жағдайға емге глюкокортикалық гормондарды пайдаланған жөн. Олар денедегі осы ауруды тудыратын қарсы заттардың мөлшерін кемітеді. Уытты жемсауды емдеуде қолданатын заттар қатарында йод препараттары да бар. Олар аурудың жеңіл түрінде, науқасты операцияға дайындаған кезде және тиреотоксикалық криз кезінде қолданылады. Ерекше тоқталатын жай: айтылған дәрі дәрмектер ұзақ уақыт қолданған кезде нәтиже бере алады (1,5-2 жыл). Ал қолданылған ем нәтижелі болмай, ауру асқынған кезде, қалқанша без ұлғайып кеткен жағдайда хирургиялық әдіс қолданылады. Келесі әдіс радиоактивті йодты қолдану. Бұл емді қоданғанда, қажетті нәтиже бермегенде, және жүрек ауруына байланысты оперцияны көтермейтін науқастарға қолдануға болады. Бірақ, бұл әдістің қалқанша безге, басқа мүшелерге зақым келтіруіне байланысты өте сирек қолданады. Ал тиреотоксикалық криз болған кезде жедел жәрдем көрсету крек. Мұндайда дәрі дәрмекті қан тамырына жіберген жөн.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных