ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Клиникалық диагнозды негіздеу.Шағымы: жүректің қатты соғуы, тершеңдік, ашушаңдық, дірілдеп-қалтырау, жиі сұйық дәретке отыру, жүдеу, ұйқының бұзылуына; Ауру анамнезі: Науқас өзін 2 жылдан бері аурумын деп есептейді. Диагноз қойылғаннан кейін тиреостатиктер, β-блокаторлар, тыныштандыратын дәрілер тағайындалғанымен, науқас қаражат жетіспей ем қабылдамағандықтан, ауру тиреотоксикалық жүрекпен асқынған. Соңғы айда жағдайы нашарлап, ентігу мен аяғында ісіну пайда болған. Аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне жіберілген. Жағдайы нашарлаған соң емді қабылдау үшін жедел түрде осы орталыққа келген. Мүшелеп қарағанда: Қалқанша безі көзге көрінеді.Сипағанда 3-дәрежеге дейін ұлғайған, жұмсақ, қозғалмалы, ауырсынусыз. Краус, Розенбах, Штельваг, Дельримиль, Мари симптомдары оң. Себепсіз мазасызданады, көңілсіз, жылағыштық, жиі терлейді, аяқ-қолдардарында тремор байқалады, уайымшыл, ұйқының бұзылуы Лабораториялық зерттеу нәтижелері: ЖҚА: Эритроцит: 5,0х1012/л, Гемоглабин: 112 г/л. Лейкоцит: 5,6х109/л, ЭТЖ – 6мм/сағ. ЖЗА: өзгеріссіз ҚБА: Билирубин: жалпы-36,3, тура-18,6, Жалпы кальций-3,1, калий-5,5, натрий-147, АСТ - 3,7, АЛТ - 3,4.
ЭКГ: Синустық тахикардия. Қалыпты орналасу. Миокардтың дистрофиялық өзгерісі. Дифференциалды диагноз мәліметтері бойынша. Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып клиникалық диагноз қойылды - III дәрежелі жайылмалы уытты жемсау. Ауыр дәрежесіндегі тиреотоксикоз. Тиреотоксикалық жүрек. Н2А.
Емдеу жоспары: Тирозол 10мг. 1таблеткадан күніне 4рет Бисопродол 2,5 мг. таңертең. Дигоксин ½ таблетка * 2рет Депрес 20мг таңертең Милдронат 20%-5,0 көктамырға тамшылатып Гепадиф 300 мг + глюкоза 5%-200,0 к/т тамшылатып.
Күнделік Кезекші терапевт Жүрегінің қатты соғуына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары ырғақты. АҚҚ 120/70 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы теріс. Сұйық дәретке жиі шығады. 24.08.11 Әлсіздік, жүректің қатты соғуына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. өкпеде везикулярлы тыныс естіледі. Үлкен дәретке шығуы және диурез қалыпты. 28.08.11 Тершеңдікке, жүректің қатты соғуына шағымданады. ЖСЖ – 120 соққы минутына, АҚҚ – 110/70. жүрек тодары ырғақты. 31.08.11 Ұйқының бұзылуына, жүректің қатты соғуына шағымданады. Тыныс жиілігі – 20 рет минутына.іші жұмсақ, ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы теріс. 05.09.11. Қолын созған кезде саусақтарының дірілдеуіне, жүректің қатты соғуына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ – 120/80 мм.с.б.б. Жүрек тондары ырғақты, Пастернацкий симптомы теріс. 08.09.11 Жүректің қатты соғуына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Үлкен дәретке шығуы және диурез қалыпты.
10.09.11 Жүректің қатты соғуына шағымданады. Жүрек тондары ырғақты. өкпеде везикуляры тыныс, сырыл жоқ. АҚҚ – 120/80 мм.с.б.б. Тыныс жиілігі – 17 рет минутына. Пульс – 72 рет. Пастернацкий симптомы теріс. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Үлкен дәретке шығуы және диурез қалыпты. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|