ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Алғашқы диагнозды негіздеу.Шағымы: жүректің қатты соғуы, тершеңдік, ашушаңдық, дірілдеп-қалтырау, жиі сұйық дәретке отыру, жүдеу, ұйқының бұзылуына; Қазіргі ауру тарихы: Науқас өзін 2 жылдан бері аурумын деп есептейді. Диагноз қойылғаннан кейін тиреостатиктер, β-блокаторлар, тыныштандыратын дәрілер тағайындалғанымен, науқас қаражат жетіспей ем қабылдамағандықтан, ауру тиреотоксикалық жүрекпен асқынған. Соңғы айда жағдайы нашарлап, ентігу мен аяғында ісіну пайда болған. Аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне жіберілген. Жағдайы нашарлаған соң емді қабылдау үшін жедел түрде осы орталыққа келген. Науқас адамды объективті қарау: 1970 жылы 25-шілдеде туылған. Туа біткен ақаулары жоқ. өсіп-дамуы жасы мен жынысына сәйкес. Қатарластарынан физикалық және ақыл-ой дамуынан қалыс қалмаған. 10 сыныптық мектеп бітірген. Тыныс алу жүйесі: Тынысы еркін мұрын арқылы. Кеуде сарайы цилиндр пішінді, симметриялы. Тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Тыныс жиілігі 18 рет минутына. Пальпация кезінде ауырсыну белгілері жоқ. Кеуде сарайының серпінділігі сақталған. Дауыс дірілі екі жақта бірдей, қалыпты. Патологиялық шулар сетілмейді. Перкуссияда барлық аймақта өкпе дыбысы. Перкуторлы анық өкпелік дыбыс.Аускультацияда барлық аймақта везикула тынысы. Жүрек – тамыр жүйесі:«каротид биі», оң мәнді вена пульсі анықталмайды. Пальпация: жүрек ұшы соққысы V қабырғааралықта бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке, диаметрі 2 см. Перкуссия: Шала тұйық дыбысының шектері -оң жақ жүрек шегі ІV-V қабырға аралығында төстің оң жағынан 1-2 см сыртқары орналасқан. -Сол жақ жүрек шегі V қабырға аралығында төстің сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2 см ішке қарай орналасқан. -Жүректің жоғарғы шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында ІІІ қабырға аралығында орналасқан. Нағыз тұйық дыбыс шектері -оң жақ шегі төстің сол жақ шетінде ІV-V қабырға аралығында орналасқан -сол жақ шегі жүректің сол жақ шегінен 0,5 см ішке орналасқан. -жоғарғы шегі сол жақ төс қасы сызығы бойында ІV қабырға аралығында орналасқан. Аускультация: жүрек тондары айқын, кеуде клеткасының сол жақ жартысында қатты естіледі. Пульс: пульсекі қолында бірдей, ырғақты. Пульсің жиілігі 70 мин. Екі жақта да a.dorsalis pedis-те пульсация әлсіреген. Ас қорыту жүйесі: жұту актісі сақталған, тілі таза, ақ жабындымен жабылған. Өңеш кез-келген тамақты еркін өткізеді. Нәжіске отыруы әр тамақ қабылдағннан кейін. Пальпация: іш қуысының беткей пальпациясы кезінде іші жұмсақ,іштің барлық аймақтарында ауырғандық байқалмайды. Бауыр қабырға доғасының шетінде. Курлов бойынша мөлшері 9*8*7 см, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс. Талақ анықталмайды. Несеп бөлу жүйесін тексеру: Белдеме аймағында ісіну, қызару анықталмайды. Пальпация: бүйрек, қуық анықталмайды. Пастернацкий симптомы бойынша ауырғандық екі жағында да анықталмайды. Перкуссия: бүйрек пен қуық анықталмайды. Зәр шығару еркін,қалыпты диурез. Эндокриндік жүйені тексеру: Қалқанша безі көзге көрінеді. Сипағанда: 3-дәрежеге дейін ұлғайған, жұмсақ, қозғалмалы, ауырсынусыз. Краус, Розенбах, Штельваг, Дельримиль, Мари симптомдары оң. Жүйке жүйесін тексеру: Себепсіз мазасызданады, көңілсіз, жылағыштық, жиі терлейді, аяқ-қолдардарында тремор байқалады, уайымшыл, ұйқының бұзылуы. Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып алғашқы диагнозды негіздеймін: III дәрежелі жайылмалы уытты жемсау. Ауыр дәрежесіндегі тиреотоксикоз. Тиреотоксикалық жүрек. Н2А. Емдеу жоспары: Тирозол 10мг. 1таблеткадан күніне 4рет Бисопродол 2,5 мг. таңертең. Дигоксин ½ таблетка * 2рет Депрес 20мг таңертең Милдронат 20%-5,0 көктамырға тамшылатып Гепадиф 300 мг + глюкоза 5%-200,0 к/т тамшылатып.
Зерттеу жоспары: 1. ЖҚА 2. ЖЗА 3. ЭКГ 4. ЭХО-КГ 5. Қандағы глюкоза 6. Билирубин, АЛТ, АСТ. Зерттеу нәтижелері: ЖҚА(24.08.11): ЭТЖ – 6мм/сағ. (2-15 мм/сағ); Гемоглабин: 112 г/л. (120-140г/л); Эритроцит: 5,0х1012/л (3,9-4,7); Лейкоцит: 5,6х109/л (4,0-9,0) Тромбоцит: 250х109/л (180,0-320,0); ЖЗА(24.08.11): түсі – сары; реакция – бейтарап; Меншікті салмағы – 1008 ақуыз – жоқ; Жалпақ эпителий – 18-19 к/а лейкоцит – 11-12 к/а БҚА(24.08.11):
ЭКГ: Р – 0,1 R-R интервалы – 0,6 с P-Q интервалы – 0,14 QRS кешені – 0,08 с QT систоласының ұзақтығы – 0,34 с Қорытынды: Синустық тахикардия. Қалыпты орналасу. Миокардтың дистрофиялық өзгерісі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|