ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тиреотоксикалық криздің профилактикасы1. Туындататын факторларды жою 2. Мерказолилмен және йод препараттарымен радиотерапия және струмэктомияның алдында қалқанша без қызметінің толық компенсациясы 3. Егер науқас бұрын дәріні қабылдап, жақында инфекциялық аурумен ауырса, бірақ эутиреоидтық жағдайға жетпеген болса, сондай-ақ гипокортицизм симптомы оң болған кезде - операция алды кезеңде глюкокортикоид тағайындау 4. Радиактивті йодты бөлшектеп қолдану: жиынтық дозаны 2-3рет қабылдау үшін бөлу.
5. Операцияалды кезеңде антигистаминдік заттарды, жүрек гликозидтерін тағайындау. 6. Операциядан соң кезеңде мұқият дәрігерлік бақылау. 7. Науқасты уытты жемсаудан емдегенге дейін қалқанша безден тыс операциялық қатысуды шектеу.
ЭПИКРИЗ Науқас Алихова Мариям Картанбаевна 1970ж. 23.08.11-11.09.11 күндері арасында М.Оспанов атындағы БҚММУ Медициналық орталығының терапия бөлімшесінде ем алды. Диагноз: III дәрежелі жайылмалы уытты жемсау. Ауыр дәрежесіндегі тиреотоксикоз. Тиреотоксикалық жүрек. Н2А. Түскен кездегі шағымдары: жүректің қатты соғуына, тершеңдік, ашушаңдық, дірілдеп-қалтырауға, жиі сұйық дәретке отыруға, жүдеу, ұйқының бұзылуына шағымданады. Қазіргі ауру тарихы: Науқас өзін 2 жылдан бері аурумын деп есептейді. Диагноз қойылғаннан кейін тиреостатиктер, β-блокаторлар, тыныштандыратын дәрілер тағайындалғанымен, науқас қаражат жетіспей ем қабылдамағандықтан, ауру тиреотоксикалық жүрекпен асқынған. Соңғы айда жағдайы нашарлап, ентігу мен аяғында ісіну пайда болған. Аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне жіберілген. Жағдайы нашарлаған соң емді қабылдау үшін жедел түрде осы орталыққа келген. Мүшелеп қарағанда: Қалқанша безі көзге көрінеді.Сипағанда 3-дәрежеге дейін ұлғайған, жұмсақ, қозғалмалы, ауырсынусыз. Краус, Розенбах, Штельваг, Дельримиль, Мари симптомдары оң. Себепсіз мазасызданады, көңілсіз, жылағыштық, жиі терлейді, аяқ-қолдардарында тремор байқалады, уайымшыл, ұйқының бұзылуы Тыныс алу жүйесі: Тынысы еркін мұрын арқылы. Кеуде сарайы цилиндр пішінді, симметриялы. Тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Тыныс жиілігі 18 рет минутына. Пальпация кезінде ауырсыну белгілері жоқ. Кеуде сарайының серпінділігі сақталған. Дауыс дірілі екі жақта бірдей, қалыпты. Патологиялық шулар сетілмейді. Перкуссияда барлық аймақта өкпе дыбысы. Перкуторлы анық өкпелік дыбыс.Аускультацияда барлық аймақта везикула тынысы. Жүрек – тамыр жүйесі:«каротид биі», оң мәнді вена пульсі анықталмайды. Пальпация: жүрек ұшы соққысы V қабырғааралықта бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке, диаметрі 2 см. Аускультация: жүрек тондары айқын, кеуде клеткасының сол жақ жартысында қатты естіледі. Пульс: пульсекі қолында бірдей, ырғақты. Пульсің жиілігі 70 мин. Екі жақта да a.dorsalis pedis-те пульсация әлсіреген. Ас қорыту жүйесі: жұту актісі сақталған, тілі таза, ақ жабындымен жабылған. Өңеш кез-келген тамақты еркін өткізеді. Нәжіске отыруы әр тамақ қабылдағннан кейін. Пальпация: іш қуысының беткей пальпациясы кезінде іші жұмсақ,іштің барлық аймақтарында ауырғандық байқалмайды. Бауыр қабырға доғасының шетінде. Курлов бойынша мөлшері 9*8*7 см, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс. Талақ анықталмайды. Несеп бөлу жүйесін тексеру: Белдеме аймағында ісіну, қызару анықталмайды. Пальпация: бүйрек, қуық анықталмайды. Пастернацкий симптомы бойынша ауырғандық екі жағында да анықталмайды. Перкуссия: бүйрек пен қуық анықталмайды. Зәр шығару еркін,қалыпты диурез. Зерттеу нәтижелері: ЖҚА: Эритроцит: 5,0х1012/л, Гемоглабин: 112 г/л. Лейкоцит: 5,6х109/л, ЭТЖ – 6мм/сағ. ЖЗА: өзгеріссіз ҚБА: Билирубин: жалпы-36,3, тура-18,6, Жалпы кальций-3,1, калий-5,5, натрий-147, АСТ - 3,7, АЛТ - 3,4. ЭКГ: Синустық тахикардия. Қалыпты орналасу. Миокардтың дистрофиялық өзгерісі. Осы уақыт ішінде мынадай ем қабылдады: Тирозол 10мг. 1таблеткадан күніне 4рет, Бисопродол 2,5 мг. таңертең, Дигоксин ½ таблетка * 2рет, Депрес 20мг таңертең, Милдронат 20%-5,0 көктамырға тамшылатып, Гепадиф 300 мг + глюкоза 5%-200,0 к/т тамшылатып. 11.09.11 күні қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|