Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЕжелгіРимніңқоғамдыққұрылысы.




Сервии Тулии реформалары. мəні мынада болды:

А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын

мүліктік жағдайына қарай бес топқа бөлінген, бұл бөлініс

плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған;

Ə) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды —

центуриаттық комициялар;

Б) плебейлер центуриаттық комициялардың құрамына енгі-

зілді, яғни, «рим халқының» бөлігіне айналды жəне қоғамдық

жердің бөлінісіне иеленетін болды;

В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге — трибаларға, ал

қала шеті — он жеті селолық трибаға бөлінді. Трибуттық

комициялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттағы қау-

лыларды шығару құқығына иеленді.

27.Рим Республикасы. Республика кезеңіндегі Рим

Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27

ж.ж.). Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: респуб-

ликаның қалыптасу жəне нығаю кезеңі (б.э.д.VI-IV ғ.) жəне

римдік құл иеленушілік мемлекеттің гүлдену жəне құлдырау

кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі

(б.э.д.III-I ғ.ғ.).

Қоғамдық құрылым. Өзінің таптық табиғаты бойынша

римдік қоғам мен мемлекет құлиеленушілік болған, алайда

құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дəрежеге жеткен

жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған.

Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен

плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши

түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси жəне азаматтық

құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим

республикасының құлауының негізгі себебі болған.

Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық

органдар — халық жиналыстары болған, олар центуриаттық,

трибуттық жəне куриаттық комициялар түрінде ұйымдасты-

рылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да

мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.

Центуриаттық комициялар халық жиналыстарының негізгі

түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы

магистрат — консулдардың, преторлар мен цензорлардың

сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды. Трибуттық

комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен пле-

бейлер үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары “популис-

цит” деп аталды) жəне арнайы плебейлік жиналыстар (олардың

қаулылары “плебисцит” деп аталды). Куриаттық комициялар

тек рулық құрылымының қолдағы ретінде ғана сақталады жəне

уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған

30 ликторлың жиналысымен ауыстырылды.

Сенат формальды түрде магистраттардың жанындағы

кеңесуші орган ретінде саналған, алайда өте үлкен маңызға ие

болған. Сенат халық жиналысы қабылданған заңдары бекітетін

жəне қаржыларды басқарған. Сенаттың шешімдері “сенатус—

консульт” деп аталған.

28.Рим империясы. Принципат. Доминат. Монархия кезеңіндегі Рим

Римдегі құлиеленушілік монархияның тарихын екі кезеңге

бөлуге болады: принципат жəне доминат.

Принципат кезеңінде əлі де республикалық мекемелер

қызмет етеді, алайда олар өздерінің бұрынғы мəнін жоғалтады.

Барлық магистратуралардың басына жаңа лауазымды тұлға

принцепс келеді. Бұл шексіз мерзімге (өмір бойына) сайланатын жоғарғы республикалық магистрат төтенше билікке ие болатын.

284 жылдан бастап Римде шексіз монархия — доминат ор нығады. Ескі республикалық органдар толығымен таратылады, император заңнан да жоғары тұратын шексіз монарх деп танылады, барлығы оның билігіне бағынушыларға айналады, императордың билігі құдайдың билігіне теңестіріледі. Империяны басқару негізгі екі ведомствоға негізделеді:

1) императордың жанындағы мемлекеттік кеңеске;

2) император тағайындайтын шенеуніктер басқаратын қаржылық ведомствоға.

29.Рим құқығы. ХІІ кестезаңы. кесте заңдары – рим құқығының ежелгіқайнар көзі. 3 ғасырдың соңында Грегориан

жəне Гармогениан кодекстері. Б.э.д 12 ғасырда

император Юстинианның тұсында рим

құқығының соңғы жүйеленуі жүзеге асты, ол

“Азаматтық құқық ережелері” (Корпус Юрис-

Ц) б

1 кезең. Рекс (патша) Жоғарғы топты патрицийлер

құрады, олардан кейін

плебейлер тұрды, бөлек топты

шетелдіктер (перегриндер)

құрады, төменгі топты құлдар

құрады.

2 кезең. Халық жиналыстары (центуриаттық,

трибуттық, куриаттық комициялар.)

30.Рим сенаты Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша

— Рекс тұрған. Ол əскер басы, жоғарғы абыз болған жəне

ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің

лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші

орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құрал-

ған. Сенат қоғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мə-

селелерді талқылаған, мұндай мəселелерге байланысты ше-

шімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат

патшаны сайлауға да əсер еткен. Аса маңызды органдардың

бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы

мүшелері — əскери қызметті орындай алатын ер адамдардан

құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе оларв

дан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде

патшаны да сайлаған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных