ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лы Карл кезіндегі империя мәдениетіЕртедегі орта ғасырлардағы Еуропа мәдениетінің дамуына IV ғасырда мемлекеттік дін деңгейіне көтерілген христиан діні елеулі үлес қосты. Жаңа дін сауатты қызметшілерге мұқтаж болды. Сол себепті монастырьлық мектептер көптеп ашылды. Халықтың сауатын ашып, білімін көтеруге Ұлы Карл қамқорлық жасап отырды. Ол өзінің білімі аз болса да, ұлан-ғайыр мемлекетті дұрыс басқару үшін сауатты адамдар керек екендігін жақсы түсінді. Император өз сарайына Италиядан Павел Диакон, Испаниядан гот Теодульф сияқты көрнекті оқымыстыларды жинады. Білім беру саласында, әсіресе ағылшын-сакс Алкуин көрнекті рөл атқарды. Ол тек оқыту ісін үйымдастырумен шектеліп қоймай, оқулықтар жазумен де айналысты. VI ғасырдағы ойшылдар Боэций мен Кассиодор антикалық мектептегі білімнің негізін құраған «жеті ерікті өнерді» тривиум (грамматика, тіл өнері, диалектика) және квадривиум (геометрия, арифметика, астрономия және музыка) деп екіге бөлді. Карлдың сарайында да мектеп болды. Ол мектепте императордың жан-жақтан жинаған окымыстылары сабақ берді. Сондай-ак сарайда Академия деп аталған үйірме құрылды. Аңыз кейіпкері Академнің атымен аталған бұл философиялық мектептің негізін б.з.б. IV ғасырда Платон қалаған еді. Оның мүшелері өлеңдер жазды, философиялық мәселелерді талқылады, ежелгі авторлар мен шіркеу басшыларының еңбектерін оқып үйренді. Ертедегі орта ғасырлардағы еуропалық мәдениеттің жетістіктері жинақталып, кітаптарға жазылды. Ол кітаптардың сапасын жақсартуға Ұлы Карл көп көңіл бөлді. Осы кезде кітаптардың сапасы да жақсара бастады. Кітаптар арнаулы өңделген бұзаудың немесе қойдың терісі - пергаментке жазылатын. Ұлы Карл тарихқа, тарихи шығармаларға зор мән берді. Оның сарайында аннал (латынша «жыл») деп аталған маңызды оқиғалардың шежірелік тізбегі жазылып отырды. V ғасырда Рим империясын жаулап алған варварлар ежелгі мәдениетті құлдыратып жіберген еді. Ұлы Карл ол мәдениетті, әсіресе ежелгі Рим мәдениетін қалпына келтіруге, одан әрі жетілдіріп, дамытуға үлес қосты. Сондықтан да Карл мен оның мұрагерлері билік жүргізген кезең тарихта «Каролингтердің қайта өрлеуі» деп аталып кетті. Верден шарты ВЕРДЕН ШАРТЫ — Франктер мемлекетінің үшке бөлінуі жөніндегі келісім. 843 ж. император Ұлы Карлдың үш немересі (Лотарь, Людовик, Карл) Верден (Verdun) қ-нда империяны бөлісу жөнінде өзара шарт жасасты. Лотарь өзіне император атағын сақтай отырып, Италияға және Рейн мен Рона өзендеріне дейінгі жерлерге ие болды. Людовик Рейннің шығыс жағалауындағы жерлерге билік жүргізіп, Шығыс Франк корольдігін құрды. Карл Рейн өз-нің батыс жағына қожалық етіп, Батыс Франк корольдігінің негізін қалады. Франктер империясының В. ш. бойынша бөлінуі Батыс Еуропадағы 3 ірі халықтың (француз, неміс, итальян) табиғи шекараларына сәйкес келгендіктен, қазіргі Германия, Франция, Италия мемлекеттерінің негізі қаланды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|