Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ортағасырлық Француз құқығы.




Құқықтың негізгі сипаттары. Феодолизм таратылғанға дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың аумақтық əрекет ету қағидасы орын алған болатын, яғни, халық өзі өмір сүретін аумақтақалыптасқан құқықтың нормаларға бағынатын. Феодалдық — ыдырау кезеңінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет — ғұрып нормалары — кутюмдер табылды. Сословиелік — өкілдік монархия кезеңінде кутюмдердің бір інші жинағы — «Қасиетті Людовиктің Мекемелері» пайда болды, мунда Париждің, Орлеанның, Турдың, Анжудың жəне Мэнның кутюмдері жинақталды. Шексіз монархия кезеңінде əдет —ғұрып жинақтары мен бірже құқықтың қайнар көздеріне патша билігінің актілері жататын болды, олар: жарлықтар, эдиктілер, ордонанстар. Францияның оңтүстігінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды. Францияның феодалдық құқығының негізгі институты болып жерге меншік құқығы табылды. Ірі жер иелену аллод, бенефиций нысанында болды. XI ғ. Бенефецийлер мұрагерліктің объектісіне айналды, X ғ. Ал феод деп. атала бастады.

Міндеттемелік құқықта кең таралған шарттар мыналар болды: сату — сатыпалу, зайым шарты, сыйға тарту шарты, жерді жалға алу шарты.

Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нормаларымен, сонымен қатар котюмдермен жəне патша ордонанстарымен реттелді. Некеге тұру шарттары ретінде белгілі бір жасқа толу, екіжақтың келісімі, сонымен қатар, ата — аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге асырылады: заң бойынша (əкенің мүлкі мұрагерлерге əке туыстары бойынша берілсе, ананың мүлкі мұрагерлерге ананың туыстарына беріледі) жəне өсиет бойынша мұрагерлік.

Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлық жиынтығын үш санатқа бөлуге болады: 1) дінге қарсы қылмыстар; 2) мемлекетке қарсы қылмыстар 3) жеке тұлғаларға қарсы қылмыстар. Жазалар келесі топтарға жинақталды: а) ауыр жазалар; ə) мүшелерге зақым келтіруші жазалар; б) түрмеде қамау жəне мерзімдік айдау жұмыстары; в) ар-ұятқа нұқсан келтіруші жазалар жəне айыппұл.

Қылмыстық процесс екі кезең гебөлінді: біріншісі — қылмыскерді құпия түрде іздеу жəне хат тамамен рəсімделетін, оны анықтауға байланысты қажетті тергеу жұмыстарын жүргізу; екіншісі — жариялы жəне ашық сот өндірісі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных