ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Норман жаулап алулары. Генрих ІІ реформалары.1066 жылы норманд герцогы Вильгелм үлкен əскерімен аралға келіп, ағылшын-саксондық əскерді жеңдіде, Англияны жаулап алды.Ол өзін барлық жерлердің жоғарғы иесі ретінде жариялап, барлық еркін жер иеленушілерден өзіне адалдық антын білдіруге талап етеді, бұл оларды патшаның тікелей вассалдарына айналдырды. Қоғамдық құрылым. Феодалдық шаруашылықтың негізі болып феодалдардың жер иеліктерінің жиынтығын білдіретін манор табылды. Негізгі антагоникалық таптар —феодалдар мен басыбайлы шаруалар болды. Ол кезде барлығы сексенге жуық қалалар болған, бұларда саудагерлер мен қолөнершілердің топтары қалыптаса бастады. Мемлекеттік құрылым. Нормандтық жаулаудан кейін Англияда қуатты патша билігі бар орталықтанған мемлекет қалыптасты.Жоғарғызаңшығарубилігін патша патшакуриясымен бірлесе отырып жүзеге асырды. Патшакуриясы мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы,жоғарғы сот органы жəне Мемлекеттегі қаржыларды басқарушы орган сипатында болды. Патшакуриясынан мемлекеттің тек қаржысын ғана басқаратын орган — шахмат тақтасы палатасы бөлініп шықты. Бұлорган жоғарғы есеп палатасы жəне қаржылық мекеменің шенеуніктері жасаған қылмыстар туралы істер бойынша сот органы болып табылды. Бұл кезеңде мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлғалар болып мыналар табылды: маршал —əскерқолбасшысы; камерарий — патшаның жер иеліктері мен мүлкіне басқаруды жүзеге асырды; канцлер — мемлекеттік канцелярияның жетекшісі жəне юстициарий —патшаның бірінші көмекшісі. Жергілікті басқару. Нормандтық жаулаудан кейін Англияны бұрынғыша графтықтарға, жүздіктерге жəне қауымдастықтарға бөлу сақталып қалды. Графтықтың басында бұрынғыша олдермен қалды, алайда шынайы билік шерифке өтті, ол графтықтың аумағында жоғарғы қаржылық, сот, əскери жəне полициялық би лікті иеленді. Сот. Сот жүйесін өзгертудің бастамамасын ІІГенрихтың ассиздері (нормативтікактілері) жүзеге асырды, олар 6 округке институт құруды көздеді. Əрбір округ үшін 3 судьядан тағайындалды. Бұл судьяларға, сот функцияларынан басқа, жергілікт іжерлердегі шенеуніктердің қызметін жəне салықтар Жинауды бақылау міндеті жүктелді. 1176 жылғы Нортгемптон ассизінде 12 рыцарьдан жəне басқа да толық құқылы азаматтардан халық сотын құру көзделді. Жүріп-тұрушысудьялар институтын құрғаннан кейін патша куриясында сот істерін қарастыруүшінерекшебөлім — патша орындығы соты құрылды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|