ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Англияда конституциялық монархияның бекуі. 1679 және 1689 ж. Актілер.1658ж Кромвель қайтыс болған соң билік оның ұлы Ричардка өтті. Оның қоғамда беделі жоқ болатын. 1659ж Ұзақ парламенттің «қалдығы» таққа өлтірілген патшаның ұлы - ІІ Карлды (1630-1685) отырғызды. Алайда, Карл сөз бергеніне қарамастан ескі тәртіпті орната бастады. Бұл жылдары Англияда 2 саяси партия пайда болды: торри – патшаны жақтаушыларды біріктірді, виги – патшаға оппозициялық қатынастағы буржуазия мен орта дворяндарды біріктірді. 1679ж вигилар парламентта көпшілік дауысқа ие болуының нәтижесінде «Хабеас Корпус акт» немесе «Азаматтардың бостандығын жақсы қамтамасыз ету және теңіздің ар жағында қамауға алудың алдын алу актісін» қабылдады. Бұл заңға сәйкес, қамауға алынған адам өзі немесе туыстары арқылы «Хабеас Корпусты» туралы бұйрық беру талабымен Англияның жоғарғы соттарының біріне жолдану құқығын иеленді. Бұл бұйрыққа сәйкес, қамауға алған тұлға оны сотқа әкелуге тиіс болатын және, мүмкін болса, ол үшін ақшалай құн төленсе, оны босатуға тиіс болатын. «Хабеас Корпусты» ІІ Карл бекітті, слайда ол вигилердің ІІ Яковтың таққа отыруына қарсы болмауын шарт етіп қойды. Жаңа патша ІІ Яков (1633-1701) буржуазияға қарсы саясатты жүргізді, сөйтіп, парламент вигилармен біріге отырып (парламенттің құрамында негізінен торила болатын), «революцияны» жүзеге асырды. 1689ж таққа Нидерланды штатгальтері Вильгельм Оранский (1650-1702) отырды. Осы кезден баста Англияда конституциялық монархия түбімен орнады. Бұл тақ төңкерісін ағылшындар «даңқты революция» деп атаған. Жаңа патша таққа отырған соң «Құқықтар туралы Биллі» бекітті. Осы құжат Англияның Конституциясы болып саналды. Оның негізгі мәні парламенттің заңнама саласындағы үстемдігін бекітуде болды. Алайда, патшада парламенттің заң жобаларына абсолюттік вето құқығы сақталып қалды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|