ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Франциядағы абсолюттік монархия (ХУІ-ХУІІІ ғғ.). Ришелье реформалары.Ришелье Арман Жан дю Плесси (5.9.1585 — 4.12.1642) француз саяси әрі діни қайраткері, кардинал. Ақсүйек тұқымынан шыққан Ришелье 9 жасында билеуші әулеттердің балаларын дайындайтын ерекше артықшылығы бар Навар колледжіне түсіп, 1600 жылы маркиз титулын алады. Онда латын, италия, испан тілдерін, теология, философия, өнер түрлерін, проза, өлең жазуды үйренді. Плюмвинел әскери академиясында соғыс өнерін үйренген ол 1607 жылы Сорбоннада теология мамандығы бойынша докт. дисс. қорғап шықты. 1616 жылы әскери және сыртқы істер мемл. хатшысы, король кеңесінің мүшесі, королева Мария Медичидің жеке кеңесшісі болып тағайындалды. Ришелье Францияда ең алғаш ақсүйектер арасында жиі кездесетін дуэльді жою мен мемл. қазынаның қаражатын жұмсауды қысқарту, шенеуніктердің жемқорлығына шек қоюға тырысты. Людовик ІІІ тұсында кардинал (1622), корольдің бірінші министрі (1624), герцог-пэр (1631) лауазымдарына тағайындалды. Ришелье абсолютизмді нығайту саясатын жүргізіп, халық көтерілістерін басып жаныштады. Король билігіне қарсы ірі ақсүйектер тарапынан болатын сепаратистік топтармен ашық күрес жүргізді. Сыртқы саясатта Ришелье Еуропаны билеген габсбуртер әулетіне қарсы күресіп, Ресей, Түркия, Иранмен сыртқы сауданы дамытты. Солтүстік Америкада, Мұхиттық аралдар мен Африкада отарлық саясат жүргізді. 1631 жылы Францияда тұңғыш газет (“La Gazette”) шығарды. 1635 жылы Франция академиясын құрып, басшылыққа өзі тағайындалды. Ол академия Францияның ұлттық мәдени орт-на айналды. Сорбонна ун-ті қалпына келтірілді, жанынан жаңа шіркеу салынды. Кейін өз өсиеті бойынша осы шіркеуде Р-нің денесі қойылды. 1640 жылы корольдің алғашқы типографиясын ашты. Ришелье жазған “Үлкен пастораль”, “Мирам”, “Еуропа” пьесалары Париж театрында қойылып, жақсы бағаланды. Ришельенің Францияда ең бай кітапхана саналатын жеке кітаптары, өнер коллекциялары Сорбоннаға мұраға қалдырылған. Ришелье Францияда алғаш әскери флот құрады. 1635 жылы Париж әскери мектебін құрып, онда 14 — 15 жас аралығындағы француз ұлтының кедей дворян отбасынан шыққан балалары қабылданды. Ришелье заманы — Франция мәдениеті мен философиясында “алтын ғасырдың” басталған кезеңі. Ришельенің Сорбоннадағы мазарын Напалеон ІІІ 1866 жылы жөндеуден өткізіп, мазар басына “Францияның ең ұлы адамы” деген сөздерді жаздырған. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|