ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Франциядағы сениоральдық монархия (ІХ-ХІІІ ғғ.). Людовик ІХ реформалары.Қоғамдық құрылым. Өндірістің негізгі құралы жер үстемдік құрушы таптың монополиялық меншігіне айналады. Шаруалардың тұрақты пайдалануында, ал кейбір жағдайларда иелігінде қожайын жерінің аздаған учаскелерінің — порцеллолар ғана болды. Феодалдық-тəуелді шаруалардың негізгі тобы болып серволар (өз қожайынына жеке жəне мұрагерлік тəуелділікте болған, сол үшін бірқатар міндеттерді атқарған жəне салықтар мен төлемдер төленген) мен виллондар (жеке бас бостандығы бар, өз парцеллосын басқа тұлғаға сата алған, сеньорлық міндеттерден босатылған) табылған. Мемлекеттік құрылым. Мемлекеттің басында патша тұрған, оның билігі сайланбалы болған (патшаны оның вассалдары мен шіркеудің жоғарғы иерархтары сайлаған). Мемлекеттегі жағдайға əсер ететін жалғыз жалпы мемлекеттік орган ретінде патша куриясы (Ұлы кеңес) қызмет еткен, ол патшаның вассалдары мен шіркеудің жоғарғы иерархтарынан құралған. Ұлы кеңес съезд нысанында жұмыс істеген, ол патшаның төрағалық етуме нжиналып отырған. Бұл кезеңде басқарудың арнайы органдары болған жоқ. Лауазымды тұлғалар министериалар —болып патш асарайының шаруашылығын басқаратын сарайды басқарушылар табылды. Патшаның иеліктері домен деп аталды. Бүкіл домен округтарға —превотаждарға бөлінді, олардың басында преволартұрды. Орталықтағы министериалдар мен жергілікті жерлердегі преворлар патша тағайындайтын жəне олар патшаның өкімдерін бұлжытпай орындайтын. Сот. Əрбір еркін адамның «теңдік соты» арқылы соттасуға құқығы болатын, нақты бір адамның соттылығы оның қоғамдағы əлеуметтік жағдайына қарай анықталатын. Жоғарғы сот болып Патша куриясы табылатын. Жергілікті жерлерде сенвориалдық юстиция үстемдік құрған, ал жоғарғы рангілі Сенворлар үлкен сот билігін — «жоғарғы юстицияны» иеленген, бұл өнім жазасы мен жазаланатын қылмыстарды тергеуді білдіретін. Екінші кезеңнің (сословиелік — өкілдік монархияның) бастапқы кезінде патша билігі күшейе түсті, ол мынадан көрініс тапты: патша билігін сайлау жойылды; «менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» қағидасы жойылады, барлық рангідегі вассалдар адалдық антын тікелей патшаға беретін болды; Людовик IX — ның реформалары жүргізілді, олардың мəні мынада болды: сот реформасы — патша доменінде жеке соғысқа тыйым салынды, дауларды шешу үшін екіжақ тек патша сотына жолдануға міндетті болды; жергілікт іжерлерде «патшаның 40 күні» енгізілді, бұл кезде феодалдарға жеке соғысты бастауға тыйым салынған; Патша куриясынан ерекше сот патшасы — Париж парламенті бөлініп шықты, ол жоғарғы аппеляциялық инстанция болып табылады; қарж ыреформасы — негізгі есептесу бірлігі ретінде патшаның алтын тиыны енгізілді; Патша куриясынан қаржылық басқарудың жоғарғы органы ретінде есеп палатасы бөлініп шықты. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|