ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ЕртефеодалдықмонархияАумақтың көршілес халықтардың (славяндардың) кеңеюі нəтижесінде Еуропаның орталығында құрамына барлық германдық герцогтықтар, полабтық славяндармен Солтүстік Италияның күштеп қосылған жерлері кірген империя пайда болды, ол ХІІІ ғасырда «герман халқының қасиетті Рим империясы» атауын иеленді. Бұл əр түрлі халықтарды — немістерді, славяндарды — императордың билігіне күштеп біріктірген мемлекет болды, слайда əлсіз болғандықтан, мұнда саяси дербес княздықтар мен жекелеген неміс қала — республикалары қалыптасты. Қоғамдық құрылым. Бұл кезеңде халықтың негізгі бөлігін феодалдар құрады, олар үстемдік құрушы топ пен рыцарьлардан тұрды (бұлардың екеуіне де ортақ белгі болып сюзереннен алынған ленді иелену мен сюзереннің əскеріне қызмет ету міндеті табылды). Халықтың екінші бөлігі шаруалардан тұрды, олар бірнеше санаттарға бөлінді: еркіншаруалар — өз жерлерінің иесі; чиншевиктер — бөтен жерді пайдаланушылар жəне сол үшін алым-чинхи төлеушілер; басыбайлы шаруалар менхалоптар; қалалықтар —саудагерлер мен қолөнершілер, жеке бостандық пен менш ікті иеленген. Мемлекеттік құрылым. Германиядағы мемлекеттік құрылымның өзіндік ерекшеліктері болған: а) патшалар (императорлар) сайланбалы болатын; ə) жергілікті феодалдардың, əсіресе, князьдардың билігі ерекше мəнге ие болғаны соншалық, олар дербес мемлекет басшыларына айналды. Формальды түрде герман патшасының билігі ауқымды болса, іс жүзінде ол діни жəне ақсүйек феодалдардың артықшылықтарының нəтижесінде шектелетін болды, сөйтіп феодал дар орталық биліктен экономикалық жəне саяси тəуелсіз болды. Хғ. Басқарудың сарайлық — вотчиналық жүйесі бекітілді. Жергілікті жерлердегі патша шенеуніктері — граф тар мұрагерлік ленниктерге айналды, олар өз иеліктерінің басқару аппаратын қалыптастырды, сөйтіп орталық органдар жергілікті жерлердегі басқаруға ара ласа алмайтын болды. Əскер. Бұл кезеңде Германияның қарулы күштері рыцарьлардан — императордың вассалдарынан құралды. Феодалдардың əскери қызметі 6 аптамен жəне белгілі бір аумақпен шектелді. Қажет болған жағдайда патша қолына шаруалар шақырылатын. Сот. Императорлардың сот билігі шектелген болатын. Жоғарғы юрисдикція ақсүйек жəне діни феодалдардың қолында жинақталды; сословиелік соттар пайда болып, өзімен тең тұлғалар мен соттасу қағидасы бекітіледі. Шаруаларға қатысты сот билі гін феодал дар жүзеге асыратын болды. 42.Германиядағы территориялық бытыраңқылық және герман княздық Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|