Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Химиялық эксперименттің функциясы




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мектеп химия экспериментін жүргізу әдістемесі»

«5В011200 – Химия» мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

 

 

Семей

 

 

Мазмұны

 

  Глоссарий  
  Дәрістер  
  Практикалық сабақтар  
  Студенттердің өздік жұмыстары  

 

 


 

ГЛОССАРИЙ

Дәрістердің қысқаша мазмұны

№1,2 дәріс. Химияны оқыту үрдісіндегі химиялық эксперимент.

Жоспар:

Дәрістердің қысқаша мазмұны

1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы..
2. Химиялық эксперимент түрлері.

1. Химиялық эксперимент таным көзі және тәрбиелеу құралы.
Химияны оқытудағы маңызды рөлді-оқу процесінің құрамдас бөлігі химиялық эсперимент алады.

Химиялық эксперименттің негізгі қасиеті әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп,практикалық түрде меңгерілуі керектігінде.

Тану- нақты денелерді,құбылыстард,процесс,фактілерді сезіну мен қабылдаудан басталып, меңгерілу мен абстрактілуге өтеді.

Химиялық түсінік- бұл қабылдау негізінде қалыптасатын,химиялық құбылыстар мен процестердің белгілері жайындағы сәйкес біліктілік. Олардың анализі оның қасиетін тануда мүмкіндік беріп,осының негізінде химиялық заңдылықтар орнатылады.

Химиялық эксперимент-химияға қызығушылықты арттырып,өзін-өзгілікті қалыптастырады,яғни экспериментті орындау процесі кезінде оқушылар жұмыстың практикалық біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай,өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады.

Түрлі химиялық эксперименттерді пайдалана отырып,мұғалім теориялық білімді нақтылап,практикалық біліммен байланыстыруға үйретеді.Химиялық эксперимент оқушыларға фактілерге негізделіп,теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тәжірибе арқылы дәлелдеп көз жеткізеді.

Химиялық эксперимент оқушылардың ойлануын,біліктілігін арттырады,оны алынған нәтиженің дұрыстылық критерийі ретінде қарастыруға болады.Эксперимент жиі жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді,онсыз продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді.Ойлауды дамытуда экспериментпен,практикамен біріге отырып, маңызды ролді теория алады.

Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай,сондай-ақ кейін де өздік ізденістерінде қолдана алады.

Химиялық эксперимент бірнеше кезеңдерде жүргізіледі:

- тәжірибені қоюды түсіндіру

- жоспарлау мен жүргізу

- алынған нәтижелерді бағалау.

Эксперимент алдын-ала білімге сүйеніп жүргізіледі. Тәжірибені теоричлық меңгеру оның қолданылуына әсер етеді. Қабылдау-мақсаттылыққа, белсенділікке апарады.

Экспериментті жүргізу гипотезамен байланысты. Жұмысқа оқушыларды араластыру олардвың ойлау қабілетін арттырып,жаңа білім игеруге септігін тигізеді. Химиялық жксперимент проблемалық жағдайдың тууына да, оның шешілуіне де жағдай жасайды.Сәйкесінше,эксперимент оқушылардың білімін арттыруға септігін тигізеді,ал оқытушы оқушылардың ойлау процесін қадағалап отыруға мүмкіншілік алады.

Химия бағдарламасы химиялық экспериментті кең көлемде пайдалануды ұсынады-демонстрация,зертханалық тәжірибелер,практикалық сабақтар және эксперименттк есептер.

- Химиялық эксперимент-түрлі дидактикалық функцияларды түрлі формада,түрлі оқыту әдістерімен сәйкестендіріп орындай алады.

- Химиялық эксперимент оқушылардың өзін-өзділігін біртіндеп дамытатын принципке негізделген жүйеден тұрады:демонстрациялық құбылыстардан,фронтальді зертханалық тәжірибелерді оқытушы басқару мен жүргізу,практикалық тапсырмаларды орындаудағы өздік жұмыс және эксперименттік есептер шығару қарастырылған.

- Демонстрациялық экспериментті жүргізу оқушылардың түрлі химиялық құбылыстармен,олардың арасындағы өзара байланыстылық- пен,заңдылықпен,құрылғы мен қондырғылармен жұмыс істеу принциптерімен,жүріп жатқан процестермен терең танысуларына мүмкіндік береді.

- Демонстрациялық эксперимент әртүрлі мақсаттарда жүргізіледі,

мысалы,қандай да бір теориялық жағдайды меңгерудегі бастапқы этап ретінде көрсетілуі мүмкін (электролиттік диссоциация сатысының жағдайға тәуелділігі),мұғалім «диссициация дәрежесі ерітіндінің концентрициясына тәуелді ма?» деген сұраққа жауап сұрайды. Осылайша концентрлі және сұйылтылған сірке қышқылының электр өткізгіштігіне демонстрациялық тәжірибе жүргізіледі. Тәжірибе нәтижелерін салыстыра отырып,оқушылар электролиттік диссоциация дәрежесі ерітіндінің концентрациясына тәуелді екенініне және ерітінді сұйылтылған сайын диссоциация дәрежесі жоғарылайтынын байқайды. Демонстрациялық эксперимент мұғалім айтқан теориялық жағдайдың дұрыстығын дәлелдейді.

Мысалы,кейбір тұздарды жаққанда ұшкыш қышқыл бөлінетіндігіне дәлел ретінде, мұғалім нитраттардан азот қышқылын алып,оның спецификалық қасиеттерін көрсетеді,немесе металдардың химиялық қасиеті жайлы айта отырып,металдардың бейметалмен және сумен әрекеттесуін көрсетеді.

Сонымен қосa мұғалім эксперименттің мақсатын дұрыс қоя білуі керек. Түсіндіру арқылы алынған нәтижелерді анализдеп,теория мен тәжірибелік нәтижелердің өзара байланыстылығын көрсету қажет.

Зертханалық тәжірибелер мен сарамандық жұмыстарды жүргізе отырып,оқушылар химиялық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеп,олардың нақтылығына көз жеткізеді,осылайша олардың біліктіліктері артады. Кейбір тәжірибелерді жүргізу кезінде шығармашылық бағыттары оянады-білімді жаңа бағытта шыңдау.

Бұл химияның әрбір бөлігінен алынған білімнің қайталанылуына, бекітілуіне,тереңдетілуіне,кеңейтіліп,жүйеленуіне себебін тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларда реагенттер мен құрылғыларды қолдана білудегі біліктіліктіліктері мен дағдылары қалыптасады. Осының бәрі оқушылардың политехникалық дайындықтары мен теориялық білімдерін арттырады.

Эксперименталды тапсырмаларды орындай отырып,оқушылар өздерінің біліктілігі мен дағдыларын жаңғыртып,теориялық білімдерін нақты тапсырмаларды шешуде қолдана білуге дағдыланады.

Сондай-ақ,оқушыларға үй тапсырмасы ретінде де тәжірибелік жұмыстар беруге болады. Үй тапсырмасына берілген тәжірибелер мен бақылаулар қарапайым эксперименттерден тұрады,мұғалім тарапынан қадағалауды талап етпейді. Мұндай тапсырмаларды орындау біліктілік пен алынған білімді өз бетінше жаңғыртуға уйренуге дағдыландырады.

Бақылау- біліктілікті арттыру әдісі ретінде химиялық экспериментті жүргізуде кең қолданылады. Оқушылардың шығармашылығы мақсатқа бағытталып,тапсырманы нақты қоя білуде,оны орындай білуде белсенділігін арттырады. Мысалы,гер оқушылар мыс (//) сульфатының электролизін бақылайтын болса онда маңыздысы-тұз түсінің өзгеруі,электродта қызыл дақтың,ауа көпіршіктерінің пайда болуын бақылайды. Эксперимент нәтижелерін оқушылар теориялық ақпаратпен салыстырып, оның дұрыстығына көз жеткізеді.

Тәжірибелік бақылауда,сондай-ақ эксперименттік тапсырмаларды орындауда барлық анализаторлар функцирленеді. Осылайша,оқушылар түс,иіс,дәм,тығыздық,зерттеліп жатқан заттың тағы да басқа қасиеттерін анықтап, олардың табиғатын тани алады.

Нақты сұрақты бекітуде эксперимент - сабақтың маңызды бөлігі болуы керек. Оқушылар эксперимент не үшін қойылатынын,қандай теориялық жағдайды дэлелдейтінін,қандай сұраққа жауап беретінін білуі керек. Мысалы,металдардың химиялық қасиетін түсіндіре отырып,мұғалім «Барлық дерлік металдар сумен әрекеттесе бере ме?» деген сұрақты қояды. Мұғалім орындаған демонстрациялық тәжірибеден кейін,оқушылар өздігінен қорытынды шығарады:кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдар сумен әрекеттеседі.

Эксперимент нәтижелерін анализдеу-тәжірибе барысында қойылған сұраққа жауап алу,себептер мен жағдайларды нақтылау үшін өте маңызды. Сонымен қоса,дұрыс ұйымдастырылған эксперимент дисциплинаның сақталуына тәрбиелейді,шығармашылық инициативтің дамып,жеке меншіктерге ұқыптылықпен қарауға тәрбиелейді.

Зертханадығы жұмыс жағдайы, ондағы ұқыптылық та оқушылырға тәрбиелік жағынан әсет етіп,дисциплинаның сақталуына септігін тигізеді. Зертханада үнемі тазалық сақталуы керек; құрылғылар мен реактивтердің сақталу жүиесі қатаң түрде орындалуы керек; қатты заттар – топ бойынша, ерітінділер – қосылыстардың негізгі класы және ктион, анион бойынша; органикалық заттар- қосылыстар класы немесе фунционалдық топ бойынша арнайы химиялық шкафтарда сақталуы қажет. Шкафтарда ыдыстар мен құрылғылар орын орнымен орналасуы керек.

Орындалатын эксперименттік жұмысқа алдын ала жүйелі түрде теориялық дайындық оқушыларда қызығушылықты оятады,яғна олар сабақ кезінде белсенділік танытады. Жұмыстың барысын дұрыс түсіну,сондай-ақ орындалған жұмыстың дәптерге дұрыс, талап бойынша толтырылуы да оқушылардың тәжірибелік біліктіліктерінің дұрыс қалыптасуына себеп болады.

Оқушылырда өздеріне деген сенімділікті арттырып, қиыншылықты жеңу үшін жұмыстың дұрыс орындалып,күтілген натижелерді алуларына жағдай жасау қажет.

Сондай-ақ, дифференциалдық көмек көрсетудің де мыңызы зор: әрқайсысының жұмысын бақылау, қалай жоспарлап, қалай жұмыс жасап жатқандарын, экспериментті жүргізу техникасын мен біліктіліктерін қалай пайдаланып жатқандарын, құбылыстарды түсінулерін, қорытындылауларын бақылап, толықтырып отыру қажет. Әр оқушы материалды өздігінен, құбылыстарды теориялық білімдерімен ұштастыра отырып, соған сәйкс қорытынды жасай білуге дағдыландыру керек. Сонымен қоса, тәжірибе орындау кезінде рективтер мен құралдарды қолдану тәртібін жетік меңгерулері қажет.

Әсіресе жұмыстың орындалу орындалу техникасына көп мән берілуі тиіс: қалай заттарды еріту керек, ерінділерді қандай ыдыстарда қыздыру керек, индикатор ерітінділерді қосу, тағы да басқа жағдайларға мән берілуі тиіс.

Көрнекі жерге техникалық қауіпсіздік ережесі ілулі болу керек, және әр бәр оқушы онымен таныс болулары және сол тплптарды сақтулары тиіс. Бұл бағыт ұйымдастырушылық пен тәтіпке үйретеді. Химия сабағында экспериментті жүйелі түрде өткізіп отыру фактілерді бақылауға, теориялық білім көмегімен оларды түсіндіре білуге, эксперименттік біліктілік пен дағдыларын арттыруға, жұмысты жоспарлай білуге, өз бетінше жұмыс істеуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық іскерлігін арттыруға үлес қосады.

Химиялық эксперименттің функциясы

Химиялық эксперимент әр түрлі функция атқарады.

Химиялық эксперименттің эвристикалық функциясы а)деректерді; б) ұғымдарды және в) заңдылықтарды тағайындаудан көрінеді.

а) мысал ретінде газ тәрізді сутегінің мыс(II) оксидімен әрекеттесуін келтіруге болады.Мүндай тәжірибе арқылы оқушылар сутектің белгілі бір жағдайда металл оксидтерімен әрееттесіп, оларды жай зат металдарға дейін тотықсыздандыратынын тағайындайды.

б) Химиялық эксперимент ұғымдарды қалыптастыруда үлкен мүмкіндік жасайды. Мысалы «Оттегі» тақырыбын оқып үйрену кезінде мұғалім асқын тотықтың ыдырауы арқылы оттегінің алу әдісін көрсетеді. Ал, марганец тотығын пробиркаға енгізу арқылы асқын тотықтың тез ыдырауын көрсету арқылы, оқушыларға катализатор ұғымын бере алады.

в) «Химиялық реакциялардың жүру заңдылығы тәжіприбесі арқылы реакция жылдамдығына әрекеттесетін заттар концентрациясын, жанасу ауданының әсерінт.б факторлардың әсер ету заңдылығын тағайындауға мүмкіндік туады.

Химиялық эксперименттің түзетуші функциясы теорияялық материалды игерудегі қиыншылықты және оқушылардың қателігін түзете алу кезінде көрінеді. Оқушылар көбінесе мыс сым күкірт қышықылы,тұз қышқылдарымен әрекеттескенде сутегін бөледі деп есептейді, оны тәжірибе жасау арқылы бұл түсініктің қателігіне көз жеткіземіз.

Химиялық эксперименттің қортындылаушы функциясы әр түрлі эмпирикалық қортындылардан алғышарт жасай отырып, жалпы қортынды жасауға мүмкіндік жасайды.Мысалы әр түрлі класстағы заттардың электролиттерге жататынын айтуға болады.

Химиялық эксперименттің зерттеушілік функциясы мәселелік оқыту кезінде байқалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных